Ұйымдастырылған оқу қызметі 

Топ: Ересек топ

Нұсқаушы: Нурикеева Айман Айдарқызы

Білім беру саласы:Денсаулық.

Бөлімі: Денешынықтыру.

Тақырыбы:Тігінен тұрған нысанаға лақтыру

Мақсаты:1.Тігінен тұрған нысанаға оң және сол қолмен лақтыруды жетілдіру.

  1. Негізгі қасиеттерді -шапшаңдық, ептілікті дамыту.
  2. Гимнастикалық орындықтың үстімен еңбектеуге қайталау.
Іс – әрекет

кезендері

Нұсқаушының іс – әрекеті
Мотивациялық –

қозғаушылық

1. Бір қатармен тізбекке тұру.

2. Алаңды айналып жүру.

3. Аяқты қиюластыра жүру (сол аяқты оң аяқты сол аяқтың алдына қою), әрбір қадам жасаған сайын алға қарай иілу.

4. Қолдарды екі жаққа созып, тізені жоғары көтеріп және қолды төмен ұстап жүру.

Ұйымдастыру -іздестіру 1. Заттарсыз орындалатын  ЖДЖ.

1. Б.қ. – н.т., қолды төмен түсіріп тұру.1- қолды жан -жаққа созу, жоғары көтеру, қолға қарау, демді ішке тарту; 2- б.қ., демді шығару. (4 рет)

2. Б.қ. – аяқты иық деңгейіне қойып, қолды желкеде ұстау. 1 – қолды жоғары көтеру, жоғары созылу, демді ішке тарту. 2 – б.қ. демді шығару. (4-5 рет)

3. «Бұрылып қара» жаттығуы. Б.қ. – малдас құрып, бір -біріне теріс қарап отыру, қолды иыққа қою. 1 -2 – оңға бұрылып қарап: «Көріп тұрмын», -дейді. 3 -4- б.қ. 1 -2 – солға бұрылып  қарап: «Көріп тұрмын», -дейді. 3 -4- б.қ. (4 рет)

4. Б.қ. – аяқты иық деңгейіне қойып, қол артта арқа тұсында. 1-2 -алға қарай еңкею, тізені бүкпей, қолды алға созу, басты тура ұстау. (4 рет)

5. Б. қ. – аяқты сәл алшақ қойып, қолды төмен түсіріп тұру. Секіру: аяқты алшақ, қолды жан- жаққа созу. 4 рет секіру, жүрумен алмастыру.

Тыныс алу жаттығуы.

 

2.Акробатикалық жаттығулар: еденде отырып, бастапқы қалпынан алға қарай домалауды түсіндіру және іс жүзінде көрсету. Педагог балаларға домалауға көмектеседі.

3. Үлкен допты лақтырып ойнау.

Балаларды арақашықтықтары 3 адымнан шеңбер бойына тұрғызады. Бір -біріне допты қалай лақтырып, қалай қағып алуды түсіндіреді, көрсетеді.

4. Бір орында тұрып биіктікке секіру.

5. «Жапалақ» қимыл -қозғалыс ойыны. Шарты: алаңның бір шетіне «жапалақтың ұясы» белгіленеді. Балалардың бірі сол кезде «жапалақ» ұясынан ұшып шығып, қозғалып қойған «шегірткені» немесе «көбелекті» ұясына алып кетеді. Балалардың бірі шегіртке, бір кішкентай құс болып залда еркін жүгіріп, секіріп жүреді. «Түн» деген белгі бойынша ойыншылар бір орындарында қатып қалады.

Рефлексивті

Түзетушілік

Дабылдың соғылуына қарай 4 адым аяқтың ұшымен, 4 адым өкшемен, 4 адым табанның сырты және 4 адым табанның ішімен жүру.

 

You May Also Like

Түбір мен қосымша, сабақ жоспары

Артемида ғибадатханасы, сабақ жоспары

Қиялдың бір бөлшегі – қазақ ертегілері, сабақ жоспары (Әртүрлі жанрдағы мәтіндерді талдау)

Зат есім, сабақ жоспары слайд