Қазақстандағы психология ғылымы

Жан (психика) құбылыстары туралы әр кезде өмір сүрген қазақ ойшылдары да сонау ерте кезден бастап-ақ аз айтқан. Асанқайғы, Шалкиіз, Мұхаммед Хайдар Дулати, Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы, Ақтамберді, Бұхар, Шал, Дулат, Махамбет, т.б. ақын-жыраулар мен ғұлама-ойшылдардың шығармаларында көшпенді ата-бабаларымыздың жан дүниесі әр қырынан сөз болғаны байқалады. Қазақ топырағындағы жан мәселелері жайлы ХХ ғасырдың басында өндірте жазған адамның бірі – Жүсіпбек Аймауытұлы (1829-1931). Жүсіпбектің тәлім-тәрбиетақырыбында жазған еңбектерінің ішінде «Психология» деп аталатын көлемді еңбек айрықша атауға тұрарлық. Өйткені бұл – бүкіл кеңестік түркі тектес халықтар тіліндегі сол кездегі бірден-бір төл туынды.

Қазіргі кезде біздің республикада өзекті психологиялық мәселелерді анықтауға деген қажеттілік, қызығушылық өсу үстінде. Ғылыми зерттеулер шыға бастады, психологиялық білімдерді насихаттау кеңейе түсті, бірнеше ғылыми-теоретикалық конференциялар өтті (1990, 1994, 1996, 1998 жж.) монографиялар, оқу пособиялары, оқулықтар басылымдары шыға бастады. Әдістемелік  өңдеулер биографиялық көрсеткіштер терминологиялық сөздіктер пайда болды. «Ұлттық білім беру мен тәрбиелеу» атты Алматы облыстық ассоциациясына кірісті психологтардың іс-әрекеттері белсенді болу да.

Қазақстандағы психология ғылымының мәселелерінің бірі осы үлкен аймақтың экологиялық, демографиялық,  этнопсихологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, осы білімнің теоретикалық, методологиялық негіздірен құру. Себебі Батыста жүргізілген психологиялық зерттеулердің негіздеріне сүйенген әдістер теріс нәтижеге әкелуі мүмкін. Психология саласындағы басты бағыттардың бірі біздің ойымызша этикалық жеке адамның құрылуы мен дамуының жолдарын зерттеу, психиканың туғаннан кәрі шаққа дейінгі дамуының жоғарғы рухани адамгершілік жүйесіне тәрбиеленуінің, Қазақстандық патриотизм сезімінің құрылу механизмдерінің заңдылықтарын ашу. [1; 305 бет] (Қ. Жарықбаев; О.Саңғылбаев)

Республикадағы психология ғылымы, әсіресе, соғыстан кейінгі жылдарда елеулі қарқынмен дами бастады. Оған да бірнеше сәтті жағдайлар себеп болды. Мәселен, 1946 жылы КазПИ-де республика бойынша тұңғыш психология кафедрасы құрылды. 1946 жылғы БК(б)П Орталық Комитетінің орта мектептерде логика мен психологияны оқыту жөніндегі қаулысына сәйкес Қазақ университетінде логика және психология мұғалімдерін даярлайтын бөлім ашылды. 1951-1953 жылдар арасыңда осы бөлімді жүзге жуық адам бітіріп шықгы. Бұлардың көпшілігі психологиядан мамандық алып, республиканың жоғары және орта арнаулы оқу орындарында мұғалімдік қызметке жолдама алды. 50-ші жылдары республика үшін психолог кадрларын даярлауда профессор Т.Тәжібаевпен бірге соғыс жылдары Саратовтан Алматыға келген профессор И.Л.Стычинский (1896-1969) зор үлес қосты. 1919 жылы сондағы университеттің медицина факулътетін бітірген ол жүйке аурулары кафедрасының әуелі ординаторы, кейіннен доценті қызметін атқарады. 1921-26 жж. халық ағарту институтында, университетте психологиядан сабақ береді. 1931 жылдан Саратов медициналық институтының кафедра меңгерушісі, ал 1935 жылдан профессоры. 1944-1949 жж. Алматыдағы «Ана мен баланы қорғау» ғылыми-зерттеу институтының директоры, 1947-1969 жж. Абай атындағы Қазақ пединститутының профессоры, психология кафедрасының меңгерушісі, 1958-62 жж. Қазақстан психологтар қоғамының төрағасы болды. Ол көптеген жеке еңбектер мен мақалалардың авторы. Олардың кейбірі: «Бөбектердің психологиясын зерттеу»(Саратов, 1921), «Психика және жүйке саласын зерттеу» (Саратов, 1925), «Сөйлеу кемістігін топтастыру туралы» (Харьков, 1939), «Ойлау мен сөйлеу» (Халық мұғалімі, 1951, N4), «Педагогикалық психологияның бүгінгі таңдағы міндеттері» (Қазақстан мектебі, 1967, N3), т.б.

