Пән: Қаржылық есеп
Күні:
Уақыты:
Пән оқытушысы:
Сабақтың тақырыбы: Үстеме шығындар,олардың құрамы мен сипаттамасы және олардың негізгі өндіріс шығындарды тарату тәсілдері мен есебі
Дәріс: Үстеме шығындар,олардың құрамы мен сипаттамасы және олардың негізгі өндіріс шығындарды тарату тәсілдері мен есебі
Жоспары:
- Үстеме шығындар олардың құрамы мен сипаттамасы
- Үстеме шығындарды есепке алу және таратуды жетілдірудің жолдары
- Өндірістік үстеме шығындардың құрамы
Қазіргі таңда үстеме шығындар деп аталатын шығын түрі сауда қатынастары қалыптасу мерзімінен бері қалыптасып келеді. XV ғ. бастап үстеме шығыстар бойынша жинақталған тәжірибиені жүйелендіру жолдары пайда бола бастады. Лука Пачоли ең алғаш болып айналым шығыстарын жіктеп, шығындарды жай және төтенше деп бөлді. Сонымен қатар, сол жылдары италияндық математик бұл шығын түрлерін сатылатын тауар құнына енгізуге болмайтынын түсініп, бұл шығындар үшін арнайы тауар шығыстары деп аталатын шот ашу керектігін ұсынған болатын.
Үстеме шығындарға өндіріске қызмет көрсетумен және негізгі және көмекші цехтардың жұмыстарын ұйымдастырумен байланысты шығыстар жатады. Оларды тікелей дайын өнімдердің (жұмыс, қызмет) түрлеріне (бірлігіне), өндірістік процеске, сату көлеміне сатып алатын топқа жатқызуға болмайды. Басқаша айтқанда, үстеме шығындар өндірісті басқарумен және қызмет көрсетумен байланысты шығындар. Олар: цехтарды басқару аппараты жұмысшыларына есептелген еңбекақы; негізгі материалдардың тозуы және материалдық емес активтердің амортизациясы; үйлерді, ғимараттарды және жалпы өндірістік бағыттағы инвентарларды ұстау және жөндеу шығындары; өндірістік сипаттағы ойлап табушылыққа, зерттеуге, тәжірибе жасауға кеткен шығындар, еңбек қорғау бойынша шараларға және өндірісті басқару мен қызмет көрсетумен байланысты басқа да цехтық шығындар.
Үстеме шығындарды өнімдердің құнына екі сатылы процедураны қолдану арқылы апаруға болады. Бірінші сатының мақсаты – барлық өндірістік шығындарды өндірістік шығын орталықтары бойынша тарату. Бұл алғашқы саты екі мақсатты көздейді. Біріншіден, шығын орталықтары бойынша жазылған шығындар, шығын дәрежесін бақылау және қызмет нәтижесін бағалау үшін пайдаланады. Екіншіден, өндірістік шығын орталығымен шоғырландырылған шығыстар, қаржылық есеп талаптарына сай, босалқыларды бағалау бойынша өнімдерге таратылады.
Екінші сатыда өнімдерге үстеме өндірістік шығыстарды тарату үшін негіз таңдалады. Бұл негіз шығындарды тарату базасы деп аталады.
Үстеме шығындарды тарату базасы өндірістің ерекшелігіне байланысты және өздерінің көзқарасы бойынша шаруашылық жүргізуші субъектінің есеп саясатынд көрініс табуы мүмкін:
- -өндіріс жұмысшыларының орындаған нақты уақыты;
- -өндіріс жұмысшыларының еңбекақысына парапар;
- -тікелей материалдар шығыстарына парапар;
- -цех құнына парапар етіп немесе шикізат құны шегерілген цехтың өзіндік құнына парапар етіп;
- -белгіленген шығындарды таратудың тұрақты коэффиценттері бойынша;
- -басқа да тарату базалары бойынша.
Шаруашылықтың өндірістік үстеме шығындары құрамында құрал-жабдықтарды пайдалану шығындары мен цех шығындарын бөліп қарастырған орынды.
