Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 3-бөлім:

Менің мектебім

Мұғалімнің аты-жөні :

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Күні:
Сынып:
Сабақ тақырыбы Менің мектебім және сыныптастарым 
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 2.4 Мәтіннің тақырыбы және негізгі ойды анықтау

2.2.4.1 мұғалімнің қолдауымен мәтіннің тақырыбы мен тірек сөздер бойынша негізгі ойды анықтау

2.1.3.1 – күнделікті өмірде кездесетін жағдаяттарға байланысты сөйлеу мәдениетін сақтап, диалогке қатысу

Сабақ мақсаттары Мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойын анықтайды, тақырып бойынша диалогке қатысады.
Бағалау критерилері Тірек сөздер арқылы негізгі ойды анықтайды, сөз әдебін сақтап, диалгоке қатысу.
Сөздік қор  Мектеп тақырыбына байланысты сөздер мен сөз тіркестері. Ғажайып, үлгілі, болашақ, қиял
Құндылықтарды дарыту Жұпта бірлесе жұмыс істеу, бір-біріне қолдау көрсету.
Пәнаралық байланыстар Әдебиет пәнімен байланыс (өлеңді оқу)
Алдыңғы меңгерілген білім Болашақтың мектебі туралы
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақта жоспарланған іс-әрекет 

 

Ресурстар
Сабақтың  басы

 

 

 

10 минут

Мақалдың мағынасын анықта. Жұпта  талқылау.

Біздің ойымызша, мақалда   ………………………………………  айтады.

 

Кітап – алтын қазына.
Алтын алма, білім ал.
Кітап-ғылым – тілсіз мұғалім.
Күш – білімде, білім – кітапта.

Білім гауһар – Бағасы жоқ.

Слайд

 

 

 

Қима  сөздер

 

Сабақ ортасы

 

10 минут

 

 

 

10 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

20 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

20 минут

 Сабақтың мақсаты мен тапсырма түрлері айтылады.

Жұптық жұмыс. Мектеп-біздің анамыз. (83-бет)

Тапсырма.

1)      Өлеңді оқиды

2)      Өлеңнің тақырыбы анықтайды

3)      Тірек сөздер арқылы өлеңнің негізгі ойын анықтау.

Тірек сөздер: күзде, қыркүйекте, сағыну, гүл әкелу, келу…

 

Жеке жұмыс. Әр оқушыға өлең мазмұны бойынша сұрақтар таратылады. Оқушылар өлеңнен тауып өз сөздерімен жауап береді.

1.      Балалар қашан мектепке келді?

2.      Күзде не піседі?

3.      Ауа райы қандай болды?

4.      Балалар қайда келеді?

5.      Олар нені сағынды?

6.      Оларға кімдер қарайды?

7.      Қандай шыраймен келді?

8.      Оқушылардың жүздері қандай?

9.      Олардың қолдарында не бар?

10.  Өлең не туралы?

Бағалау критерийі Дескриптор Балл
Тірек сөздер арқылы негізгі ойды анықтайды, Тірек сөздерді қолдана алады 1
Сұрақтарға жауап бере алады 1
Негізгі ойды анықтай алады 1

Оқылым. Мәтінмен жұмыс.  Жеке жұмыс. 

Менің мектебім үш қабатты, әсем ғимарат. Ал    сыныптастарым –  білімді,  ақылды, мейрімді балалар.   Олар сабақты жақсы оқиды.

Сыныптастарым бос уақытта әртүрлі үйірмелерге барады. Олар спорт, қолөнер, шахмат үйірмелеріне барады.

Біз  бір-бірімізге көмектесеміз. Бір-бірімізді сыйлаймыз, құрметтейміз.

А) Мәтін бойынша  2  сұрақ қойыңыз.

В) Мәтіннің түрін анықта.

А) сипаттау

В) әңгімелеу

С) пайымдау

 

С) мәтін бойынша негізгі ойды анықтап жаз.

Мәтіннің бөліктері Сөйлемдер
Басы
Негізгі бөлігі
Соңы

 

Жұптық жұмыс. Диалог құру.  Менің сыныптастарым. Сөйлеу әдебін сақтауға арналған нұсқаулық беріледі.

1.      Амандасу   (сәлем)

2.      Қал сұрасу  (қалың қалай)

3.      Тақырып бойынша сұрақ қою: Сенің сыныпта досың бар ма?

4.      Жетелеуші сұрақтар қою: Сыныптас досың немен бос уақытта немен айналысады?

5.      Қолдаушы сөйлемдер айту: Өте қызықты екен, рахмет

6.      Әңгімеңе рақмет!

Бағалау  (топтық бағалау)

Керемет

Орташа

 

Жеке жұмыс. 85-бет, оқулық. Өлеңді жалғастыр, өз ойыңды қос.

 

Менің мектебім.

 

Алтын ұя мектебім

Армандарым  ………

Пайдам тисін еліме,

……   ……..  ……….

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бейнеролик

 

 

 

 

Тірек сөздер мен сөз тіркестері, суреттер

 

Сабақтың соңы

5 мин

Рефлексия (аяқталмаған сөйлем)

Мен бүгін  ………………..    үйрендім.

Маған бүгін  ………………..  қиын болды.

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін  тексеру жоспарыңыз? Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

 

Қабылдау деңгейі жоғары оқушылар үшін тапсырманы күрделендіру:

Қабілеті жоғары оқушылар кестені өз бетінше толтыра алады.

 

Сергіту сәттерінде, белсенді жұмыс түрлерін өткізуде қауіпсіздік техникасын сақтау
Сабақ бойынша рефлексия

 

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз. 
 
Жалпы баға

 

 

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

 

2:

 

Сабақты жақсарту үшін қандай өзгеріс енгізуге болады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: 

2: 

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылар туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

 

 

You May Also Like

Тірі және өлі табиғат ашық сабақ

Білім беру саласы: Таным Бөлімдері:Экология Тақырыбы: Тірі және өлі табиғат. Мақсаты: Балалардың…

Мысыр пирамидалары, сабақ жоспары

Астананың көрікті жерлері, сабақ жоспары

Қазақстанның жеті кереметінің бірі – А.Яссауи кесенесі, сабақ жоспары