Әлеуметтанудың басқа ғылымдармен байланысы.

Астана 2017 ж.

Жоспар

  1. Кіріспе
  2. Негізгі бөлім
  3. Әлеуметтанудың объектісі және категориялары.
    2.Әлеуметтанудың құрылымы және атқаратын қызметі (функциясы).
    3.Әлеуметтанудың басқа қоғамдық және гуманитарлық ғылымдармен
    байланысы.

III. Қорытынды

I Кіріспе

            Жоспарға сәйкес тақырыптың бірінші сұрауына жауап беру үшін біз әлеуметтану деген не, ол нені зерттейді, онын объектісі мен пәнін бір-бірінен ажыратып, шатастырмауымыз керек. Әлеуметтану ұғымын XIX ғасырдың ортасында атақты француз әлеуметтанушысы Огюст Конт енгізді. Оның алғашқы мазмұны қоғамтану болатын. Тек қана кейінен, әлеуметтану пәнінің осы ғасыр ішінде бірнеше рет ауысуына байланысты ол өзінің дұрыс, дәл атын тапты. Ендігі жерде біз әлеуметтанудың объектісі мен пәнінің орындарын бір-бірімен алмастырып алудан сақ болуымыз керек. Бұл екі мәселе бір-бірімен тығыз байланысты болғанымен, олардың айырмашылығы бар.Әлеуметтану да басқа ғылымдар сияқты, ең алдымен таным функциясын атқарады. Әлеуметтану қандай да бір деңгейде болмасын, ол әр уақытта жаңа білімнің, көкжисгін кеңейтіп, оның деңгейі мен дәрежесін өсіріп отырады, қоғамның әлеуметтік даму заңдылықтарын, болашағын айтып береді. Әрине, бұл бағытта іргелі және қолданбалы эмпирикалық зерттеу теориялары, тұжырымдамалары оған барынша қызмет етеді. Тарих сияқты, әлеуметтану да екі негізгі мәселемен ұштасады, біріншіден, белгілі әлеуметтік заңдылықтардың болуымен, және, екіншіден, қоғам дамуына ықпал ететін, жеке, дара, қайталанбас құбылыстар мен үрдістердің дамуымен. Құндылықтар мен нормалардың, қатынастардың субъективті-объективті байланыс эволюциясын айқындауға, тек тарих пен әлеуметтанудың бірлескен күші нәтижиесінде ғана жетуі мүмкін.

II Негізгі бөлім

Әлеуметтану пәнінің объектісі дегеніміз –  бізді қоршап тұрған объективтік нақтылы өмір, ол қоғам, адамдар, оның алуан түрлі бірліктері (отбасы, топ, тап, әлеуметтік мекемелер, институттар, мемлекет, т.б.), тіпті адамның өзі, оның барлық іс-әрекеті, қызметі, санасы, тәртібі, т.б. Бұлар зерттелетін объекті болғаннан кейін субъектіден тәуелсіз, тыс өмір сүреді. Оларды адам өзінің теориялық немесе практикалық  мәселелерін шешу арқылы алға қойған мақсатына жету үшін пайдаланады. Осыдан әлеуметтанудың пәні шығады. Әрбір ғылымның пәні зерттеушінің қалауы мен таңдауының негізінде алынған кез келген қоғамдағы құбылыс. Процесс немесе көкейкесті мәселесінің артықшылығын, қасиеттерін, сапасын, логикалық тұрғыдан жан-жақты талдау негізінде адамдардың немесе әлеуметтік ұйымдардың бірігіп, ұйымдасып еңбек етуін, қызмет атқаруын, жұмыс істеуін, жалпы материалдық, рухани іс-әрекеттердің, олардың арасындағы алуан түрлі қатынастардың бір-біріне әрекетін, түрлерін жан-жақты терең танып, білуді әлеуметтанудың пәні деп айтады. Бұл зерттеулердің басты мақсаты – объект, құбылыс, процесс және мәселелер арасындағы басты, қажетті, тұрақты, қайталанатын, мәнді, маңызды байланыс, қатынастарды логикалық тұрғыдан зерттеу. Бұл байланыс-қатынастардың сапалық жағынан өзгешелігін көрсету. Әлеуметтану пәнінің байланыс, қатынастар жиынтығы «әлеуметтік» қоғамның біртұтас жүйесін құрайтын нақтылы ұғымдарға кіреді. Олар әрбір объектіде, құбылыста, процесте ерекше ұйымдастырылған белгілі бір әлеуметтік жүйе ретінде болады. Ал, әлеуметтану пәнінің қалыптасуы объектінің қасиеті мен зерттеушінің алдына қойған мәселелерінің мақсаты мен сипатына, оның ғылыми білімінің деңгейіне және өз дүние – танымында қолданатын құрал-тәсілдеріне байланысты. Зерттеу пәні әр уақытта зерттеу объектісін қажет етеді, бірақ, оған кірмейді, онымен тең емес,өйткені бір ғана әлеуметтік объект өмірдің алуан түрлі мәселелерін шешу үшін зерттелуі мүмкін. Осыған орай әлеуметтанудың пәні зерттелетін объектінің шекарасын белгілейді. Сондықтан әлеумттану пәнінің басты міндеті – әлеуметтік жүйелерді типологизациялау (яғни, ортақ белгілеріне қарай жіктеу, топтау – А.И.), әрбір әлеуметтік объектінің байланысы мен қатынастарын заңдар деңгейінде зерттеу – бұл заңдылықтардың әрбір әлеуметтік жүйесін басқару, оның тәртібін реттеу, оның іс-әрекет, қызмет ету тетіктерін анықтау болып табылады. Сонымен, әлеуметтік – әлеуметтік байланыс пен қатынастарды ұйымдастырудың негізгі бастамасы ретінде болса, ал, әлеуметтік заңдылықтар бұлардың мәні мен мазмұнын түсінудің негізі болып есептеледі.