Шаруашылықта үстеме шығындарды өндіріс бойынша есепке алып, содан кейін оны шикізаттың түрлері бойынша тарату қажет. Сонда бұл шығындар шығын объектілерінің өзіндік құндарына тікелей қосылып, оларды жанама бөлудің қажеттілігі жойылады.
Үстеме шығындарды есепке алу және таратуды жетілдірудің келесі жолдары:
- -үстеме шығындарды жауапкершілік орталықтары мен өндірістер бойынша нақты жауапты тұлғаны көрсете отырып ұйымдастыру, бұл үстеме шығындарды өнімнің өзіндік құнына енгізудің дәлдігін қамтамсыз етіп, осы шығындарды төмендету жолдарын анықтауға ықпал етеді;
- -құралдарды күтіп ұстау және пайдалану шығындарын өндіріс кезеңдері арасында құралдың атқарған уақыт санына тепе-тең таратқан орынды;
- -өндіріс орындарының тозуы мен ағымдағы жөндеу шығындарын тікелей жолмен қосқан дұрыс;
- -еңбекақы шығындарын өндірістік жұмысшылардың негізгі еңбек ақысына тепе-тең бөлу керек;
- -қалған шығын баптарын өнімнің жекелеген түрлерінің салмағына бара-бар бөлген дұрыс.
Өндірістік өнім шаруашылығында үстеме шығындар есебін дұрыс ұйымдастыру осы шығындар сметасының сақталынуын қадағалауға, өндірістік емес шығындарды азайтуға мүмкіндік береді.
Шаруашылықтың үстеме шығындары құрамында құрал-жабдықтарды пайдалану шығындары мен цех шығындарын бөліп қарастырған орынды. Өйткені құрал-жабдықтарды пайдалану және күтіп ұстау шығындары негізінен құрал- жабдықсыз өндіріс үрдісін жүргізу мүмкін болмағандықтан өндіріске тікелей қатысады. Сондықтан оны тікелей шығындар қатарына жатқызуға болады. Алайда оларды өнімнің өзіндік құнына тікелей енгізілмейді. Өйткені «бір өнімнен артық өнім (жұмыс, қызмет) шығаруға қатысатын құрал-жабдықтарды күтіп ұстау және пайдалану шығындары үстеме шығындардың құрамында есепке алынуы тиіс».
Осыларды ескере отырып, біздің ойымызша, үстеме шығындар ішінде құрал-жабдықтарды пайдалану шығындарын бөлек есепке алу қажеттілігінің себебі мынада, егер құрал бір цехқа ғана қызмет көрсеткен жағдайда, оны пайдалану шығындарын тікелей сол цехтың шығындарына қосады, ал бірнеше цехта пайдаланылса, онда осы цехтар арасында бөлу базасы арқылы тарату жеңіл болады. Әрі олардың негізделген есебін, артық жұмсалу себептерін анықтауға да мүмкіндік туады.
Өндірістік үстеме шығындардың екінші тобы, цех шығындарының құрамында қызмет көрсету және басқарумен байланысты өзгедей шығындарды – мамандардың (бригадир, ихтиологтар, т.б.) әлеуметтік салықты қоса алғандағы негізгі және қосымша еңбекақылары, еңбекті қорғау шығындары, гидротехникалық құрылғыларды, қоймаларды, гидрохимиялық лабораторияларды күтіп ұстау, тозу және ағымдағы жөндеу шығындары, жұмысшыларды жұмыс орнына жеткізу шығындары, т.б. есептейді.
Әрбір цехта пайдаланылатын құралдарды күтіп ұстау және пайдалану шығындары тек сол цехта дайындалатын өнімнің түрлеріне апарылуы тиіс. Бұл оларды пайдалану орындары бойынша, бөлек есепке алуды білдіреді. Құралдарды күтіп ұстау және пайдалану шығындары есебін осылай ұйымдастыру олардың ағымдағы есебін жүргізіп, құралдарды күтіп ұстау шығындары сметасының орындалуын бақылауға әсер етіп, үстеме шығындарды бөлуге негіз болады.
