5 қыркүйек- Қазақстан халықтарының тілдері күніне арналған

«Тілім менің тірлігімнің айғағы» атты топаралық сайыс

Тақырыбы:  «Тілім менің тірлігімнің айғағы»

Мақсаты: Студенттердің  пәнеге деген кызығушылығын, белсенділігін арттыру

Көрнекілігі: Интербелсенді тақта, таратпа материалдар, слайд

Кіріспе сөз: Сәлеметсіздер ме құрметті оқытушылар мен студенттер! ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы №689 «Қазақстан Республикасында мереке күндер тізбесін бекіту туралы» қаулысына сәйкес, 5 қыркүйек, яғни Ахмет Байтұрсынұлының туған күні – Қазақстан халқы тілдері күні болып бекітілді.

Тіл мерекесінің 5 қыркүйек болып белгіленуінің де өзіндік себебі бар.

Бұл күн – «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы – тіл» деп ұлағатты сөз қалдырған, қазақ халқының тағдыры, тілі үшін күрескен Алаш арысы, Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні.

Енді барша қазақстандықтар қазақ әліпбиінің негізін салған ғалымның туған күнінде Тіл мерекесін тойлайтын болады. Қазақтың әдебиет зерттеуші ғалымы, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлы 1872 жылы 5 қыркүйекте қазіргі Қостанай облысы, Жангелді ауданы, Сарытүбек ауылында дүниеге келген болатын .

«…Өзге оқыған мырзалар шен іздеп жүргенде, қорлыққа шыдап, құлдыққа көніп, ұйқы басқан қалың қазақтың ұлт намысын жыртып, ұлттық арын жоқтаған патша заманында жалғыз-ақ Ахмет еді» деп Сәкен Сейфуллин баға берген қазақтың асыл ұлы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні Тіл мерекесімен қоса тойланатыны қалың қазақ үшін өте қуанышты жағдай болмақ.

2-жүргізуші: Ел тәуелсіздігінің ең басты белгісі – оның ана тілі екені бәріне белгілі. Тіл – халықтың сан ғасырлық тарихы. Ана тілі жоқ ел мемлекет болып өмір сүруі мүмкін емес. Әлемдегі кез келген халық тәуелсіздікке ұлттық қадір-қасиетін, мәдениетін, ана тілін сақтап қалу үшін ұмтылады. Сондықтан, әрбір мемлекет өзінің ана тілін әрқашан да қастерлеп, қорғап жүреді. Ал ана тілін қорғау дегеніміз – өз ана тілінде таза сөйлеу.

Жылда колледже  тілдер мерекесін атап,іс-шаралар  өткізіп отырмыз.  Бүгінгі өткізгелі отырған «Тілім менің тірлігімнің айғағы» атты топаралық сайысымызға қош келдіңіздер!

Hello, boys and girls and dear teachers! We are glad to see you on this game. We hope all of you will enjoy our game and also we`ll see who will be the winner.

Ендеше, студенттер қазір барлығымыз тұрып түрлі-түсті қағаздар арқылы екі топқа бөлінеміз. ( қағаздар дайындау)

Қызыл түс Бірінші топ — «Eagle», көк түс екінші топ — «Space».

1жүргізуші: Қолына қалам алатын,

Әділ баға беретін

Еңбекті әділ бағаларын

Әділқазы ағалар.

Әділқазылармен таныстыру:

  1. Директордың тәрбие жұмыстары жөнінлегі орынбасары Аринов Қуаныш
  2. Колледж әдіскері Шиянбина Айнұр
  3. Орыс тілі және әдебиеті пәнінің оқытушысы Туктиева Шынар

2-жүргізуші:

Бүгінгі сайысымыз 6 кезеңнен тұрады
1 кезең  Таныстыру

2 кезең «Полиглот»

3 кезең «Кім жылдам»

4 кезең «Жеті жұрттың тілін біл…»

5 кезең «Қызықты ұйқастар»

6 кезең: «Сөзжасам»

7 кезең: «Жыр парағы»

Let`s begin our game.