Әлеуметтану пәнінің қалыптасуы әруақытта оның категориялары арқылы жүзеге асырылады. Категориялар (яғни, жалпы ұғымдар) өмірдің нақтылы шындығын, әлеуметтік құрылымның дамуындағы маңызды жақтарды, ондағы қатынастар мен байланыстарды бейнелейді. Олар осы қатынас байланыстардың тұрақты, қайталанын, маңызды түрлерін және құбылыстар мен процестердің өзара  іс-қимылын көрсетеді. Бұл категориялар (яғни, жалпы ұғымдар) бір-бірімен тығыз байланыста, қатынаста болады, олар ешуақытта бір-бірінен бөлек, оқшау тұрмайды.

Осыған орай кейбір категорияларға жеке тоқталайық.

Негізінде әлеуметтану екі үлкен категорияға басты назар аударды. Ол – қоғам және тұлға. Ал, қоғам туралы әлеуметтану мәселесі қозғалғанда төмендегі категориялар арқылы (жалпы ұғымдармен) зерттеу жүргізеді. Ол – «әлеуметтік бірлік». Бұл адамдардың арасындағы әр түрлі қарым-қатынастар. Осы қарым-қатынас, байланыстардың негізінде  олардың күнделікті өмірі мен іс-әрекетінің мұң-мұқтажын, талап-тілектерінің бірлігі жатыр.

Әлеуметтік бірлестіктер қоғамды қайта құру, өзгерту субъектісі болып саналады және бұл – әлеуметтік субъектінің өзін-өзі ұйымдастыруның тұрақты түрі. Әлеуметтік бірлестіктің түрлеріне: отбасы, адамдардың әлеуметтік – таптық, топтық, әлеуметтік – демографикалық, ұлттық, территориялық, мемлекеттік және бүкіл адамзаттық қоғам бірліктері, қозғалыстары, т.б. жатады.

«Әлеуметтік құрылым». Бұл өндірістегі қоғамдық еңбектің бөлінуінің реттелген жүйесі және осыған сәйкес меншікке, билікке, басқаруға, қоғамдағы адамдардың құқық және міндеттеріне қатынастарының жүйесі.

«Қоғамдық сана». Бұл қоғамның рухани құрылымның жиынтығы. Қоғамдық сана әруақытта тікелей немесе күрделі болып, қоғамдық сипатта болады. Яғни, ол жалпы қоғамға тән қасиет.  «Әлеуметтік топ» – бұл қоғамның құрылымы, оның жікке бөлінуі, әлеуметтік теңсіздік;  «тұлға» – бұл адамның әлеуметтік сапасы, оның мәні. Әлеуметтану тұлғаны талдап, зерттегенде әр түрлі ұғымдарды қолданады.

Әлеуметтік құндылық. Бұлар қоғамдық қатынастарды, мұң-мұқтажды, талап-тілектерді анықтайтын тұлғалық құнды нұсқаулар. Бұлар адамдардың тәртібінің іштей реттелуі, басқарылуы арқылы белгіленеді.

«Әлеуметтік нормалар» (ережелер) қоғамда қалыптасып, реттеліп отыратын ережелердің жиынтығы.

Тұлғалық ынта, көңіл, назар, ықылас, қалау, тілек, т.б. – бұлар адамдардың әлеуметтік белсенділіктердің қозғаушы күштері (стимулдері); «әлеуметтік рөл»,яғни атқарылатын қызмет; «әлеуметтік статус» – адамның қоғамдағы орны мен жағдайы және тағы басқалары.