Шаруашылықта үстеме шығындарды цех бойынша есепке алып, содан кейін оны өнімнің түрлері бойынша тарату қажет. Сонда бұл шығындар шығын объектілерінің өзіндік құндарына тікелей қосылып, оларды жанама бөлудің қажеттілігі жойылады. Сонымен бірге, өндіріс шығындарының пайда болу жерлері мен жауапкершілік орталықтары арасында тығыз байланыс қалыптасып, оларға тиімді бақылау жүргізудің мүмкіндіктері туады.
Нарықтық қатынастар жағдайында шығындарды тиімді басқару мен бақылау үшін үстеме шығындардың есебін дұрыс ұйымдастыру және оларды өндірілген өнімдер мен орындалған жұмыстардың арасында экономикалық дәйектелген бөлу базаларының негізінде дұрыс тарату өндірістегі басқарушылық есебінің маңызды болып саналады. Сондықтан, бұл өнім өндірісіне жұмсалған үстеме шығыстарды жоспарлы нормамен немесе лимиттермен жүйелі түрде салыстырып, ауытқуларды дер кезінде анықтап отыруды қажет етеді.
Үстеме шығыстарға өнімдерді өндіруге жалпы қатысы бар, бірқатар жалпы сипаттамаларға ие, өндірісті басқару мен қызмет көрсетуге байланысты бірнеше өнім түрлерін өндірген жағдайда осы өнімдердің құндарына тікелей қосыла алмайтын, сондықтан өндірілген өнімдер мен аяқталмаған өндіріс арасында жанама тәртіппен таратылатын шығындар жатады.
Өнімнің өзіндік құнын дұрыс есептеу үшін жанама (үстеме) шығыстарды калькуляциялау объектілерінің арасында бөлудің таңдалған әдісі маңызды рөл атқарады. Отандық және шетелдік есеп саясатында өткен ғасырдың ортасына дейін өндірістік жұмысшылардың еңбекақысы үстеме шығыстарды бөлу базасы ретінде прайдаланылды.
Үстеме шығыстарды өнім (жұмыс, қызмет) түрлері арасында өндірістік жұмысшылардың негізгі еңбекақысына пропорционалды бөлген кезде олардың көп бөлігі еңбек сыйымдылығы аз өнімнен гөрі еңбек сыйымдылығы көп өнім түрлеріне жатқызылады. Осының нәтижесінде еңбек сыйымдылығы аз өнім түрлері аз пайда түсіретін болып шықты, яғни өнімнің өзіндік құны бұрмаланды.
АВС жүйесі үстеме шығыстарды арнайы қызмет түрлеріне бөлу қызметімен ерекшеленеді.
Функциялары бойынша шығындар есебін экономистер Купер мен Каплан (1988ж) әзірледі және АВС (activity – based) атауын алған. АВС – жүйе үстеме шығындарды өнімге жатқызу мен өнімдердің өзіндік құнын есептеудің неғұрлым қатаң тәсілін болжайды. АВС – жүйе, басқару шешімдерін әзірлеу үшін пайдалы, өзіндік құн туралы ақпаратты қамтамасыз етеді деп есептелінеді.
Көптеген компаниялардағы басқару шешімдері, қорларды (запастарды) бағалау үшін құрылған шығындар жүйесінің көмегімен әзірленеді. Ол өндіру кезінде тұтынылған материалдық ресурстардың қорларын және негізгі өндірістік жұмыскерлердің еңбегін дәл өлшейді, бірақ та үстеме шығындар әдетте дайын өнімге бөлінеді.