Төлеген Тәжібаев (1910-1964)

Кеңес өкіметі жылдарында қазақ психология ғылымының дамуына Ж.Аймауытовтан кейінгі елеулі үлес қоскан ғұлама ғалым, белгілі мемлекет қайраткері және дипломат болған Төлеген Тәжібаев Шымкент педтехникумын үздік бітіргеннен кейін (Т.Тәжібаевтың осы техникумның сол кездегі директоры Ж.Аймауытовтан педагогика мен психологиядан дәріс алғаны архив құжаттары арқылы белгілі болып отыр — Қ.Ж.), көп ұзамай Мәскеудегі Н.К.Крупская атындағы тәрбие академиясына жолдама алып, оны 1935 жылы бітіріп шығады. Сол жылы ; психология кафедрасына аспирантураға қалдырылады. Осы жылдары ол әлемдік психологтардың еңбектерімен тыңғылықты танысады. Солардың бірі – Л.С.Выготскийдің (1896-1934) психологиялық мұрасына арналған көлемі 80 беттік қолжазба. Ол 1938 жылы «К.Д.Ушинский – Ресейдегі педагогиканың негізін қалаушы» деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғаған соң, кешікпей Алматыға келіп, Абай атыңдағы Қазақ педагогикалық институтында, Қазақ университетінде психологиядан қазақ тілінде дәріс береді, психология кафедрасын басқарады. Ол бірнеше монография мен жүзден аса ғылыми мақалалардың авторы. Бұл еңбектеріңде психология мен педагогиканың теориясы мен тарихы, ұлттық мінез бен этнопсихология, халықтық педагогика, мораль, этика мәселелері сан қырынан сөз болды.

Т.Тәжібаевтың ғылыми ізденістері негізінен екі бағыттың төңірегінде, атап айтқанда, ұлт тілінде психологиядан оқу құралдарын құрастыру мен халқымыздың педагогикалық және психологиялық ой-пікірлерінің даму, қалыптасу жолын зерттеу ісіне бағышталды.

Төл тіліміздегі ғылыми психология Ұлы Отан соғысынан бұрынғы жылдардың өзінде-ақ өркен жая бастаған еді, деп жоғарыда айттық, өйткені 1938 жылдардан бастап «Халық мүғалімі» журналының беттеріңде Тәжібаевтың осы ғылым төңірегінде жазған біраз мақалалары жарық көрді. Ғылыми жағынан мазмұны терең осынау дәрістер мен мақалалар студенттер мен мұғалімдердің психология саласында тиянақгы да жүйелі білім алуына кезінде біраз көмегін тигізді. Осы еңбектерінде Т.Тәжібаев бұрын әр жерде шашырап, белгілі жүйеге түспей жүрген ұлттық психологиялық терминдерді саралап, бұл ғылымның төл тілімізде тамыр жая түсуіне жағдай жасады. Т.Тәжібаевтың «Жалпы психология» деген атпен «Қазақуниверситеті» баспасынан жарық көрген еңбегіңде (1992) психология ғылымының теориялық негіздері баяндалады. Бұл 1940, 1946жылдары жарық көрген проф. С.Л.Рубинштейннің «Основы общей психологии» (1990 жылы орыс тілінде 2 том болып басылып шықты. — Қ.Ж.) атты кітабын ғылыми принциптерімен астарлас дүниежүзілік классикалық психологияны іргелі теориялық қағидаларынан мол мағлұмат беретін, Ж.Аймауытов кітаптарынан кейінгі кесек психологиялық еңбек. Мұнда осы ғылымның екі жарым мың жылдық тарихына қатысты біраз мәселелер бар, оның негізгі бағыттары мен ағымдары жайлы келелі сөз қозғалады. Мәселен, осы айтылған жәйт «Психология ғылымының пәні» атты бөлімде баяндалса, кітаптың қалған тарауларында «Жеке адам» (кісі, тұлға), оның іс-әрекетінің түрлері, бұлардың өзіндік психологиялық астарлары, сондай-ақ адамның басты-басты жан қуаттары: түйсіну мен қабылдау, елестету мен ес, зейін мен дағды, ойлау мен сөйлеу, қиял мен сезім, ерік-жігер, т.б.  [2; 101-110 беттер]  (Намазбаева Ж. И)

