Жүргізуші:            Қарсы алайық бәріміз,
Жасымыз бен кәріміз.
Қырдан кепті қыдырып,
Алтын күз де  бізге нұр төгіп!

Тілегім аман болсын ел іргесі,
Алтын күз қайта келді берекесі.
Молшылықтың жаршысы бола білді,
Алтын күз-ырыс,береке,бірлік ала келді.

-Армысыздар ағайын! Сәлеметсіздерме,қадірлі қонақтар! Бүгін біз жыл мезгіліндегі ең әдемі уақыты  күзге арналған ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!

-Ал енді қадірлі қонақтар, біздің бүлдіршіндерімізді қарсы алайық.

Музыка әуенімен балалар билеп келеді.

Жүргізуші: Ал, балалар,балалар,
Енді бері қараңдар
Бізге қонақ келмекші
Сендерді бір көрмекші
Әуелі жұмбақ жасырам
Қулығымды асырам.
Таба алсаңдар шешімін
Қонағымды  ортаға шақырамын.
«Көк майсалы көрікті, алқаптағы көп егін
Бұл күндері киіпті, сары жібек көйлегін»-Бұл не ,балақайлар? (Күз)

Музыка әуенмен Күз ханшайымы келеді:  Сәлем менің достарым,
Өмірге көп қосқаным,
Күз сыйлығын алыңдар
Сыйлығына қаныңдар.
Молшылыққа кенеліп,
Шаттық әнге салыңдар.

Жүргізуші: Сәлеметсізбе. Күз ханшайымы, сізді көргенімізге өте қуаныштымыз! Біздің бүлдіршіндер сізге арнап көптеген өнерлерің ұсынуға дайын. Қабыл алыңыз!
Жүргізуші: -Ал, балалар өнерімізді көрсетіп, мерекені тойлайық.

Ән: «Күз келіпті»

Күз ханшайымы:        Берекесін сыйлауға, өлкемізге күз келді,
Жемістерін жинауға, шақырады біздерді.

Музыка әуенмен залға санырауқұлақ мұнайып кіреді.

Санырауқұлақ: Сәлеметсіндерме балалар!

Жүргізуші : САнырауқұлақ саған не болған,неліктен көңіл-күйін жоқ?

Санырауқұлақ: Таңертеннен сендердің ертенгіліктеріне дайындалып, әдемі қалпағымды киіп, Күз ханшайымын күтіп жүрсем мені тоспай бірінші кетіп қалыпты.

Жүргізуші : Күз ханшайымы,санырауқұлақ бұл не дегендерін? Бұлай жасауға болмайды! Баллалар бұл екі қонағымызды татуластырмасақ болмас. Қәне балалар биімізді билеп берейік.

Би «Татуласу»

Күз ханшайымы : Рахмет балалар! Сендердің өнерлерін қатты ұнап тұр.Біз санырауқұлақ екеуіміз татуластық

(санырауқұлақ пен күз ханшайымы құшақтасады)

Жүргізуші: Бәрекелді! Жарайсыздар!

Күз ханшайымы, біздің балалардың сізге дайындаған тақпақтары да бар.

Балалардың тақпақтары:

Айша

Жайдары күз, Жарқын күз

Аяулы күз,алтын күз

Дәнге толы кең далам

Дариядай шалқар күз

Алдияр

Келді міне күз

Айнала сары түс

Керемет тамаша

Қандай әсем күз

Айару

Сап-сары маңай

Сап-сары тоғай

Соңғы әнің айтып

Құс кетті қайтып

Даяна

Күз келді алақай

Алтын келді далаға

Дәні бітік бидайды

Құйып жатыр қамбаға

Айару

Дала сары киінді

Самал соқты салқындау

Қырмандарға үйілді

Алтын астық-алтын тау

Жүргізуші: :   Әсем әуен салдырған
Сәбилер де алғыр жан
Бал дәуреннің қызығын
Есте қалар балдырған.

Би: «Санырауқұлақ» 

Ойын: Балалар, мен сендермен бірге ойын ойнағым келіп тұр. «Компот, Суп» ойынды ойнатады.

(Саңырауқұлақ шаршап отырады)

Жүргізуші: Саңырауқұлақ сен демалып ал біз саған арнаған әнімізді орындап береиік

Ән: «Саңырауқұлақ»

Санырауқұлақ: Балалар рахмет тағыда! Әндерін қатты ұнады.Шаршағаным лезде басылды.

(Күз ханшайымы ойын ойнатады)

Ойын: «Сиқырлы орамал»   Қане, шеңбер құрайық,

Билеп-билеп алайық.

Шыр етіп айналып,

Теріс қарап отырайық.

Балалар теріс қарап тұрғанда күз ханшайымы ортаға орамал жабылған себетті қояды. Ал балалар енді бұрылып қарайық.

Күз:                                         Орамалды ашайық,

Астында не, қарайық?

Бұл не?

Себет қой!

Себеттің бетін жапырақтар жауып тұрады.

Екінші рет ойналғанда, себеттің ішінде тәттілер болады. Бұл күздің сыйы деп тәттілерді балаларға үлестіреді. Балалар алғыстарын айтады.

Күз ханшайымы, Санырауқұлақ: Қандай керемет шеттеріңнен өнерлі екеңсіңдер.  Ендеше бізді басқа балалар тосып отыр ,Сау болыңдар балалар!

Жүргізуші: Құрметті  қонақтар,
Айналайын балалар.
Мерекеміз бүгінгі
Естен кетпес күн болды.
Бақыт тілеп бәрімізге,
Сау болыныздар, деп.
Аман-саулық тілеп,

Мерекені аяқтаймыз

You May Also Like

Дыбыстардың үндесуі. сабақ жоспары

Әлемнің жаңа жеті кереметіне саяхаттау, сабақ жоспары

Құсбегілік – ата кәсіп, сабақ жоспары

Әлемді өзгерткен өнертабыстары. Шешендік сөздер, сабақ жоспары