Үстеме шығындарды өнімге бөлу кезінде шығындарды калькуляциялаудың дәстүрлі жүйелері жиі түрде, өнімдердің әрбір түріне өндірілген бірліктердің санына қатысты тұтынылған ресурстардың санын дәл өлшеуге мүмкіндік беретін көлемдік көрсеткіштер (еңбек – сағаттар, машина – сағаттар) пайдаланылады. Бұл – негізгі материалдар, негізгі өндірістік жұмысшылардың еңбегі, электр қуаты, өндірістік жабдықтарды пайдалану және қызмет көрсету шығындары. Сонымен бірге, өндірудің нақты көлемімен тікелей байланысты емес, өндіру үшін қажет көптеген ресурстар бар. Бұл – материалдарды бір орыннан екінші орынға ауыстыру, материалдар сатып алу, жабдықтар орнату, өндірістік процесс кестесін жасау, өнімдердің сапасын аралық бақылау т.б. жөніндегі шығындар. Негізінен, бұл шығындар тікелей белгісі бойынша өнімдердің әрбір атауы бойынша өндірістік шығындардың құрамына кірмейді, алдымен үстеме шығындардың құрамына жиналады, содан соң тиісті бөлуден кейін өндірілген өнімдердің өзіндік құнына енгізіледі. Қазіргі уақытта компаниялар, негізгі өндірістік жұмысшылардың еңбегіне жұмсалатын шығындар, үлесі жеткілікті түрде жоғары болатын үстеме шығыстардан өзгешелігі жиынтық өндірістік шығындардың шамалы бөлігін құрайтын өнімдердің көп ассортиментін шығарады. Бұл өнімдердің өзіндік құнын калькуляциялауға жаңа тәсілдер әзірлеу қажеттілігін туғызады.
Үстеме шығындарды өнімге бөлу кезінде шығындарды калькуляциялаудың дәстүрлі жүйелері жиі түрде, өнімдердің әрбір түріне өндірілген бірліктердің санына қатысты тұтынылған ресурстардың санын дәл өлшеуге мүмкіндік беретін көлемдік көрсеткіштер (еңбек – сағаттар, машина – сағаттар) пайдаланылады. Бұл – негізгі материалдар, негізгі өндірістік жұмысшылардың еңбегі, электр қуаты, өндірістік жабдықтарды пайдалану және қызмет көрсету шығындары.
Сонымен бірге, өндірудің нақты көлемімен тікелей байланысты емес, өндіру үшін қажет көптеген ресурстар бар. Бұл – материалдарды бір орыннан екінші орынға ауыстыру, материалдар сатып алу, жабдықтар орнату, өндірістік процесс кестесін жасау, өнімдердің сапасын аралық бақылау т.б. жөніндегі шығындар. Негізінен, бұл шығындар тікелей белгісі бойынша өнімдердің әрбір атауы бойынша өндірістік шығындардың құрамына кірмейді, алдымен үстеме шығындардың құрамына жиналады, содан соң тиісті бөлуден кейін өндірілген өнімдердің өзіндік құнына енгізіледі. Қазіргі уақытта компаниялар, негізгі өндірістік жұмысшылардың еңбегіне жұмсалатын шығындар, үлесі жеткілікті түрде жоғары болатын үстеме шығыстардан өзгешелігі жиынтық өндірістік шығындардың шамалы бөлігін құрайтын өнімдердің көп ассортиментін шығарады. Бұл өнімдердің өзіндік құнын калькуляциялауға жаңа тәсілдер әзірлеу қажеттілігін туғызады.
Өндіріс көлемімен байланысты болып келетін, көрсеткіштерге негізделген есептің дәстүрлі жүйесі үстеме шығыстардың біршама тұтынуындағы осы айырмашылықтарды ескермейді. Нәтижесінде ірі сериялы өнімдердің өзіндік құны көтеріледі, ал ұсак сериялы өндірістің өзіндік құны керісінше төмендейді ABC жүйесі енгізілетін ресурстардың біршама тұтынуындағы айырмашылықтарды таниды және оларға сәйкес әрбір өнімнің көлемін бақылап отырады. Нәтижесінде есептілікте ұсақ сериялы өнімнің аса көтеріңкі өндірістік шығындары бейнеленеді, себебі соңғысы енгізілетін ресурстардың өндіріс көлемімен байланысты емес үлкен көлемін тұтынады. Ал ірі сериялы өнімдерге өндіріс көлемімен ғана байланысты болып келетін көрсеткіштердін үлестіру базалары ретінде қолдануда шығындардың тым артық бөлігі үлестіріледі. Бұл жағдайда ірі сериялы өнімдер «өзге» шығындардың бөлігін өзіне тартып ала отырып, ұсақ сериялы өнімдерді «жәрдем ақымен қамтамасыз етеді. Компания ірі сериялы өнімдер есебінің арқасында ұсақ сериялы өнімдердің өндірісін кеңейте отырып, өндірістің номенклатурасы жөніндегі дұрыс емес шешімдер қабылдауы мүмкін.
