Күнделікті сабақ жоспары

  6-сынып  Пәні:Физикалық география Күні—————

Сабақ тақырыбы:     §45. Жер беті суларын қорғау

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Оқушылардың білімін  жан-жақты  дамыту. Білімін жетілдіру, Судың бүкіл жер бетінде өтіп жататын барлық  құбылыстарда атқаратын қызметі ерекше және адамзат тіршілігінднгі мәні өте зор екендігін. «Сулы жер-нулы жер» дейді- халық мақалы. Су туралы мұндай қанатты сөздер, мақал-мәтелдер барлық халықтар тілінде бар екендігін түсіндіру.

Дамытушылығы: Оқушылардың жан-жақты ойлау қабілетін және іскерлігін, белгілі бір іс-әрекетке дағдысын, тәртібін жақсарту.

Тәрбиелілігі:  Адамгершілік  тәрбиесіне тәрбиелеу,оқушыларды  тәртіпке шақыру.

Сабақтың түрі: Түсіндіру,әңгімелесу.

Көрнекі құралдар:Карт, Интерактивтік тақта арқылы материалдар көрсетіледі.

Жаңа сабақты меңгерту кезеңі.

Оқушыларға бірнеше сұрақтар беріп жаңа сабаққа зейіндерін аудару.

1.Адам баласы мұхиттар мен теңіздерді ертеден шаруашылыққа қалай пайдаланған?

2.Қай мұхит ертеден игерілген ?

3.Қандай теңіз зерттеушілерді,саяхатшыларды білесіндер т.б.?

Оқушылардың жауаптарын тыңдай отырып толқтыру суға байланысты мақал-мателдермен,тақпақ-өлендермен жаңа сабақты бастауға болады.Мысалы:Су бар жерде тіршілік бар,Өзен жағалағанның өзегі талмайды т.б.

Судың бүкіл жер бетінде өтіп жататын барлық  құбылыстарда атқаратын қызметі ерекше және адамзат тіршілігінднгі мәні өте зор. «Сулы жер-нулы жер» дейді – халық мақалы. Су туралы мұндай қанатты сөздер, мақал-мәтелдер барлық халықтар тілінде бар. Олар әр тілде әр түрлі айтылғанымен, бәрінің мағынасы «сусыз тіршілік жоқ» деген ұғымға саяды.

Таза тұщы суды үнемдеп пайдалану керек. Өздерің күніне неше литр су жұмсайтындардың есептеп көріңдер. Оның қаншалықты мөлшері босқа жұмсалады? Үйлеріңдегі  кранның дұрыс  жабылмауы салдарынан қаншасы текке ағып кетеді.

Сонымен, балалар өз мұқтаждарына суды тиімді пайдалану үшін ерте кезден-ақ каналдар салған.

К а н а л дегеніміз- жасанды өзен.

        Адамның қолымен жасалған арнаға өзеннемесе көл суы жіберіледі. Канал арқылы бір өзен мен екінші  өзен жүйесі жалғасып, қолайлы су жолдары пайда болады, сумен жабдықтау жақсарады. Осы айтылғанға Ертіс- Қарағанды каналы  мысал бола алады. Оның ұзындығы 500 км, ені 40 м, ал тереңдігі 5-7 м.

Көптеген өзендер бір маусымда арнасынан шығып тасыса, келесі маусымда тайыздап қалады. Өзен суын реттеп, түрлі макқсаттарға пайдалану үшін адамдар қолдан бөген жасайды.

   Бөген  дегеніміз- жасанды су қоймалары. Мысалы, Ертістегі,Бұқтырма, Сырдариядағы Шардара, Іледегі Қапшағай бөгені (84-сурет). Бөгендер халықты, өнеркәсіп орындарын, ауыл шаруашылығын сумен қамтамасыз етеді. Бөгенге жиналған су СЭС- тердің турбиналарын айналдырады. Су жол қатынасы үшін де бөгеннің маңызы үлкен.

        Жер бетіндегі суды ысыраппен пайдалану ауыр зардаптарға әкеп соқтырады. Мысалы, Әмудария мен Сырдария өзендерінің суын шаруашылық мақсаттарға ұқыпсыздықпен пайдалану салдары Арал теңізінің таралуына соқтырды.