1-жүргізуші: Таныстыру кезеңі. (Әрқайсысына 5 ұпайдан)

Екінші кезең «Полиглот» деп аталады: Қазір әр топқа конверт беріледі, оның ішінде қиылған бөлек сөздерді құрастырып, қазақ тілі, ағылшын және орыс тілдерінде баламасын айту керек.

1-топ

Жалау –флаг-

Күн – солнце-

Елтаңба – герб-

Халық – народ –

2-топ

Тәуелсіз – независимый

Намыс- честь-

Отан – Родина –

Атамекен – земля предков –

2-жүргізуші:

3-кезең «Кім жылдам», Оқушының  бірі жаңылтпашты тез айтып шығады, басқалар оны тез, дұрыс айтып шығады.

1.Ұшқыш жақсы ма?

Үш құс жақсы ма?

Ұшқыш та жақсы,

Үш құс та жақсы.

2.Ақ тайлақ ақ па?

Қара тайлақ ақ па?

  1. Ғарышкер ұшты ғарышқа.

Ғарышқа ұшты ғарышкер.

Айтшы, ғарыш алыс па?

  1. На дворе трава, на траве дрова

Не руби дрова на траве двора.

  1. Карл у Клары украл кораллы,

Клара у Карла украла кларнет.

  1. У четырех черепашек четыре черепашонка.

1-жүргізуші:

4-кезең «Жеті жұрттың тілін біл…»   (Әрқайсысына 5 ұпайдан) мақал-мәтелдерде жетіспейтін сөзді тауып, үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде) айтып беру керек.

1-топ

  1. Жақсы …. , жарым ырыс (сөз, слово, word)
  2. Жоқтық жомарттың ….. (қолын, рука, hand) байлайды.
  3. Еңбектің ….тәтті, жалқаудың жаны тәтті (нан, хлеб, bread )
  4. …… рет өлшеп, бір рет кес (жеті, семь, seven)
  5. Жылтырағанның бәрі ………. емес (алтын, золото, gold)
  6. Өз ……… – кең сарайдай боз үйім (үйім, дом, һome)
  7. …….. істі ертеңге қалдырма (бүгінгі, сегодня, today)
  8. Алып …… туады, ат биеден туады (анадан, мать, mother)
  9. Кто … не ценит, сам себя не ценит ( сөз, слово, word)
  10. Куй железо, пока —- (горячо, ыстық, hot)
  11. So many countries, so many … (customs, дәстүр, обычай)
  12. East or West … is best. (home, үй, дом)

 

2- топ

  1. Бала … бал. (тіл, язык, language)
  2. Көз қорқақ, … батыр. (қол, рука, hand)
  3. Судың да … бар. (сұрау, просить, ask)
  4. Ел іші … бесік. (алтын, золото, gold)
  5. Батыр туса ел ырысы,… жауса жер ырысы.(жаңбыр, дождь, rain)
  6. Оқу білім азығы, білім … қазығы. (өмір, жизнь, life)
  7. In what month is Kazakh New Year celebrated?

( Nauryz, наурыз, март)

  1. Better late than … (never, ешқашан, никогда)
  2. Ел жаусыз болмас, жер ____ болмас.   (тау, гора, mountain)
  3. Сам погибай, а товарища —-( help out,выручай, көмектес.)
  4. Век живи-век—(учись,оқы, learn)
  5. —- раз отмерь-один раз отрежь. (семь,жеті, seven)

2-жүргізуші:

Келесі 5 –кезең: «Қызықты ұйқастар» Әр топ жылдамдықпен сөздердің ұйқасын тауып айту керек.  (10 ұпай)

1 – топ

  1. Жизнь-өмір, уголь-…..(көмір)
  2. Число-сан, кровь- …(қан)
  3. Молоко –сүт,жди-…(күт)
  4. Челевек –адам, шаг-…(қадам)
  5. Таможня-кеден, пол-…(еден)

2-топ

  1. Возьми-ал, мед-…(бал)
  2. Рыба-балық, народ-…(халық)
  3. Дверь-есік, колыбель-…(бесік)
  4. Город- қала,ребенок -… (бала)
  5. Игра –ойын, шея-… (мойын)

2жүргізуші:

6-кезең: Сөзжасам деп аталады. Бұл сайыста 2 топка ағылшын әліппесіндегі әріптер беріледі, сол әріптерден ағылшынша сөз құраулары керек. A-B-E-D-R-O-F-T-R  (Әр құраған сөзге 5  ұпайдан)

1-жүргізуші:

7-кезең: «Жыр парағы» деп атап, өлеңді мәнерлеп оқып жарысайық.

