Жоба тақырыбы:

«Мінез бен ақыл жарасса…»

Секциясы:Өзін –өзі тану (этномәдени)бағыты

Зерттеу жұмысының тақырыбы:

«Мінез бен ақыл жарасса…»

Бағыты: Этномәдени

 Мазмұны:

І.Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

2.1 Ұлы ойшыл, ғұлама-Әбу Насыр Әл-Фараби

2.2   Ғалым ойлары – ұрпаққа мұра

2.3 Мінез – жанның айнасы

ІІІ.Қорытынды

ҮІ. Қолданылған әдебиеттер тізімі

Аңдатпа

Әл Фараби ғылымы бізге таптырмас асыл қазына. Әр қазақтың баласы Әл Фарабидің ғылыми еңбктерімен сусындап, меңгеруі керек. Рухани жаңғыру аясында Әл Фарабидің барлық шығармаларын оқып, осы ғылыми жобамда ұстазымыз екеуміз жан-жақты саралап, білгендерімді қағаз бетіне түсірдім. Әр адамның мінезі әр-түрлі, жақсы мінез ақылмен жарасса- ол адамның биіктігі, баға жетпес адамгершілігі.

Аннотация

Аль-Фараби драгоценные сокровища нам наука уникальная. Каждый казахский сын Аль Фараби должен питаться и осваивать научные труды Аль Фараби. В рамках духовной модернизации читал все произведения Аль Фараби, и в этом научном проекте мы с учителем разносторонне проанализируем и снимаем на бумаге свои знания.У каждого человека свой характер, если хорошее поведение сочетается с разумом, это рост человека, бесценная мораль.

Аnnotation

Al-Farabi’s precious treasures are a unique science to us. Every son of the Kazakh al-Farabi’s got to eat and learn the scientific works of al-Farabi. As part of spiritual modernization, I read all the works of al-Farabi, and in this scientific project, my teacher and I will analyze and record our knowledge in a comprehensive way.The character of each person is different, if a good character is compatible with the mind-it is the height of a person, his priceless humanity.

 «Мінез бен ақыл жарасса» тақырыбына жазылған ғылыми зерттеу жұмысына

Пікір

Әбу-Насыр әл-Фараби шығармашылығының мағынасын терең түсіне отырып, оның пікірлерінің құндылығына, өміршеңдігіне  талдау жасаған. Ойшыл ақынның даналық сөздерін оқытып, жалпы тіршілік атауының тұтастығын түсіндіріп,  әдебиетке деген сүйіспеншілігін оятып, егеменді еліміздің жас ұрпақтарын жан-жақты жетілген адам атына лайықты азамат болып қалыптасуға тәрбиелеу құралы ретінде ұсынуға болатын жұмыс. Ұсыныстарын қоғамдық орындарға тәрбие  құралы  ретінде қолдануға болады. Ғылыми жұмыс жан-жақты зерттелген. Рухани жаңғыру аясында Әл-Фараби атамыздың құнды жұмыстары жинақталып, жоба барысында жан-жақты талданып зерттелді.Түйіндеп айтқанда, ұлы ғұлама Әбу-Насыр әл-Фарабидің логикалық-гноселогиялық, әлеуметтік пікірлерімен, эстетикалық, теориялық философия ғылымдары салаларындағы пікірлерімен, ғылыми тұжырымдарымен жете танысу, оның дәуірін терең түсінуге мүмкіндік береді. Оның ғылыми ой-пікірлері өзінен кейінгі дәуірдегі Шығыс пен Еуропа халықтарының философиялық, эстетикалық, қоғамдық этикалық ой-пікірін және өнердің дамуына, жалпы рухани құндылықтардың дамуына әсер етіп, үлкен ықпалын тигізіп отырғандығы жайлы мәліметтер келтірген. Оқушы  жобаны жазу барысында салыстыру, жүйелеу, анықтау тәсілдерін қолданған. Оқушы өз қызығушылығы   мен  шығармашылығын  ұштастырып, қолдағы бар мүмкіндікті пайдалана білді. Зерттеу жұмысының берері көп екеніне де көзім жетті.

Сапаров Бақытханның «Мінез бен ақыл жарасса» тақырыбына жазылған ғылыми зерттеу жұмысына

Тақырыптың өзектілігі: рухани жаңғыру аясында ғалымның баға жетпес шығармашылығын жан-жақты зерттеп, болашақ жастардың бойында ізгі қасиеттер мен жақсы мінез-құлықты қалыптастыру.

Зерттеудің болжамы: Әл Фарабидің еңбектері баға жетпес құнды жәдігер екенін айқындау.

Зерттеу жұмысының мақсаты:

Әл Фараби шығармашылығын кеңінене талдау, жастардың бойында ізгі, асыл, көркем мінезбен, сарқылмас ақылды қалыптастыру.Асыл мұраларын зерделеп, оқып-танып сыныптастарыма насихаттау, еңбектерінен үлгі-өнеге алу

Зерттеу жұмысының негізгі міндеттері:

  • Әл Фараби еңбектерінің баға жетпес асыл мұра екенін түсіну;
  • Шығармаларындағы ақыл мен мінез туралы ойларын насихаттау

Жұмыстың негізгі нысанасы ретіндеӘл Фарабидің шығармашылығы,  Әл Фарабиді зерттеуші ғалымдардың еңбектерін, газет-журнал  материалдары, басшылыққа алынды.