Соңғы 50 жыл ішінде көптеген ғылыми еңбектер, оқулықтар мен оқу құралдары жарық көрді. Солардың қатарына М. Мұқановтың «Ақыл-ой өрісі», Қ. Жарықбаевтың «Қазақ психологиясының тарихы», Т. Жүкештің «Ұлттық психологияның сипаты»тағы басқа толып жатқан еңбектерді жатқызуға болады.

Сонымен қатар нарықтық қатынасқа, коммерциялық саудаға өту жағдайындағы жеке адамның психологиялық жаңа құрылымдарының қалыптасу механизмдерін, экономикалық реформалардың аспектілерін зерттеу маңызды болып табылады.

Қазіргі психологиялық зерттеулердің кешенді тақырыптары қолға алынып, оларды ұлт өміріне орайластыра жүргізудің маңызы артып отыр. Осы тұрғыдан келгенде, ауыл-село мектептерінің әлеуметтік психологиялық мәселелері, мал шаруашылығына қажетті мамандардың, сондай-ақ, жаңа типтегілицей, гимназия, колледж, медресе шәкірттерін оқытып, тәрбиелеудің психологиялық проблемалары, талантты, дарынды оқушылардың өзіндік психологиясын, қостілдік пен көптілдіктің психологиялық астарларын зерттеу, нарық экономикасына көшуге байланысты туындайтын сан алуан психологиялық жайттар алдағы жерде өз шешімін күтіп тұрған өміршең ғылыми мәселелер болып табылады. Ортағасырлық қазақ ғалымы Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының (1388-1488) жан туралы пайымдаулары ерекше назар аудартады. Оның басты еңбегі «Шипагерлік баянда» көптеген психологиялық ұғымдар (түйсік, ойлау, сөйлеу, қиял, дағды, т.б.) туралы қызықты мағлұматтар бар. [3; 120 бет ] (Жарықбаев Қ.Б)

Әдебиттер:

  1. Психология. Энциклопедиялық сөздік. Бас авторлары: Қ. Жарықбаев; О.Саңғылбаев – Алматы 2011, 305 бет.
  2. Намазбаева Ж. И. Психология. Алматы, 2005, 101-110 беттер.
  3. Жан тану оқулығы/ Жарықбаев Қ.Б./ 2008.120 бет.
You May Also Like

Пародонт ауруымен ауыратын балаларды емдеуде физитерапиялық әдістерді қолдану

Жоспары І Кіріспе ІІ Негізі бөлім 1.Физиотерапиялық әдістердің түрлері. 2.Физиотерапиялық әдістердің сипаттамасы.…

Ілияс Жансүгіров атама арнау

Отбасылық өмірге жастардың даярлығы

Қоғамдық жаңғыру кезеңінде, Қазақстандағы әлеуметтік, саяси, экономикалық қатынастардың сипатының өзгеруі өз кезегінде…

SQL операторларын қолданбалы бағдарламаларға кірістіру

SQL операторларын қолданбалы бағдарламаларға кірістіру SQL тілін қолданбалы бағдарламаларда пайдалану мүмкіндіктері. SQL…