Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:  Парасат пайымы «Тарбағатай колледжі» КММ
Күні: Мұғалімнің аты-жөні: Кайырбекова Еркежан
Қазақ әдебиеті Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:
Сабақ тақырыбы:   Оразақын Асқар «Шетте жүрген бауырларға» өлеңі
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары 10.3.3.1 –шығарманың идеясын адамгершілік құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу.
Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар орындай алады:

шығарманың идеясын адамгершілік құндылық тұрғысынан талдай алады

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

  Сыни тұрғыда талдай отыра әдеби эссе жаза алады

Кейбір оқушылар орындай алады:

өлеңнің идеясын адамгершілік құндылық тұрғысынан талдап,  әдеби-  талдау эссе жаза алады.

Тілдік мақсаттар: Оқушылар орындай алады:

Өлеңнен алынған үзінділерді әдеби-талдау эссе жазу барысында өлеңнің идеясын адамгершілік құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жаза алады.

Күтілетін нәтиже: Оқушылар өлең бойынша әдеби-талдау эссе жаза алады
Бағалау критерийлері 1. өлеңнің идеясын адамгершілік құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазады;

2.сыни тұрғыда талдай отыра әдеби- талдау эссе жазады

Құндылықтарды дарыту

 

«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының тарихтың мәдениет пен тілдің біртұтастығы құндылықтарына баулу   Оразақын Асқар «Шетте жүрген бауырларға» өлеңін оқытуда ішінара жүзеге асырылады
Пәнаралық байланыстар қазақ тілі
АКТ қолдану дағдылары Интербелсенді тақта
Бастапқы білім Оразақын Асқардың өмірін, шығармашылығын біледі
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

 

Ресурстар
Сабақтың басы

(5 минут)

С.

Ұйымдастыру кезеңдері. Сәлемдесу, психологиялық ахуал тудыру.

Мен жанбасам лапылдап,

Сен жанбасаң лапылдап,

Біз жанбасақ лапылдап,

Аспан қалай ашылмақ?!- деп шығыс ақыны Назым Хикмет жырлағандай, бүгінгі сабақта лапылдап білімнің алауын жаға берейік, балалар!

Ой қозғау. «Туған жер» әнін тыңдату

Ж.

Жетекші сұрақтар арқылы сабақтың тақырыбын анықтау. 1. Ән не туралы? 2. Мына әннен не түсіндіңдер? 3. Қазақ диаспорасы дегенді қалай түсінесіңдер? Сонымен, бүгінгі сабақтың тақырыбы не туралы болмақ? Жарайсыңдар, бүгінгі сабақтың тақырыбы: «Оразақын Асқардың «Шетте жүрген бауырларға» өлеңі»

 

              https://www.youtube.com/watch?v=d933RjSHnJ8 PowerPoint таныстырылымы

Сабақтың ортасы

(31 минут)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

10 минут

Ж.

Алдыңғы білімді тексеру

1-тапсырма

«Миға шабуыл» әдісі бойынша сұрақ-жауап сәті. Өткен материалдағы білімді еске түсіру үшін, диалог арқылы сұрақ – жауап әдісі

1. Өлең не себепті «Шетте жүрген бауырларға» деп аталған?

2. Өлең оқиғасын қара сөзбен баяндаңыз.

3. Не себепті ақын шетте жүрген қазақтарды жинағысы келді?

4. Оразақын Асқар қай жылдары өмір сүрді?

5. Қазақтар шетелге қандай себептермен барған?

6. Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы қашан құрылды?

7. Өлеңде көтерілген мәселе бүгінгі заманмен үндесе ме? 8. Оразақын Асқар неше жасында Қазақстанға көшіп келеді?

Дескрипор:

§  Сұрақтарға жауап береді;

§  Дәлелді түрде жауап береді.

ҚБ: «Комментарий» әдісі.

 

Т.

2-тапсырма

«Төрт сөйлем» әдісі 

«Атамекен», «Туған жер» сөздері жазылған стикерлер арқылы топқа бөлемін. Шығарманы жазған автордың қасиеттерін кестеге түсіріп, өлең арқылы дәлелдеп, ақынның қандастарымызды елге шақырудағы мақсат-мүддесі қандай екендігін жазады.