Зерттеудің  негізгі  әдістері  мен тәсілдері:

Зерттеу жұмысының мақсаты мен тақырып ерекшелігіне байланысты сипаттама, салыстырмалы талдау мен жинақтау, жүйелеу және оны түсіндіру әдістері қолданылды.

Жұмыстың жаңалығы:

Әл-Фарабидің әлем өркениетінде алар орнына тоқталмас бұрын, ғылымдағы әл-Фарабиге қатысты түрлі көзқарастарға тоқтала кетейік. Кейбір еуропашыл ғалымдар “Әл-Фараби ешқандай жаңалық ашқан жоқ, ол тек Платон мен Аристотельдің мұраларын насихаттап, түсіндіріп келді” – деп есептейді. Антика дәуіріндегі ғұлама ойшылдар Платон мен Аристотель – бүкіләлемдік мәдениеттің ең жоғарғы шыңы. Әл-Фараби осы антикалық мұраны игеріп, оны араб-мұсылман мәдениетінің гүлденуіне жұмсап, үлкен екі жаңалық ашты. «Мінез бен ақыл туралы» ойлары бүгінгі заманның жастарына арналғандай.

І. Кіріспе

Әл-Фарабидің пікірінше, жетілу жолы – бұл өмір бойы жүретін процесс. Ол бақытты сапалы білім алу, мәңгілік адамгершілік құндылық деп түсінді. Бақыт – имандылықты жетілдірудегі сый. Бақытқа жету дегеніміз – жақсы, жарқын істерді орындау арқылы адамның өзі жасауы.

Айта кету керек, 21 қаңтарда Нұр Сұлтан қаласында Абайдың 175 жылдығына арналған мереке Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен басталды. 29 қаңтарда Қазақстан әл-Фарабидің 1150 жылдығын мерекелеуді ресми түрде бастады.  Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың әл-Фараби мен Абайдыңмерейтойын тойлау туралы Жарлығын қоғамдық ойды қайтадантүлеткен, ел асылдарына деген халықтың қөзқарасын жетілдіретүсетін және елдік пен бірлікті насихаттайтын үлкен шаруа депесептеймін. Өмір сүрген кезеңдері  хронологиялық алшақтық­ты қамтығанымен, бір геогра­фиялық аумақта дүниеге келіп, саналы ғұмырларын руханиятқа, білім мен ғылымға арнаған тұлғаларды тану, мұраларын зерделеу тарихнамалық мәселелерді қорытумен сараланады. Көшпелілер әлемінен шыққан ұлы тұлғалардың мұраларын талдауда методо­логиялық әлсіздіктің сезілуі еуропацен­тризмнің адамзаттың ғылыми ойлау жүйесіндегі ықпалының әсерінен орын алды. Ғылымда ұзақ жылдар басымдыққа ие болған маркстік таптық методоло­гияның түркілік өркениетнаманың ауқы­мындағы тақырыптарды көтеруге шамасы келмейтін еді. Сайын сахарадағы ерекше өркениет пен бірегей мәдениеттің қабысуын тарих философиясы тұрғы­сында пайымдау ғұламалардың мұраларын зерттеуде қаперге алынбады. Тұңғыш Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында: «Ұлы дала Әл-Фараби мен Ясауи, Күлтегін мен Бейбарыс, Әз-Тәуке мен Абылай, Кенесары мен Абай және басқа да көптеген ұлы тұлғалар шоғырын дүниеге әкелді»,- дей отыра, тарихи сананы жаңғырту үшін, ең алдымен, ұлт қаһармандарын үлгі тұтуға, олардың өнегелі өмірі мен артына қалдырған құнды еңбектерін елге, әсіресе жас ұрпаққа кеңінен насихаттауды тапсырған болатын. Қазіргі дүниені неғұрлым дұрыс танып, білу үшін және жақсы өмірдің дұрыс жолын таңдай білу үшін және жаңа мыңжылдықта білімді, тәрбиені, адамгершілік пен ізгілікті дамыту үшін біз әр уақытта, әр дәуірде өзімізге дейінгі өткен идеялар мен қағидаларға сүйенгеніміз жөн. Оларды данышпан-ойшылдардың еңбектерінен ғана кездестіруге болады. Сондай құнды мұралардың иесі, қазақ топырағынан шыққан, жанжақты және ғұлама ғалым – Әл-Фараби. Ол сонау ерте орта ғасырлардың өзінде адамзат ілімінің молайып, ақыл-парасаттың жетілуін, оқу-ағартудың қажеттілігін айтып, білім алудың маңызын атап көрсеткен болатын. Әл-Фараби педагогика, психология, эстетика мен акустика, астрономия мәселелерін де терең зерттеп, мәдениет пен ғылымға жемісті үлес қосқан. Сондай-ақ, ол парасаттылық пен ағартушылықты жақтаған үлкен гуманист. Ол бірнеше ғылым салаларын қамтитын 150-ге тарта трактаттар жазған . 

