Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Ересек тобы.

Білім беру саласы:  Денсаулық

Бөлімдері:  Валеология

Тақырыбы: «Менің отбасым. Менің үйім және ондағы менің орыным»

Мақсаты: а)   «Бақыт», «қуаныш»   құндылықтарының мәнін түсіндіру.

б)   Бір-біріне көмектесе білу дағдыларын  дамыту

в)   Отбасындағы үйлесімді қарым-қатынас жасауға  тәрбиелеу

Сөздік жұмыс: Көмектесу-помагать,  менің – мая, отбасым- семья

Көрнекілік:  Суреттер, көрнекіліктер, әңгіме жұмысы

Іс – әрекет кезеңдері Тәрбиеші әрекеті Балалардың іс – әрекеті
 

Мотивациялық- қозғаушылық

      Шаттық шеңбері

Атамнан басталар

Әжеммен қосталар

Отбасым мыналар

Ең жақын адамдар

Әкем мен анам бар

Бір туған ағам бар

Бір туған апам бар

Бәрін жақсы көремін

Еркелеймін, еремін!

 

Тындап

қайталайды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ұйымдастыру- іздестіру

 

2.       Әңгімелесу

•         Ә. Табылдының  «Арұлан» әңгімесін кідіріс жасап, сұрақ қоя отырып оқып беру

•         Аружан інісінің қай ісіне сүйсініп, қалай еркелетеді екен?

•         Арұлан неліктен пысық, тілалғыш бала деп атайды?

•         Арұланды ата-анасы қалай еркелетеді екен?

•         Отбасыларыңды бір-бірлеріңді қалай еркелетіп айтасыңдар?

3.       Дәйексөз «Балалы үй базар  »

4.       Ғажайып сөздер

Балалар сабақта үйренген өнелі сөздерді қайталап айтып шығады.

Менің отбасым бақытты.

Отбасымдағы әрбір сәтім қуаныш сыйлайды.

Менің отбасым тату.

5.       Тыныштық сәті.

6.       Сергіту сәті.

Орнымыздан тұрайық,

Қарлығаш боп ұшайық.

Бір отырып, бір тұрып,

Жақсы сергіп қалайық

7.       Ойын

Балаларға өз отбасына сүйіспеншіліктерін білдіріп, айтқызу мақсатында «Менің отбасым» ойынын ойнату.

Менің отбасым көңілді, өйткені ….

Менің отбасым әдемі, өйткені….

Менің отбасым тату, өйткені..

 

 

 

 

Өз ойларын

айтады

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сергіті сәтін

жасайды

 

Сұрақтарға жауап береді

 

 

 

Қайталайды

 

 

 

Рефлексивтік – түзетушілік 8. Қорытындылау

Сабақта не жайлы айттық?

Үлкендерге көмектесеміз бе?

Сабақ ұнады ма?

Қандай ұғыммен  таңыстық?

Өзінен кішіге көмектесесін бе?

Мадақтау.

 

 

Өзінің алған

әсерін айтады

                        Күтілетін нәтиже:

Нені біледі:Көмектесу деген не екені жайлы біледі

Қандай түсініктерді игерді:   Үлкен, кіші деп санаспауды игерді

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Өзі көмекші болуды  меңгерді

You May Also Like

Қағаздың шығу тарихы, ұйымдастырылған оқу қызметі

 Мектепалды даярлық тобына арналған ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы Білім беру саласы:…

Негізгі және туынды зат есім, сабақ жоспары

Әлем жаңалықтары: өнер және мәдениет, сабақ жоспары

Фф дыбысы, сабақ жоспары