  1. 2. ӘЛЕУМЕТТАНУДЫҢ АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТІ

Әлеуметтанудың қоғам өмірімен тығыз, жан-жақты байланысы, қатынасы оның атқаратын қызметінің айқын көрінеді.

Әлеуметтану да басқа ғылымдар сияқты, ең алдымен таным функциясын атқарады. Әлеуметтану қандай да бір деңгейде болмасын, ол әр уақытта жаңа білімнің, көкжиегін кеңейтіп, оның деңгеймен дәрежесін өсіріп отырады, қоғамның әлеуметтік даму заңдылықтарын болашағын ашып береді. Әрине, бұл бағытта іргелі және қолданбалы эмпирикалық зерттеу теориялары, тұжырымдамалары оған барынша қызмет етеді.

Әлеуметтанудың атқаратын қызметінің бір ерекшелігі, мұнда тұжырым мен іс әруақытта бірлікте болады. Осыдан барып әлеуметтік теория мен тұжырымдамалар көбіне тәжірибелік мәселелерді шешуге бағытталады. Бұл тұрғыдан қарағанда әлеуметтанудың тәжірибелік қызметі алдыңғы  қатарға шығып, атқарылатын қызметтің басқа жаңа түрлері белгіленеді. Нақтылы әлеуметтік құбылыстар мен үдерістердің үстінен әлеуметтік бақылауды күшейтуде жаңа ақпараттардың маңызы зор. Ол болмаса әлеуметтік қысым, әлеуметтік дағдарыс және катаклизмдер көбейіп кетуі мүмкін. Көптеген елдерде атқарушы мекемелер мен билік өкілдері, саяси партиялар және алуан түрлі бірліктер өздерінің мақсатты саясаттарын жүргізуде әлеуметтанудың барлық мүмкіншіліктерін пайдаланып отырады. Бұл тұрғыдан алғанда әлеуметтану әлеуметтік бақылау функциясын атқарады.

Әлеуметтанудың тәжірибелік бағыты – оның әлеуметтік құбылыстар мен процесттердің болашақ дамуының бағытын анықтауында. Бұл жерде біз әлеумметтанудың болжайтын қызметін байқаймыз. Еліміздің жаңа, нарықтық қатынастарға көшуіне байланысты болуы мүмкін кері қүбылыстар мен  апаттардың болашаққа болжам жасап отыру арқылы ғана алдын алуға болады. Мысалы, мынандай мәселелерді болжап шешуде оның маңызы зор, атап айтқанда, жаңа нарықтық қатынастардың еңбекші бұқара халыққа беретін мүмкіншілігін ауқымы қандай? Әлеуметтік құбылыс пен процесстердің дамуындағы оның баламалы түрлері қандай? Баламалы құбылыс пен процесттердің оң және теріс жақтарының тиімділік және тиімсіздік арасалмағы мен арақатынастары қандай? т.б.

Әлеуметтану қоғамның қай саласында болмасын (экономика, саяси, рухани т.б.), әлеуметтік даму жоспарын жасау қызметін атқарады. Ал, аймақтық, аудандық, тіпті еңбек ұжымдарының әлеуметтік жоспарларын жасағанда, ол нақтылы әлеуметтік зерттеуден алынған жаңа деректерді, фактілерді, кеңес-ұсыныстарды, т.б. кеңінен пайдаланады.

Әлеуметтік қоғамда идеологиялық функцияны да атқарады. Нақты әлеуметтік зерттеуден алынған нәтижелер қоғамдағы белгілі бір жік немесе топтардың талап-тілегіне, мұң-мұқтажын шешуге, сөйтіп, олардың белгілі бір әлеуметтік мақсатқа жеткізу, сендіру үшін пайдаланылады. Әлеуметтану адамдардың арасындағы қарым-қатынастарды, байланыстарды одан әрі жетілдіріп, олардың саны-сезімдерін, мінез-құлықтарын, тәртібін жақсартады. Сөйтіп ол қоғамдық қатынастарды жетілдіріп, гуманистік (адамгершілік) функцияны да атқарады.

  1. ӘЛЕУМЕТТАНУДЫҢ БАСҚА ҚОҒАМДЫҚ ЖӘНЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР МЕН БАЙЛАНЫСЫ МЕН АРАҚАТЫНАСЫ 

Әлеуметтанудың басқа ғылымдар мен байланыстыратын негізгі нәрсе – ол қоғам туралы жалпы ғылым бола отырып, оның жалпы даму  заңдарын ашып, тұжырымдайды. Ал, қоғамның жалпы даму заңдарына әрбір нақтылы қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар сүйенеді. Сондықтан әлеуметтанудың жалпы қоғам даму заңдары бұл ғылымдардың әдістемесі мен теориясы ретінде саналады.