ІІ. Негізгі бөлім

2.1 Ұлы ойшыл, ғұлама-Әбу Насыр Әл-Фараби 

Әл-Фараби – көрнекті ойшыл, өзінің замандастарының арасындағы ең ірі ғалым, философ және шығыс аристотелизмінің ең ірі өкілі. Өзінің білімділігі мен сауаттылығының арқасында «Екінші Ұстаз» атауына ие болды. Әл-Фарабидің шығармашылық мұрасы орасан зор (150 астам жуық философиялық және ғылыми трактаттар), ал оның айналысқан ғылыми салалары ол – философия мен логика, саясат пен этика, музыка мен астрономия, ғылым мен өнердің барлық саласына өлшеусіз үлес қосып, артында өшпес ғылыми жазбаларын қалдыраған. Оның айтқан теориялық тұжырымдары дүние жүзі халықтарының қоғамдық-философиялық ойларына ықпал етті деп айтуға болады. Қазіргі кезде әл-Фарабидің мұраларына қызығушылық тек қана біздің елде емес, әлемдік деңгейде өте үлкен қызығушылық танытып отыр. Себебі ол кісінің жазған еңбектері әсіресе жаратылыстану ғылымдары саласы бойынша әлемдік өркениеттің, ғылымның, әлемдік философияның дамуына үлкен ықпалы болған. Бұл кісідей бұрын да, кейін де даналар болды. Бірақ олардың ішінде….дәл ӘлФарабидей геометрия, музыка, астрономия сияқты үш ғылым саласына бірдей ұлы үлес қосқан……аса ірі жаңалық, ашқан ғалымдарды табу қиын. Екінші ұстаз, ұлы жерлесіміз әл-Фараби еңбектері күні бүгінге дейін маңызын жоғалтқан жоқ, мұраларының насихатталуы, зерттелуі және оның мемлекет басқару жөніндегі тұжырымдары, әлеуметтік-этикалық, саяси, философиялық, діни  көзқарастары қазіргі жаһандану аясындағы қоғамымыз үшін өте маңызды. Қазіргі таңдағы жаһандану кезеңіндегі халықтар мен мәдениеттердің өзара бірлігі мен тұтастығына негізделген әл-Фараби идеяларының жүйесін толықтай зерттеу арқылы сол кезеңдегі қазақ даласындағы өркениетті насихаттау мен болашақ жас ұрпақтың жадында мәңгі сақтау болып табылады. Рухани жаңғыру — ұлт үшін маңызды. Ұлттың өткен өмірі мен философиясына мән беру — санаға сілкініс салып қана қоймай, болашағына да байыпты бағыт ұсынады. Бағыты мықты елдің ғана, болашағы баянды болады! Білім мен ғылымда озық ел ғана — көшбасшылардың қатарынан табылады.