Ұқыпсыз  пайдалану барысында таза су құрамында зиянды, тіпті улы заттар кездесетін лас суға айналады. Осы су өзендерге, көлдерге, теңіздерге, мұхиттарға қосылып, оларды ластайды. Соның салдарынан Жер бетінде таза көлдер мен өзендердің саны барған сайын азая түседі.

Адамдардың кәсіптік әрекетінің және тұрмысқа пайдалануының әсерінен су құрамының және қасиеттерінің өзгеріске ұшырауын, яғни су көзінің пайдалануға жарамсыз болып қалуын судың ластану  деп атайды.

Өзендер мен көлдерді ластанудан сақтау үшін не істеу керек? Ластанған суды өзендер мен көлдерге ағызбастан бұрын жақсылап тазарту қажет.

Үй –жайдан және өндірістен шыққан сарқынды сулардың толық тазалануын қамтамасыз ету керек. Ол үшін арнаулы орындарда суды сүзеді, тұндырады және басқа да әдістермен тазалайды.

Суды тыңайтқыш, пестицидтермен ластанудан қорғау үшін тыңайтқышты әрбір өсімдіктің (дақылдың) қажетіне қарай қосу мөлшерін сақтаған дұрыс. Пестицидтерді тек зиянкестермен күшті залалданған жағдайда ғана қолдану қажет. Оларды жаппай шашу тәсілдерінің орнына ошақтық, шектеулі шашу тәсілдерін қолданған тиімді.

Сондай-ақ су көздерін сарқылу мен ластанудан сақтауда ағаш отырғызу жұмыстарының  алатын орны ерекше.

Республикалық «Су заңында» әрбір өзен немесе көл жағалауында су қорғау белдемдерінің болуы керек екендігі айтылған. Бұл аймақта шаруашылық қызметі қатаң тежеледі. Яғни мал шаруашылық кешендерін салуға, қара малдың жазғы жайылымына пайдалануға, өнеркәсіп қалдықтарын сақтауға, қоқыстарды тастауға тыйым салынған. Сонымен қатар тыңайтқыштар мен улы химикаттарды сақтайтын қоймалар, көлік тұратын орындар салуға, жанармай құюға, автокөліктерді жууға және жөндеуге, т.б. жұмыстарға рұқсат етілмейді.

Ауыл шаруашылығы –ең ірі су жұмсайтын жүйе, олар жұмсаған судың төрттен үш бөлігі су көздеріне қайтып оралмай, мүлде жоғалады. Екінші орында өнеркәсіп пен энергетика, үшінші орында қалалардың тұрмыстық шаруашылықтары тұр.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының География инситуты Нұра, Ертіс өзендерінде судың құрамын зерттеген. Содан олардағы сынап, қорғасын, мырыш секілді қатерлі ауыр металдар мөлшері қаалыптан ондаған есе асып түсетіні белгілі болды.

Сондықтан бұл өңірлерде неше түрлі аурулар көбейіп кетті.

Жерорта теңізі- дүние жүзіндегі ең лас теңіз. Адриат теңізінің экологиялық  жағдайы барған сайын қиындай түсуде. Себебі; Италияның өндіріс қалдықтарының  65% -ы және құбырлардан шыққан қалдық судың тең жартысы Адриат теңізіне құйылады. Осының салдарынан Венецияда ұсталған балықтардың көбінде қалыпты мөлшерден артық сынап бар екендігі анықталған. Сондықтан денсаулық сақтау орындары оларды адамдардың пайдалануына тыйым салған.

Бекіту сұрақтары:

1.Мұхит және теңіз қатнас жолдарының маңызы

2.Мұхит қорларына не жатады?

3.Мұхитты зерттеу жұмыстары?

4.Мұхит суының ластануына қарай қандай жұмыс-тар жүргізілуді?т.б.

Үй  тапсырмасы. §45. Жер беті суларын қорғау          

 

You May Also Like

Жеке бас гигиенасы, ашық сабақ

Жұмсарту және ұқалау, сабақ жоспары

Сабақтың тақырыбы: Жұмсарту және ұқалау. Үгудің ең күрделі тәсілі – илеу немесе…

Ч әрпінің емлесі, сабақ жоспары

Қазақстандағы көрікті жерлер Шымбұлақ, сабақ жоспары