Әр оқушы тіл туралы бір өлеңнен мәнерлеп жатқа оқиды.

3.Туған тілім-бабам тілі-өз тілім,

Туған тілім-анам тілі-өз тілім.

Туған тілім-далам тілі-өз тілім

Туған тілім-адам тілі-өз тілім.

Туған тілде сыры терең жаным бар,

Туған тілде әнім менен сәнім бар.

Туған тілім тіл болудан қалса егер

Жүрегімді суырып-ақ алыңдар.

1-жүргізуші: 

Сайысымызды аяқтауға уақыт келді. Әділқазылар алқасына сөз береміз. Қазір біз кім жеңімпаз екенін білеміз.

Сайыс жеңімпаз тобы анықталып, марапатталады.

Сайыс қорытындысы шыққанша көрермендерге логикалық сұрақтар қоямын.

  1. Екі бала шахматты екі сағат ойнады. Олардың әрқайсысы неше сағат ойлады?

Жауабы: екі сағат

  1. Допты лақтырғанда, доп сол ізімен кері қайту үшін оны қалай лақтыру керек?

Жауабы: жоғары

  1. Поштада 5 әртүрлі конверт және 4 әртүрлі марка сатылады. Неше тәсілмен 1 конверт пен 1 марка сатып алуға болады? Шешімі: 5*4=20
  2. Термометр аяз болғасын – үш градус көрсетіп тұр. Осындай екі термометр неше градус көрсетеді?

Жауабы: үш

  1. Бөлмедегі әр бұрышта бір мысықтан және оған қарама-қарсы үш мысықтан отырса, бөлмеде неше мысық бар?

Жауабы: 4 мысық

  1. Үстел үстінде үш стакан шие тұр. Марат бір стакан шиені жеп қойды. Неше стакан қалды?

Жауабы: үш стакан

  1. Жүгіру жарысынан Арман, Марат, Талғат үш орынды алды, егер: Марат екінші орын алмаса, ал Талғат –үшінші орын алмаса, кім қандай орын алды?

Жауабы: 1-Марат, 2-Арман, 3-Талғат

  1. Екі бала шахматты екі сағат ойнады. Олардың әрқайсысы неше сағат ойлады?

Жауабы: екі сағат

  1. Допты лақтырғанда, доп сол ізімен кері қайту үшін оны қалай лақтыру керек?

Жауабы: жоғары

  1. Қараңғы бөлмеде майшам мен керосин лампасы бар. Бірінші не жағасыз?

Жауабы: шырпы

Қорытынды сөз:

«Тіл – ата – баба аманаты. Ғасырдан ғасырға, ұрпақтан ұрпаққа ұласқан, бабадан балаға жалғасқан ұлы мұралардың ұлысы алдымен әр ұлттың тілі ғой. Ендеше ата – баба мұрасын жалғастыру, оның мәртебесін көтеру – мына баршамыздың міндетіміз, парызымыз.
О, адамдар, қадіріне жетіңдер!
Ана тілің – анаң. Сыйлап өтіңдер!
Туған тілін танымаған көрсоққыр,
Болып өтер ертең мәңгі өкінер.
«Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту – бүкіл ата – бабамыздың тарихын ұмыту»,- деген Бауыржан Момышұлы атамыз.
Ана тілін құрметтеп, сүйе білейік. Бүгінгі ұрпақ ана тіліне жетік, білімді, мәдениетті болуы шарт. Осымен бүгінгі «Тілім менің тірлігімнің айғағы» атты топаралық сайысымыз аяқталды. Белсенді қатысқандарын үшін көп рахмет. Сау болыңыздар!

You May Also Like

Мен және табиғат. Ү дыбысы мен әрпі. сабақ жоспары

Туған күн, сабақ жоспары

Тәуелсіздік – ел тағылымы, тәрбие сағаты

Мәтін түрлері және құрылымдық бөліктері, сабақ жоспары