Зерттеуші-ғалымдар әл-Фарабидің балалық, жастық шақтары туралы мардымды әңгіме айтпайды. Себебі ұлы ғалымның өмірінің бұл кезеңі туралы мағлұматтар жоқтың қасы. Сондықтан да зерттеушілер ұлы ойшылдың өмірбаянын оның елуден асқан шағында Бағдад шаһарына қоныс аударуынан ғана бастайды. Оның ғылым жолындағы ізденістері мен ұзақ сапарлары нақ осы кезден басталса керек. Елімізде фарабитану ғылымымен айналысып жүрген ғалымдардың айтуынша, ғалым өз ажалынан қайтыс болған. Жасы сексеннен аса бергенде хижраның 339 жылы (милад бойынша 950 ж.) реджеб айында Шам шаһарында дүние салған. «Екінші ұстазды» о дүниеге құрметпен жөнелту ісін он бес нөкерін ерткен Сайф ад-Дәула әмір өзі басқарыпты. Қаланың «Кіші қақпа» («Баб ас-Сағир») аталатын жағындағы зиратқа жерлеген. Басына ескерткіш қойған [1, 116-129-б.б.].Әл-Фараби жастайынан түрлі ғылымды оқып үйренді. Оның ақыл-ойының ұшқырлығы мен білімінің молдығына тәнті болған талай жан еріксіз таңдай қаққан. Ол араб, парсы, түрік тілдерін жетік меңгерді. Ол кезде мұсылман дүниесінің рухани орталығы Месопотамия болғандықтан, жас Әбу Насырды (Нәсірді) ата-анасы Таяу және Орта шығыс елдеріне сапарға дайындайды. Бірақ ол Бағдадқа бармас бұрын жолай Шаш пен Самарқан, Бұхара шаһарларына соғып, білімін молықтырған секілді. Әйтсе де Әбудің мұнда қанша болғаны жайлы араб шежілері ештеңе айтпайды. Кейін ол жолай Иран еліндегі Мешһед, Нишапур, Рей, Исфаһан қалаларына келеді. Иран халқының мәдениетімен танысады. Содан соң әрі қарай Бағдадқа аттанады. Әбу Насырдың Бағдадқа баруының өзіндік себептері болған. Сол уақытта Бағдад шаһары ғылым мен өнерге ден қойған адамдарға қақпасын кең ашып, оларға ғылыммен айналысу үшін бар жағдайды жасаған. Бағдадта «Байт әл-Хакма» атты ғалымдар үйі және әлемдегі ең бай кітапхана болған. Екіншіден, сол кездері Бағдад халифатын басқарған Аббас әулетінің сенімді уәзірлері негізінен түркістандық Фараб қаласынан болыпты. Бағдад шаһарында әл-Фараби логиканы Әбу Бишр Матта ибн Юнустан үйреніп, кейін өзі ұстазынан да асып түседі. Лингвистикалық ғылымдарды жетік меңгеруді 86 қалап, грамматика саласының маманы Әбу Бәкір ибн әс Сирадждан грамматикадан дәріс алады. Әли Юхан ибн Хайланнан тәуіптік өнер (медицина) мен логика саласынан дәріс алған. Сонымен, ұлы ойшыл біраз жылдар Бағдад шаһарында ғылыми ізденістермен айналысады. Содан кейін Шам аймағына қоныс аударады да, сексен жасқа жетіп, өмірден өткенше сол өлкеде қалады. Шам аймағына келгеннен кейін әл-Фараби алғашында Дамаск қаласындағы бір бақта бағбан болып жұмыс істейді. Мұнда ол жеміс ағаштарын баптай жүріп ғылыммен айналысуын әрі қарай жалғастырады. Ол, әсіресе, логика ғылымын терең зерттейді. Осы салада бұрын-соңды жазылған еңбектердің бәрін парақтап оқып шығады. Тұрмысының жұпынылығына қарамастан, қолындағы бар қаражатын кітап сатып алуға жұмсап, күні-түні ғылыммен айналысады. Ол бақ қарауылшысы ретінде берілетін май шамның жарығымен талай томдарды оқып тауысады. Өзінің еңбектерін де жазып шығады. Әбу Насыр әл-Фарабидің өзінен: Сіз қандай ғылымдар саласында еңбек еттіңіз? – деп сұрай қалсақ, ол не дер еді? Біздің ойымызша, ол былай дер еді: Менің айналысқаным бір-ақ түрлі ғылым, оның аты – «Табиғат пен адамзат» деп аталады. Опоңай, екі-ақ ауыз сөз. Бірақ осы екі сөздің шеңберінен тыс ғылым қайда, ондайды естіген жан бар ма? Олай болса, Фараби қамтыған ғылым мен өнер жоқ деуге болады . Оның жаратылыстану, философия, астрономия, математика, медицина, логика, этика, метафизика, жағрафия, әдебиеттану, тіл білімі, музыка сияқты ғылым салаларынан 164 трактат жазғаны мәлім. Келтірілген еңбектер санының өзі Фарабиден бізге көп мұра қалғанын байқатады. Мың жылдан асса да осынша рухани мол дүниесінің қолдан қолға өтіп бізге аман жетуі Фарабидің ұлылығының, данышпан білімпаздығының тағы бір айғағы болса керек. Ендігі парыз осы еңбектердің барлығын жинап, екшеп-талдап ұрпақтар кәдесіне жарату болып отыр. Әл-Фарабидің мұрасын зерттеуге жол ашқан немістің атақты ғалымы Дитерици болды. Осынау зерделі зерттеушінің бағалауынша, әл-Фараби ғылымдағы ержүрек қаһармандар санатына қосылады. Ол «соқыр сенім кесапатына қарсы, өзінің тарихын қанмен жазған, рухани бостандық пен гуманизмнің қасиетті заңдарын таптау үшін бар зұлымдығын жасап баққан баққұмар мансапқорлыққа қарсы аянбай күресті».  Әбу Насыр Әл-Фараби өзінің барлық жұмыстарын адамға арнады. Араб тілді философтар шешкен басты мәселелер – білім, таным, дүниедегі ақиқатты іздеу мәселелері болды. Ол үшін Әл-Фараби ежелгі грек ғалымдарының еңбектерін өз бетінше оқып, талдап, түсіндірмелер жазып, ары қарай дамытқан, трактаттар жазған. Ол шамамен Аристотельдің барлық кітаптарына түсініктеме берген. Птоломейдің «Алмагесіне» және Порфирийдің «Эйсогесіне» түсініктеме жазған. Эфклидтің геометрия жайындағы кітаптарын терең зерттеген. Платонның күллі кітаптарын оқыған. Ғылымның даму тарихында жинақталған білім қорларын сұрыптап, реттеп белгілі бір жүйеге салу тәртібі ежелден бар. Әл-Фараби бұл тұрғыда да қарап қалмай, өзінің ең атақты шығармаларының бірі «Ғылымдар энциклопедиясы» деп аталатын трактатын жазған. Бұл еңбектің ғылым тарихында алатын орны ерекше үлкен. 

2.2   Ғалым ойлары – ұрпаққа мұра     

Ислам дәуірі әдебиеті мен қазақ ақын-жыраулары поэзиясы арасындағы

көркемдік дәстүр жалғастығын сөз еткенде, мықтап ескеретін бір жәйт бар. Кез келген халық әдебиетіндегі дәстүр жалғастығы сол қоғамдағы тарихи жалғастықтың құрамдас бөлігі болып табылады. Ал тарихи жалғастық дегеніміздің өзі, ең алдымен ақыл-парасат жалғастығы екені белгілі. Мәселен, Әл-Фарабидің философиялық, әлеуметтік-этикалық ой-тұжырымдары өзінен кейінгі дәуірлердегі ойшыл қаламгерлердің шығармаларынан өзінің дәстүрлі жалғастығын тапты. Ол өзінің «Интеллект (сөзінің) мағынасы жайында» деп аталатын зерттеуінде адамның ақыл-парасат мүмкіндігіне жан-жақты талдау жасай келе, оны «потенциалды интеллект», «актуалды интеллект», «жүре келе дарыған инттелект», «әрекетшіл интеллект» сияқты философиялық категорияларға бөліп-бөліп талдайды. Әл-Фараби «жүре келе дарыған интеллект» туралы айта келіп, адам туғаннан ақылды, білімді болып тумайтынын, интеллектің өзі жүре кел, естіп, көріп барып қана дамитынын ескертеді.

