Білім беру саласы: Таным

Бөлімдері:Экология

Тақырыбы:Бөлме гүлдері және оны күту. Олардың өсуіне жағдай жасау.

Мақсаты: Балаларға бөлме гүлдері туралы мәлімет беру.

Өсімдік дүниесіне деген жауапкершілік және ұқыпты қарым-қатынасты қалыптастыру.

Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиеші әрекеті Балалардың іс-әрекеті
 

Мотивациялық-

қозғаушылық

Шаттық шеңбері:

Қуан, шаттан! Алақай!

Қуанатын келді күн.

Қайырлы таң! Қайырлы күн!

Күліп шықты бүгін күн!

Балалар қайталап айтады.

 

 

Ұйымдастыру

ізденушілік

 Балалармен табиғат әлемі жайлы әңгімелесу. Балалар адам тек табиғат және жер бетіндегі тіршілік атауларымен өзара сәйкестікте ғана өмір сүрсе, дені сау және бақытты өмір сүре алады.

«Гүл» – сөздің мағынасын түсіндіру.

Гүлдер – өсімдік әлемі (ағаштар,гүлдер,бұталар,шөптер т.б.)

Әліппе дәптермен жұмыс.

Балалар  өсімдіктер суретін қарайды.

Біздер: өсімдіктер,  адамдар – барлығымыз Жер-ана планетамыздың баласымыз.Біз – бір-бірімізге тәуелдіміз. Ал адам – солардың ішіндегі ең саналысы болғандықтан, Жер-ана планетамыздың денсаулығы үшін ол жауапты.

«Жақсы,жаман» ойыны.

Ағаш отырғызу

Орманды кесу

өзендер мен теңіздерді ластау

су тазартатын

қондырғылар салу

ештеңеге қызықпайтын немқұрайлы болу

табиғаттың қорғаушы болу

Жер бетінде тіршілік етушілер бөлме гүлдері үшін негізгі салауатты өмір салты заңы бар.Осы заңды барлығы орындауға тырысады.

Өсімдіктер өмірінде арнайы тәртіп сақталады. Бөлме гүлін арнайы құмыраға отырғызғаннан кейін,өніп,тамырланып,кішкентай «өскін» өсіп шығады.Оны сумен суарып, күн қыздырып отырады. Топырақ нәр береді.Болашақ бөлме гүлі өсіп келеді. Гүл  күшті және гүлді болуы үшін әр таңда оны жуындырып,салқын жел әр бұтағын тербетіп, жапырағын сыбдырлатып тұрады. Ал ол өсіп үлкейгенде бізді үйдегі түрлі шаң құбылыстарынан, адамдардың жаман эмоцияларын, қажетсіз көмір қышқыл газын бойына сіңіріп, оттегін шығарады. Бірақ егер оған күн сәулесі жеткіліксіз болса, жапырағы сарғайып; суы аз болса, өспей қалады. Жапырақта зиянды заттар болса, бөлме гүлі аурып, ақыр соңында солып қалады.

Лото-ойыны: «Қазақстанның флорасы»

Адам өмірі мен қызметінің табиғат үшін маңызы зор.Адам өзін қоршаған ортада жауапты,себебі табиғаттың теңдігін бұзса,ол өзі жапа шегеді.

Адам  өсімдіктер әлемінен бөлек өмір сүре алмайды, себебі оның өзі-табиғаттың бір бөлігі.Ол өзінің денсаулығын нығайтып, өмірін сақтауда, жердің флорасын  қорғап,күтуі керек.

 

Жаңа сабақпен танысады.

 

 

 

Балалар ойынды ойнайды.

 

 

 

 

 

 

Балалар Дәрігер Салауаттың кеңестерімен танысады.

 

 

Қасиеттері.

-жақсы

-жаман

-жаман

-жақсы

-жақсы

-жаман

 

-жақсы

 

-жаман

-жақсы.

Сергіту жаттығулары.

 

балалар әліппе дәптермен жұмыс жасайды,суреттерді қарайды.

 

 

 

 

Қауіпсіздік мектебінің кеңестерімен танысады.

Рефлексивті-

түзетушілік

Қорытынды:

Табиғат бір-бірімен өзара тығыз байланыста болады.

Жер бетіндегіні бәрі бір-бірімен сәйкестікте өмір сүреді.

Адам флора мен фаунаны қорғап, күтеді,ал олар адамдарға өмір сүруге пайдасын тигізеді.

Адам-табиғат бөлігі.Жер бетінде өсімдіктер,жануарлар,ауа,су,күн болмаса,тіршілік атауы болмас еді.

Әрбір адам қоршаған ортаның фаунасы мен флорасын аялап,қорғауы керек.

Балалар сұрақтарға жауап беріп,сабаққа қорытынды жасайды.

 

Күтілетін нәтиже:

Білу: Қауіпсіздік мектебінің кеңестерімен танысады.

Игеру:Өсімдік дүниесіне деген жауапкершілік және ұқыпты қарым-қатынасты қалыптастыру.

Менгерді: Адам-табиғат бөлігі.Жер бетінде өсімдіктер, ауа,су,күн болмаса,тіршілік атауы болмас еді екенін білді.

You May Also Like

Судың пайдасы, ашық сабақ

Етістіктің шақтары. Ғарыштағы жұмыс. сабақ жоспары

Қазақстан эпиграфикасы, сабақ жоспары

Табиғат сипаты, сабақ жоспары