 

ҚБ. «Микрофон» әдісі

Саралау: Баяу және төмен деңгейлі оқушыларға тапсырма орындау барысында қолдау көрсетемін (скаффолдинг)

 

Ж.

3-тапсырма

«Кластер» әдісі.  Орындау барысында эссеге жол ашылады.

ҚБ. «Жұлдыз», «Алақан» суреттерінің қимасын беремін. «Жұлдыз» (Мен өзіме сенемін)

«Алақан» (маған көмек керек).

«Туған жерге туыңды тік» тақырыбында көркем- әдеби эссе жазу. (баяу күй қойылады)

Дескриптор:

1. Эссе құрылымын сақтап жазады

2. өлеңнің идеясын адамгершілік тұрғысынан талдайды

3. мысалдар келтіре отырып, түсініктерді анық және тақырыпқа сай қолданады

4. сыни тұрғыда талдай отырып, әдеби эссе жазады

 
Сабақтың соңы

5 минут

Кері байланыс:

Оқушылар дескриптор бойынша бір-бірінің жұмысын тексереді.  «Менің ойым» әдісі арқылы бағалайды. Оқушылар эссе жазып жатқан кезде, мұғалім үш оқушының иығына қолын қояды, сол үш оқушы «Автор орындығына» отырып жұмысын оқиды.

Сабақты қорытындылау, үй тапсырмасын беру

 
Қосымша мәлімет
Саралау – оқушыларға қалай  көбірек қолдау көрсетуді  жоспарлайсыз?

Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

 

1. Оқушыларға қолдау көрсету мақсатында эссенің жазу құрылымын тақтаға іліп қоямын. 2. 1 «Миға шабуыл» әдісі бойынша сұрақ –жауап сәті. Өткен материалдағы білімді еске түсіру үшін, диалог арқылы сұрақ – жауап әдісі

«Төрт сөйлем» әдісі 

 «Атамекен», «Туған жер» сөздері жазылған стикерлер арқылы топқа бөлемін. Шығарманы жазған автордың қасиеттерін кестеге түсіріп, өлең арқылы дәлелдеп,  ақынның қандастарымызды елге шақырудағы мақсат-мүддесі қандай екендігін жазады.

«Кластер» әдісі арқылы адамгершілік құндылықтарды тақтаға жазады. Соның барысында эссеге жол ашылады. Тапсырмалар орындағанда  оқушыларға «Жұлдыз», «Алақан» суреттерінің қимасын беремін. Тапсырманы өздігінен орындай алатын оқушылар «Жұлдызды» тандайды(Мен өзіме сенемін)  «Алақан» маған көмек керек. (Басқа шығарма бойынша жазылған эссе үлгісі ұсынылады)

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

 

 

«Комментарий» әдісі: оқушылардың жауаптарына комментарий беру арқылы бағалаймын.

«Микрофон» әдісі арқылы бағалайды.

Саралау: Баяу және төмен деңгейлі оқушыларға тапсырма орындау барысында қолдау көрсетемін (скаффолдинг)     «Менің ойым» әдісі арқылы ауызша бағалайды.

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

 

Сабақ бойынша рефлексия

 

 

Кері байланыс: «Бүгін мен не білдім?» кестесін толтыру. 1. Аты-жөні 2. Сабақтың тақырыбы 3. Сабақтың мақсаты 4. Бүгін маған не оңай болды? 5. Бүгін маған не қиын болды? 6. Бүгінгі сабақтың мақсатына жеттім/жетпедім, себебі…

 
Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: ҚБ: «Комментарий» әдісі: оқушылардың жауаптарына комментарий беру арқылы бағалаймын.

2: ҚБ: топтар «Айналмалы бекет» әдісі арқылы бір-бірлерінің жұмыстарын тексерілді,

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:  Оқушылардың деңгейін ескеріп, саралап отыру.

2:  Кері байланыстың жүріп отыруы.

 

 

 

You May Also Like

Жалаң және жайылма сөйлем, сабақ жоспары

Ер және қыз баланы қалай еркелетеді? Бауыржан Момышұлының бала тәрбиесі туралы айтқан өнегесі. сабақ жоспары

Түбір мен қосымша, сабақ жоспары

Киім стилі мен сән үлгісі, сабақ жоспары слайд