7-бөлім ҒАРЫШҚА САЯХАТ
105-сабақ. Ғарыш дегеніміз не?

Етістіктің шақтары

Оқу мақсаты: 4.4.2.9 – етістікті тиісті шақта (өткен шақ, келер шақ, осы шақ) қолдану

 Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар:

  • Етістік іс-әрекеттің жүзеге асу мезгілін (уақытын) білдіретінін Етістіктің үш шағы болатынын біледі

Көптеген оқушылар:

  • Етістіктің түрлерін ажырата алады

Кейбір оқушылар:

  • Берілген тақырып бойынша ой қорыту жасай алады.

Бағалау критерийлері:

1.Етістіктің үш шағын атайды

2.Ерекшеліктерін ажырата алады

3.Үш шақта жазады, айтады

4.Жұрнақтар мен көмекші сөздердің қай шаққа қатысты екенін таба алады

Сабақтың басы

  1. «Парасатты диалог» әдісі

ҚБ: 1-10 балдық жүйе

  1. «Қарапайым тәртіп» әдісі

Ғарыш дегеніміз не?

1-тапсырма:

Мəтінді мұқият тыңдап, негізгі тұстарын белгілеп алу. Белгіленген тірек сөздер бойынша мəтін мазмұнын айту. Мəтін мазмұнын белгіленген тірек сөздер бойынша айту

Жұппен жұмыс жасайды. Мəтіндегі таралады, жетеді, тұрады, жатады етістіктерінің қай мезгілде болған əрекетті білдіріп тұрғанын анықтайды.

Дескриптор: Мəтінді мұқият тыңдап, түсініп оқиды. Мəтін мазмұны бойынша талқылаулар жасайды, мəтін мазмұнына тірек болатын сөздерді табады

ҚБ: 1-10 балдық жүйе

Сергіту сәті: Ғарыш

Оқушыларға жұмбақ жасырылады.

Қолдарындағы зымыранды бір-біріне жылдам береді.

Кімнің қолында зымыран қалса, жұмбақтың

шешуін сол оқушы табады.

Қалған оқушылар етістікті тауып қай шақта тұрғанын айтады

Аспанда бір алып құс

Ызғып ұшып барады.

Қарап тұрсаң, ғажайып

Соңында із қалады

                   (зымыран)

Самұрық құс самғады,

Көктен өтіп

Айға жетіп, жеңілдеді салмағы

                  (ғарыш кемесі)

Пазл әдісі «Тауып көр» LearninqApps.orq

2-тапсырма: Сөздерді оқы,көп нүктенің орнына тиісті әріпті қой.

Жұрнақтар мен көмекші сөздердің қай шаққа қатысты  екенін тап.

Дескриптор:Көп нүктенің орнына тиісті әріпті қояды.

Жұрнақтар мен көмекші сөздердің қай шаққа қатысты  екенін табады.

ҚБ: 1-10 балдық жүйе

Кестені толтыр LearninqApps.orq

3-тапсырма: Берілген етістіктерді үш шақта жаз

Дескриптор: Қатесіз берілген етістіктерді өткен шақта жазады

Қатесіз берілген етістіктерді осы шақта жазады

Қатесіз берілген етістіктерді келер шақта жазады

ҚБ: 1-10 балдық жүйе

«Дейін, кейін»  кестесі

Тақырыпты ашқаннан кейін оқушылардың тақырып бойынша білімдерін байқау

Дейін Кейін

Оқу тапсырмасы: 79 бет, 4-жаттығу

You May Also Like

Жаһандану мәселелері. Стилистика, сабақ жоспары

Жануарларды қорғау- адамзаттың парызы, сабақ жоспары

Шешендік сөздер, сабақ жоспары

Есеп шарты бойынша теңдеу құру және оны шешу. ашық сабақ слайд