Әл-Фараби: «Ақыл-парасат күші – адамның ойлауына, пайымдауына, ғылым мен өнерді ұғынуына және жақсы қылық пен жаман қылықты айыруына көмектесетін күш» деп көрсетеді. Әл-Фараби өзінің «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары» атты философиялық трактатында «Қайрат», «Ақыл» және «Жүрек» сияқты ұғымдарға түсінік бере келіп: «Жүрек – басты мүше, мұны тәннің ешқандай басқа мүшесі билемейді. Бұдан кейін ми келеді. Бұл да басты мүше, бірақ мұның үстемдігі бірінші емес», – дейді. Әл-Фарабидің «Қайрат», «Ақыл» және «Жүрек» жөніндегі философиялық тұжырымы Абайдың «Он жетінші сөзінде» өзінің логикалық жалғасын тапқан сияқты. Абайдың осы сөзінде «Қайрат», «Ақыл» және «Жүрек» үшеуі әрқайсысы өзін мықты санап, айтысып, таласып, ақыры «ғылымға» келіп жүгінеді. Сонда «ғылым» бұл үшеуіңнің де айтқандарың рас, үшеуің де қажетсің: «Ей, Қайрат, сенсіз ешнәрсенің болмайтұғыны да рас, бірақ қаруыңа қарай қаталдығың да мол, пайдаң да мол, бірақ залалың да мол, кейде жақсылықты берік ұстап, кейде жамандықты берік ұстап кетесің, соның жаман», – депті. Бұдан кейін «ғылым» өз шешімін «Ақылға» айтыпты: «Жаратқан тәңіріні де сен танытасың. Жаралған екі дүниенің жайын да сен білесің. Бірақ сонымен тұрмайсың, амал да, айла да – бәрі сенен шығады. Жақсының, жаманның – екеуінің де сүйенгені, сенгені – сен; екеуінің іздегенін тауып беріп жүресің, соның жаман », – депті.

Ғалым Фараби рухани күш табиғатын анықтауға көп мән берген. Ол өзінің «Даналық негіздері» атты еңбегінде адам табиғатының қасиеттеріне қарай оның сыртқы және ішкі дүниесінің бар екенін айтады. Қоршаған ортаның құбылыстарын тани алатын физиологиялық дене құрылысы мен бітім болмысын құрайтын сыртқы тән сезімдері ішкі дүниеге де әсерін тигізеді. Ал ішкі құпия дүние дегеніміз – адамның рухани күштері. Өз кезегінде, даму процесінің үш түрі бар. Ол адамның, жануардың және өсімдіктің дамуы[2.20].

Дамуды осылай жіктеген Әл-Фараби дамудың мазмұнын түсіндіруде: «Өсімдіктерше өз ұрпағын, өзіне тән құрылыс сипатын сақтап қалуды ғана мақсат тұту немесе жануарларға өзінен басым күштермен күресу сияқты мінез-құлықтармен қорғанатын даму мен таным барысындағы ортақ ұқсастықтар адамзат баласының өрісін кеңейте алмайды. Адамның тіршілік етіп дамуы, оның пайдалы, ізгі, игі мақсаттарға бағытталған жолды таңдауына, шындыққа ұмтылуына байланысты. Мұндай үлкен мақсаттарға жетелейтін адамның санасы ғана. Оның еңбектерінде адам баласының ішкі дүниесі мен сыртқы дүниесі арасалмағына ерекше мән беріледі. Ғалымның айтуынша, рухы әлсіз адамдардың ішкі әлемін құрайтын сезім күйлерінің терең өріс алуы оның сыртқы дүниесінің белсенділігін өшіреді, яғни дүние құбылыстарын дұрыс табиғи тепе-теңдікте қабылдай алмайтындай жағдайға жеткізеді.

Ұлы ойшыл қазылық қызмет атқарып жүрген тұсында да ғылымнан қол үзген емес. Бірде таным өрісін одан әрі кеңейтіп, білімін молайта түсуді көздеген данышпан қазылық мансаптан бас тартады.   Ұлы данышпан жаратылыстану, медицина салаларындағы өзінің алдына қойған мақсаттарына жетіп, олардың әрқайсысына жеке-жеке кітап жазып шыққан. Осылайша ғылым-білімнің әу бастағы қайнар бұлағы Алла Тағала тарапынан келетіндігіне жаратылыстану ғылымдарынан нақты дәлелдер келтірген. Мұндай пікірін ұлы ойшыл өзінің Платон философиясының негіздері атты кітабында айтып өткен. Әл-Фараби өз заманында медицинаны «емдеу шеберлігі ғылымы» деп атады. Ол медицинаның тек аурулардың себептерін анықтаумен ғана емес, адам денсаулығын сақтау жолдарын, ауруды жою шараларын да іздеген. Әл-Фараби медицинаға көп көңіл бөлгендігі соншалық, адам ағзасының әрбір мүшелерін зерттегенін кейбір еңбектерінде айшықтап көрсеткен. «Қайырымды қала» еңбегіндегі жүрек жайлы айтқан ойларын медицинамен ұштастыра отырып шебер жеткізе білген. Өз пікірлерін ғана айтып қоймай Әл-Фараби өз кезегінде ұлы ойшылдар Аристотель мен Галеннің пікірлеріне де жеке көзқарасын білдіріп отырған. Бұл мақалада Әбу Насыр әл-Фарабидің жаратылыстану бағытында жазған еңбектері туралы айтылады. Әбу Насыр әл-Фарабидің ғылыми еңбегі, соның ішінде биология, химия, медицинадағы еңбектері кеңінен талданды.

