2-сынып 

Еңбекке баулу 

Сабақ тақырыбы: Қағаз жолақшалардан композиция құрастыру (квиллинг)
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
Оқушыларға қағаздан дайындалған бұйымдарды көрсетіп, жасалу жолдарын түсіндіру.
Дамытушылық: Оқушыларға қағаздан квиллинг жасау  тәсілдерін үйрету  барысында оқушылардың  икемділігін, шеберлігін дамыту.
Тәрбиелік: Эстетикалық талғаммен ұқыптылыққа тәрбиелеу
Сабақтың түрі: аралас
Көрнекіліктер: дайын бұйымдар, нұсқаулық  суреттер.
Керекті құрал – жабдықтар: түсті қағаздар, қайшы, біз, желім.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру.
2. Үй тапсырмасын тексеру.
3. Жаңа сабақ.

– Оқушылар алдымен біз қайшымен жұмыс жасайтын еңбек қауіпсіздік ережесін еске түсірейік. Сабағымыздың негізгі мақсаты: қағазды  бөліктерге бөліп, құрастырып бұйым жасау. Қағазды орап бейнеге айналдыру өнерін – квиллинг  деп атайды. Бұл өнер Жапонияда  14-15 ғасырларда пайда болған. Жапондықтар қағазды қолданудың көптеген тәсілдерін ойлап тапқан.
Квиллинг өнерін  игеру арқылы кез – келген бейнені жасап алуға болады. Мына суреттерге назар аударайық. Қағаздан квиллинг әдісімен түрлі бұйымдар дайындалған: картиналар, букеттер, шыршаға арналған ойыншықтар, қарлар. Бұл бұйымдарды сувенир ретінде мерекелерде сыйға тартуға болады.

– Сарамандық жұмыс: гүл жасау.
І сызба.

Қағазды орау  тәсілдер,
ІІ сызба.

Құрастыру тәсілдері
– Бұл жұмысқа  2-3  түсті қағаз пайдаланылады. Барлығы  9-10 жолақ  дайындалады. Енді жасалу ретіне тоқталамыз.
1. Қағазды көлденеңнен 1-1,5см жолақтар сызып, оларды қырқып аламыз.
2. Жолақтарды біздің көмегімен тығыз етіп ораймыз.
3. Оралған дөңгелекті сәл босатып, шетін желімдейміз.
4. Алынған оралған қағаздардан  пішіндер жасаймыз.
5. Соңында оларды бір-біріне құрастырып, желімдеп қоямыз.
Жұмысты әрі қарай жалғастыру, әр оқушыға жекелеп көмек көрсетіп, жұмыс жасау барысын бақылау.

Бекіту сұрақтары:
1. Сабақ ұнады ма? Қандай қиындықтар кездесті?
2. Квиллинг өнері деніміз не?
3. Бұл өнер қай елде пайда болған?
4. Қағаздан тағы да қандай бұйымдар жасауға болады?
Оқушылардың жұмысын бағалау.
Үйге тапсырма:
жұмысты аяқтау.

You May Also Like

Презентацияға арналған ақпарат, сабақ жоспары

Алматыға саяхат, сабақ жоспары

Аспан әлемінің құпиялары, сабақ жоспары

Аспан шамдары, сабақ жоспары