Үстеме шығындардың ерекшелігі — оларды өнімнің əр бірлігінің өзіндік құнына жатқызбайды. Оған себеп — мұндай шығындар дайын өнімге (бұйымға) тікелей қатысы жоқ. Қалай болғанда да үстеме шығындар кəсіпорын өніміне байланысты шығындар санатында болатыны жəне өнімді сатуға байланысты үстеме шығындар өнімнің құнын арттыратыны — дау туғызбайтыны анық.
Материалдық ресурстар өндіріс үрдісінде бір реттен ғана қатысады жəне өзінің құнын өндірілетін өнімге (бұйымға) толығымен шығарады. Сондықтан да əрбір өндіріс үрдісінен кейін оларды сондай ресурстардың басқаларымен алмастырып отыруға тура келеді.
Сонымен, есеп жүргізу тəжірибесінде материалдарға шығындар жəне еңбекақы бойынша шығындар өндірілетін өнім құнына тікелей апарылатынын айтар болсақ, осыны үстеме шығындар есебіне келтіру осыншама қарапайым болмайды екен.
Үстеме шығындардың анықтамасына келетін болсақ — бұл өндірісті жүргізуге жəне басқаруға байланысты, кəсіпорынды басқаруға байланысты кешенді шығындар.
Үстеме шығындар өндірістік емес (жалпы шаруашылық) жəне өндірістік (жалпы өндірістік) болып екі топқа бөлінеді.
Жалпы шаруашылық шығындары өндіріске жалпы қызмет ету, негізінен өндірісті ұйымдастыру жəне басқарумен байланысты. Шығындардың осы тобына жатқызылатыны: əкімшілік-басқару шығындары, ғимараттарды қалыпты сақтау жəне жөндеу, жалпы шаруашылыққа жататын құрылғылар, жұмыс күшіне байланысты шығындар: таңдау, сұрыптау, басшыларды оқытып дайындау, қайта даярлау жəне білім деңгейін жетілдіру, міндетті салықтар, заңнамалар тəртібімен бекітілген төлемдер.
Өндірістік үстеме шығындар — бұлар өндірісті ұйымдастыру, оған қызмет ету жəне басқару шығындары. Олар өндірістік құрамдарда — учаскелерде, цехтарда, өндіріс бөлімшелерінде орын алады.
Өндірістік үстеме шығындардың құрамына шығындардың екі үлкен тобы жатқызылады:
- құралғыларды қалыпты ұстау жəне пайдалану бойынша шығындар:
- өндірістік құралғылардың тозуы;
- техникалық қызмет ету жəне жөндеу;
- отын, электр энергиясының жəне басқа да материалдардың құны;
- құрылғыларда қызмет ететін жұмыскерлердің еңбекақысы жəне заңнамалық түрде бекітілген еңбекақыға байланысты төлемдер;
- құрылғыларды қызмет ету бойынша көмекші өндірістердің қызметі;
- бір мезет орын алатын шығындар (құрылғыларды демонтаждау бойынша);
- құрылғыларды пайдалануға байланысты басқа да шығындар (жал төлемі);
- 2. жалпы өндірістік (жалпы цехтық) шығындар:
- жалпы өндіріс персоналын ұстау (төлемдерімен қоса алғандағы еңбекақы, іссапар шығындары);
- өндірісті дайындау жəне ұйымдастыру шығындары;
- жалпы өндірістік болып келетін негізгі құралдардың амортизациясы мен жөндеу шығындары;
- өндіріске жұмсалған коммуналдық қызмет;
- жалпы өндірістік болып келетін жалданған ғимараттардың жəне басқа да негізгі құралдардың төлемі.
Сабақты бекіту сұрақтары:
- Үстеме шығындар-
2. Өндірістік үстеме шығындар-
3. Үстеме шығындардың ерекшелігі-
Үй тапсырмасы: Үстеме шығындардың құрамы мен сипаттамасы (Түсіндірмелі кесте) сызу
Интернет көздері:
https://zharar.kz/jospar/id/9299
https://bankreferatov.kz/economik/1472-2010-12-10-04-54-48.html
https://stud.kz/referat/show/5041