2.3 Мінез – жанның айнасы 

Мінез – адам баласының ішкі жан дүниесінің сыртқы көрінісі деуге болады.

Сондықтан, Әл-Фараби бабамыз «Мінез – жанның айнасы» деген екен. Әдетте, біз адамдарға қарап мінезі жақсы екен немесе жаман екен деп баға беріп жатамыз.Жақсы мінезді адамдарға ақкөңіл, яғни үнемі көңілді жүретін, жайдары адамдарды жатқызамыз. Көбінесе олар ашуланбайды, қайрымды, мейрімді және сабырлы келеді. Мәселен, мінезі жақсы ұстаз оқушыға мүлдем дауыс көтеріп ұрыспайды. Ондай адамдардың ашуға беріліп айқайлағанын немесе қатты сөздер айтқанын естімейміз. Осыған қарап, қытай халқының «Үлкен өзендер ақырын ағады, ал ақылды адамдар ақырын сөйлейді» деген мақалы рас екен деп ойлаймын.Кейде адамның өмір сүру стилі, тағдыры, қоғамдағы орны өз мінезіне байланысты сияқты. Мәселен, көптеген психологтар адамның мінез-құлқы оның өмір сүруін анықтап береді дейді. Яғни, мінезі ашық, ақкөңіл адамдар тез достасып, кез келген адамдармен жылдам дос болып кетсе, мінезі тұйық адамдар өзгелермен қарым-қатынасқа түсуі өте қиын.Әрине, «Бес саусақ бірдей емес» дегендей барлық адамдардың мінезі жақсы бола бермейді. Мінезі жаман адамдарды кекшіл, өзімшіл, қырсық, ашуланшақ ретінде байқауымызға болады. Меніңше, бұл жаман қасиеттер. Сондықтан, Әл-Фараби «Мінез-құлық міні – рухани кеселге жатады» деген болатын.Қорытындылай келе, жақсы мінезді болуға тырысуымыз керек және көркем мінезді адамдардан үлгі алуымыз қажет деп ойлаймын. Өйткені мінезі жақсы адамның өмірі де жақсы болмақ және ондай адам айналасындағы адамдарға, тіпті еліне үлкен септігін тигізе алады. Әрине, кемшіліксіз адам болмайтыны рас. Меніңше, адамның бойында жаман мінезі болатын болса, оны түзетуге болады деп ойлаймын. Ол туралы Абай «Абай: «Мен егер закон қуаты қолымда бар кісі болсам, адам мінезін түзеп болмайды деген кісінің тілін кесер едім», – дейді. Яғни, «Мінезді түзетуге болмайды» деген қате пікір. Демек, өз боймыздағы жаман мінездірді жойып, тек жақсы мінездірімізді шыңдап, көркем мінез иесі болуға тырысумыз қажет. Әл Фарабидің адам мінезінің көркем болуына байланысты бірнеше нақыл сөздер қалдырған:

  • Ар-ождан алдындағы адалдық өз қадір-қасиетіңе, ізгі іс-әрекетіңе байланысты.
  • Шыншылдық адалдықпен ағалас.
  • Өрге жүзген өнегелі ісімен, Таңда адал дос өз теңіңнің ішінен.
  • Адам мақсатына өзін-өзі жетілдіру арқылы жетеді.
  • Мінез-құлық міні – рухани кеселге жатады.
  • Өзгенің пікірін иемденіп кету – надандық һәм ниеті қара адамға лайық іс.
  • Бейқамдық сәтсіздікке бастайды.
  • Жүргендер көп достық атын малданып, Қалмағайсың сен де бірде алданып.
  • Өз бойында жоқ қасиеттерге құмар кісі көлгір келеді.
  • Білімді болу деген – жаңалық ашуға қабілетті болу. Білім қуған жанның ойы күнделікті күйбеңнен көп алыста жатады.
  • Шын білім – ақиқат, анық білім.
  • Ғылым адам санасына болмысы бөлек, ерекше ұтқыр ұғымдарды орнықтыру арқылы ғана терең ұялайды.
  • Ғылыммен айналыссам деген адамның ақыл-ойы – айқын, ерік-жігері – зор, тілек-мақсаты – ақиқат пен адалдыққа қызмет етуге талап жолында болуы шарт. Жай ләззат іздеу, кәсіпқұмарлыққа ұқсас әрекет ондай болмасқа керек.
  • Мінез – жанның айнасы.
  • Адамның басына қонған бақыттың тұрақты болуы жақсы мінез-құлыққа байланысты.
  • Мінез бен ақыл жарасса – адамгершілік ұтады.
  • Сұлу саз жан сергітеді.
  • Тән ауырса – жан да ауырады.
  • Шын беріліп қызықтаған нәрсе ғана жүрекке жетеді.
  • Ақыл-парасат – адамның ойлауына, пайымдауына, ғылым мен өнердің қыр-сырын ұғуына, жақсы қылық пен жаман қылықтың ара жігін ашуына көмектесетін күш.
  • Тәрбиелеу дегеніміз – адамның бойына білімге негізделген этикалық құндылықтар мен өнер қуатын дарыту.
  • Музыка – рухтың, құмарлық пен ынтызарлықтың, әр алуан көңіл-күйдің ісі.
  • Музыканың негізгі міндеті – адамның эстетикалық қажетін өтеу.
  • Адамға тән бір жақсы қасиет – өзін қоршаған әлемнің әсемдік сырларына үңілу, содан рухани нәр алу, өзінің нәзік сезімін образдар арқылы паш ете алу.
  • Ғақлия көзбен қарасаң, Дүние – ғажап, сен – есік. Жаһлы көзбен қарасаң, Дүние – қоқыс, сен – меншік.
  • Ұстаздық мінез-құлық нормасы мынадай болуға тиіс: ол тым қатал да болмауы керек, тым ырыққа да жығыла бермеуі керек. Өйткені, аса қаталдық – шәкіртті өзіне қарсы қояды, ал тым ырыққа көне беру – қадірін кетіреді, берген білімі мен ғылымына шәкірті селқос қарайтын болады.

