Ашық сабақ:  Математика

Сабақтың тақырыбы: Бірлесіп атқарылған жұмыс

Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік:    Бірлесіп орындауға арналған есептердің жаңа түрімен таныстыру;

  1. Дамытушылық: Бірлесе жұмыс істеу түсінігін қалыптастыру;есептеу қабілеттерін жетілдіру , шапшаң есептеу, есте сақтау, зейінін дамыту. Топта жұмыс істей алу  қабілеттерін  дамыту.
  2. Тәрбиелік: Оқушылардың қызығушылықтарын арттырып,  білімқұмарлыққа баулу, сыйластыққа, жинақылыққа жетелеу.

Түрі : аралас сабақ

Әдісі: талдау,есептеу, салыстыру. топпен жұмыс.

Көрнекілігі:  кестелер, қосымша тапсырмалар жазылған үлестірмелер.
Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың сабаққа дайындығын қадағалау.
ІІ. Психологиялық дайындық.

Әрбір адам? (туысың, досың, жұрағат)

Әрбір сабақ? (үйрену, ұғу, ұлағат)

Әрбір ісің? (тірлік, тірек, адамдық)

Әрбір сөзің? (шындық, бірлік, адалдық)

ІІІ.Үй тапсырмасын тексеру.

1.№5 есепті дәптерлерінен тексеру.

2.Өткен сабақтағы   білімдерін  пайдаланып,  өткенге  шолу.

Семантикалық картаны толтыру.

                      Формула

Аты

S =v*t t= s : v V=s : t A= v *t V = a*b*c р=(а+в)*2
1 Жылдамдық  
2 Уақыт  
3 Қашықтық  
4 Жұмыс  
5 Көлем  
6 Периметр  

ІҮ. Жаңа сабақ

Оқушыларды 3 топқа бөліп,  топтағы оқушыларға қағаздан қайық  жасату.

Бірінші   топ 3 қайық, екінші топ 5 қайық жасады. Олар бірлесіп 3минутта қанша қайық жасады? Осы есепті шығару арқылы, жаңа сабақтың тақырыбымен танысады.

Бірлесіп жұмыс атқарған кездегі өнімділік өнімділіктердің қосындысына тең:  U = U1 +U2

Жұмысты табу үшін (орындалған өнімнің саны) бірлескен өнімділікті уақытқа көбейту қажет:   A = U бірл.∙ t

 Бірлесіп атқарған жұмыстың уақытын білу үшін жұмысты (орындалған өнімнің саны) бірлескен өнімділікке бөлу қажет :  t = A : Uбірл.

  1. Оқулықпен жұмыс

3.146 беттегі  №1 есептің біріншісін ауызша шығару қалған екеуін екі топқа беріп ауызша шығарту.

а)Шебер сағатына 25 бөлшек ,ал оның шәкірті тек 15 бөлшек жасады.Олар

8 сағаттық жұмыс күнінде неше бөлшек жасайды.                                                                                                                                                                     ә)Шебер бір сағатта 25 бөлшек ,ал оның шәкірті 15 бөлшек жасады.Олар екеуі 320 бөлшекті неше сағатта жасап шығарды.

  1. а) Екі елді мекеннен бір біріне қарама-қарсы бағытта екі мотоциклші жолға шығып, олар 4 сағаттан кейін кездесті. Біріншісінің жылдамдығы 65км\сағ. Екі елді мекеннің арасы 480 км болса, онда мотоциклшінің әрқайсысы кездескенге дейін қанша километр  арақашықтық жүріп өткен?

ә) Екі оқушы бір уақытта бір-біріне қарама –қарсы бағытта үйлерінен шықты. Бірінші оқушы 60м\мин жылдамдықпен кездескенге дейін 480м жол жүрді. Ал екінші оқушының жылдамдығына қарағанда 10м\мин артық. Екінші оқушы кездескенге дейін қанша метр жол жүрді?

Тақтаға көлемнің өлшем бірліктері туралы кестені  ілемін.

1 см3=1000 мм3                                    1дм3=1000 см3                                        1м3=1000 дм 3
  1. «Бәйге» ойыны

Кестеге байланысты №5  есепті тақтаға топтан кезекпен оқушы шығып шығарады.

1000см3:4                            1м3-1дм3

3+200дм3                         10 000мм3:50

1000см3+100дм3                  1000см3:20

4.Сергіту сәті: «Ментальды арифметика қимылы» 

  1. «Бірге ойлаймыз» әдісі

2сағ 45 мин+3сағ23 мин

2 сағ15мин+1сағ55мин

2тәул. 4 сағ+3тәул. 23 сағ

5тәул. 15сағ+1 тәул. 20 сағ                                                                                                                                                                            

ҮІ.Қорытынды:

-Бүгін қандай тақырыппен таныстық?

-Жұмысты табу үшін не істейміз?

-Уақыт белгісіз болса ше?

-Өнімділіктің формуласын айт.

Рефлексия:

 Менің сабақтағы  көңіл күйім  жақсы/ төмен

Маған сабақ  ұнады/ ұнамады

Топта жұмысым нәтижелі  болды/ нәтижелі болмады

ҮІІІ.Үйге тапсырма:

Күнделікті енді алайық,

Үй тапсырмасын жазайық

Математикадан алған білімді

Ұмытпай есте сақтайық.

№7, 148 бет

ҮІІ.Бағалау:

Кері байланыс «Желкенді қайық»

You May Also Like

Nice or nasty, сабақ жоспары

Қандай көлік түрлері бар? сабақ жоспары слайд

Жақсы мен жаманды айыра білемін. Сипаттау мәтінін жазамын, сабақ жоспары

Индустрияландыру: ұлттық өндіріс. Сөз мәдениеті, сабақ жоспары