Әркімнің өз шығар биігі бар десек, Әбу Насыр әл-Фараби – өзіндік шырқау биігіне шыға білген, бір өзі-ақ бір университет бола алған заңғар тұлға. Ғұлама тұлға тұғырының берік болуына баса мән береді. Мына әлемді адасудан жартылай құтқарар тек тәрбиелі тұлғалар екендігіне кәміл сенеді, сендіреді. Сәйкесінше, тәрбиелеуді адамның бойына білімге негізделген этикалық ізгіліктер мен өнер қуатын дарыту тұрғысында таразылайды. Демек, тәрбие – толыққанды тұлға қалыптасуының басы. Бұл ретте әйгілі әл-Фарабидің: «Адамға ең бірінші білім емес,  тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы»,  – деген тұжырымы әлем педагогтарының санасында. Бұл орайда, ғұлама әл-Фарабиге сүйене айтар болсақ, тәрбиеге көнбейтін, жөндеуге, түзетуге болмайтын жас болмайды. Тек ретін тауып үйретуден, баулудан жалықпау керек. Жаман қылық – жан ауруы. Бұл ауруды кетіру үшін тән ауруын емдеуші дәрігерге ұқсауымыз керек. Қысқасы, педагог-ғалым әл-Фараби: «Тәрбиеші – мәңгі нұрдың қызметшісі. Ол – күллі ой мен қимыл іс-әрекетіне ақылдың дәнін сеуіп, нұр құятын тынымсыз лаулаған оттың көзі», – деп түйіндеген. Әбу Насыр әл-Фарабише, адамның тоқымашы не атбегі болып тумайтыны тәрізді, қайырымдылық пен қайырымсыздық та жаратылыстан бойға бітпейді. Егер де адамның тәндік жаратылысы дамуының негізгі көрсеткіші дененің саулығы болса да, адам атаулы кез келген жұмысқа жарамды бола бермейді. Десек те, адамның жақсы әрекеттер жасауға да, жаман әрекеттер жасауға да туабітті мүмкіндігі мен қабілет-қарымы жетері даусыз. Тек дұрыс әрекет мақсатқа жеткізер жолды дұрыс таңдаудан басталмақ. Асылы, ең тамаша әрекет – бақытқа қол жеткізетін еркіндік болса керек-ті. Ал еркіндік аясында қол жеткізер бақыт, қуаныш және ләззат сезімдері асқан сұлу, ең әсем және аса көркем дүниелерді қолмен ұстағандай айқын және кемел дүниелер ретінде танып-білу арқылы ғана пайда болып, толық болмысқа ие болмақ.  Дұрысы – ізгі де қажетті шаруа атқарған адамның бәсі де жоғары болуы тиіс. Кезекті қарапайым аксиома. Ұлы тұжырымдар қашан да қарапайым болып келмей ме? Бізде солай ма? Тек қандай әрекет жасап, қандай іс істер болсаңыз да, игілігін көріп, рақатына бөленуді мақсат тұтқан жөн.Себебі адам мінезімен ғана көркем, сүйкімді.

ІІІ. Қорытынды бөлім

Ұлы ойшыл қазылық қызмет атқарып жүрген тұсында да ғылымнан қол үзген емес. Бірде таным өрісін одан әрі кеңейтіп, білімін молайта түсуді көздеген данышпан қазылық мансаптан бас тартады.   Ұлы данышпан жаратылыстану, медицина салаларындағы өзінің алдына қойған мақсаттарына жетіп, олардың әрқайсысына жеке-жеке кітап жазып шыққан. Осылайша ғылым-білімнің әу бастағы қайнар бұлағы Алла Тағала тарапынан келетіндігіне жаратылыстану ғылымдарынан нақты дәлелдер келтірген. Мұндай пікірін ұлы ойшыл өзінің Платон философиясының негіздері атты кітабында айтып өткен. Әл-Фараби өз заманында медицинаны «емдеу шеберлігі ғылымы» деп атады. Өз пікірлерін ғана айтып қоймай Әл-Фараби өз кезегінде ұлы ойшылдар Аристотель мен Галеннің пікірлеріне де жеке көзқарасын білдіріп отырған. Ол – энциклопедиялық тұрғыда тұңғиық білімді жан.  Айналысар болсаң, әр іске де өзге дүниені ұмыта, беріле кіріс, сонда ғана шынайы түйінге қол жетуі, шын беріле қызықтаған нәрсе ғана жүрекке жетуі айқын екенін аңғартады. Не болмаса, ғұламаның ұстаздық, достық хақындағы тұжырым-түйіндері де ақиқат дәлдігімен тамсантпай қоймайды. Ұстаздың мінез-құлық нормасына келгенде, «ұстаздық еткен адамның әдісі тым қатаң да болмасын, тым босаң да болмасын. Егер тым қатты, үнемі ызғарлы болса, онда оқушы мұғалімін жек көретін халге жетеді. Егер де өте босаңсытып жіберген кішіпейілдік болса, онда оқушылар жағынан мұғалімді кем санау, берген білімі мен ғылымына селқос қарау қаупі туарын» құдды бір эксперимент жасағандай дәл анықтайды. Осыншама сіз бен бізге жаңа ұрпақты рухани тұлға тұрғысында баулуда ауадай қажетті, аса керекті келелі тұжырымдарға қалай тамсанбассың! Өмірдің өзінен өрілген ойлы түйіндер. Бір ғажабы, Әбу Насыр әл-Фарабидің қай трактатының  қай тарауын оқысаңыз да ойлантпай қоймас ойлы тұжырымдарға кенелеріңіз даусыз.Қысқасы, ғұлама өнер біткеннің бәрі бір адамның құшағына сыймайтынын білсе де, «ғақлия көзбен қарасаң, дүние – ғажап, сен – есік, жаһлы көзбен қарасаң, дүние – қоқыс, сен – меншік» деп өмір бойы шарқ ұра ізденумен өткен. «Көп іздеген көмбе үстінен шығады» дегендей, ғалым ізденгіштігіне шек жоқ. Ғалым өмірінің басты мәні де – тар жол, тайғақ кешулі кезеңдердегі сан тараулы қилы қиындықтарға мойымастан, жүнжіп кетпестен аса сабырлылықпен ізденуінде, ғалам құпияларына бойлауында. Ғұламаның ешуақытта толдым, толыстым, жеттім, жеңдім демеуі де бүгінгі жаңа ұрпаққа тағылым болса керек-ті. Ақырында ғұлама Әбу Насыр әл-Фарабидің өзі «даналар талай нысан тапқанымен, тапқан жоқ тектің тегін әлі бірі» деп кейінгіге үміт арта өткен екен. Кәзіргі болашақ жастарымыздың Әл Фараби атамыздың еңбектерін оқып, тәрбие мен білім алса нұр үстіне нұр болар еді… Ғылыми зерттеу жұмысымды қортындылай келе Әл Фарабидің ұлы еңбектеріне ой-тұжырым жасадым:

  • Әл-Фарабидің ғылыми мұрасы адамзаттың саяси ойларының дамуына үлкен әсерін тигізеді.
  • Біз, жастарды елжандылыққа, отансүйгіштікке және мәңгілік ел құруда әділдікке тәрбиелейді
  • Әл-Фарабидің еңбектері күні бүгінге дейін өз мән-маңызын жоғалтқан жоқ.
  • Әл-Фарабидің мемлекет, ел басқару жөніндегі тұжырымдары, әлеуметтік-этикалық саяси көзқарастары бүгінгі қоғам үшін де айрықша маңызды. Оның еңбектері еуропалық Ренессанстың өрлеуіне үлкен ықпал етті. Фараби Шығыс пен Батыстың ғылымы мен ежелгі мәдениетін табыстыруда зор рөл атқарды.
  • Мінез-құлық туралы асыл ойлары бүгінгі жас ұрпаққа үлкен өнеге.

 

Ғылыми жобамды қорыта келе ұсынатын Ұсынысым:

  1. Әл-Фараби шығармаларын әр түрлі көлемде топтастырып жариялау, оларды бірте-бірте толықтыру жолымен бұл мұраның тұрақтана бастаған түпнұсқасын туған халқына, дүниежүзі тілдеріне аудару арқылы таныту;
  2. Бүкіл әлемге танылып отырған Әл-Фараби шығармаларын арнайы зерттеу нысанасына алып, түрлі ғылым саласында да зерттеу жұмыстарын қатар жүргізумен бірге ол мұра жөніндегі әрқилы деректер көзін де жинастырып, толықтыра беру.
You May Also Like

Ағылшын тілінің біздің өмірдегі маңызы, ғылыми жоба

«Ағылшын тілінің біздің өмірдегі маңызы» (The Importance of English language in our…

Ең үздік ғылыми жоба «Қазақ фольклорындағы қасқыр бейнесі»

Ең үздік ғылыми жоба «Қазақ фольклорындағы қасқыр бейнесі»  Орындаған: Әшрібек Әсел Тақырыбы:…

Алтын қалам-Мұнайдар Балмолда, ғылыми жоба слайд

Поликультурные языковые связи на примере сравнительно-сопоставительного анализа казахского, русского и английского языков