Әлееуметтанудың басқа ғылымдар мен байланысынң екінші түрі, ол адам туралы, оның іс-әрекетін қызметін оқып үйренудің, оны жан-жақты талдаудың, өлшеудің әдістері мен техникасын тұжырымдап қалыптастырды. Бұлар нақтылы қоғамдық және гуманисттік ғылымдарда кеңінен қолданылады.

Әлеуметтанудың басқа ғылымдар мен байланысының үшінші негізгі түрі- ол нақтылы ғылымдар мен тығыз жақындасып, байланысу арқылы ғылыми арнайы тұжырымдық база қалыптастырады. Мысалы, экономикалық ғылымымен тығыз байланыста болып, экономикалық құбылыспен процесттерге бірігіп зерттеу жүргізудің нәтижесінде әлеуметтік экономиканың арнауы теориясы жасалды. Құқық ғылыммен бірігіп зерттеу жүргізудің нәтижесінде – құқықтық әлеуметтану; саяси теориямен бірге отырып, саяси әлеуметтану; педагогикамен бірге отырып, педагогикалық әлеуметтану, тәрбие әлеуметтануы; әдебиет, тіл, көркем өнер ғылымдарымен біріге отырып, әдебиет әлеуметтануы, тіл әлеуметтану, көркемөнер әлеуметтануы, т.б. әлеуметтанудың арнаулы теориялары (барлығы 100-ге тарта) пайда болды.

Бұл ғылымдардың арнаулы теориялары, басқаша айтқанда, әлеуметтік теориялар немесе деңгейдегі теориялар деп аталады. Басқа ғылымдардың әлеуметтанумен тығыз байланысы олардың әрқайсысының әлеуметтанудың ғылыми категорияларының (жалпы ғылымдарын) қағидаларын, заңдарын нақтылы әдістерін кеңінен пайдалануынан байқаймыз.

Екінші жағынан, әлеуметтану өзінің ой-пікірлерін, теорияларының тұжырымдамаларын, т.б. толық дәлелдеу және одан әрі дамыту үшін нақтылы ғылымдардың фактілеріне, деректеріне, тұжырымдарына, т.б. сүйенеді, осылар арқылы ол жаңа қорытындылар жасап, орын алып отырған қайшылықтарды жұмсарту немесе жою жолдарын, жалпы қоғамның даму тенденцияларын (бет алысын) анықтайды. Сөйтіп қоғамды басқарудың тиімділігін арттырады.

Әлеуметтану пәні даму үшін басқа ғылымдармен тығыз қарым-қатынаста болуы керек. Сол үшін әлеуметтану байланысты ғылымдарға жеке-жеке тоқталып кетейік:

1) Әлеуметтану және философия.  Бұл екі пәннің ұқсастығы екеуіде қоғамның дамуын зерттейді. Социологияға қарағанда философия қоғам өмірін философиялық бағытта, яғни – мағына құраушы сөздермен зерттейді. Социология болса қоғамды – эмпирикалық методтармен зерттейді. Социология пәні бастауды философиядан алғандықтан екеуінің арасындағы қарым-қатынас өте тығыз.

2) Әлеуметтану және психология.   Психология бағыты – жекеменшік «Менді» зерттеу, сомен қатар психикалық жеке қасиеттерді зерттеу (инстинкт, темперамент), адам психикасын қайталанбас керемет әлем іспеттес зерттеу.  Әлеуметтан бағыты  – қоғамды зерттегендіктен, сол қоғам арасындағы және адам арасындағы арнайы қасиеттерді, оның әлеуметтік позицияларын, рөлдік күтілімдерін зерттейді.  .

3)Экономика және әлеуметтану. Бұл екі пәннің ұқсастығы – материалдық керек жарақтар және де экономика бұл қоғамдағы басты заттардың және мәселелердің бірі. Экономика  математикалық өнімдерді және жабдықтарды зерттесе.Әлеуметтану  қоғамдағы адамдардың экономикалық жағдайын, адамдар арасындағы әр түрлі экономикалық жағдайларды зерттейді.

4) Әлеуметтану және саясаттану. Саясаттану политикалық бағыттарды зерттейді, структурасын, режимдерін, мемлекеттің қоғамға ықпалын зерттейді. Әлеуметтану болса, политикалық бағыттарды адамдардың қатысы арқылы және ол қоғамға қалай әсер ететінін зерттейді.

5) География және әлеуметтану. Соңғы кездері адамдар арасында территорияға байланысты көптеген даулар болып жүр. Әлеуметтану қоғамға миграция, эмиграция, қоныс аудару жайлы көптеген көмегін бере алады.

6)  Экология және әлеуметтану. Қазіргі таңда қоғамда ең көп кезедесетін проблема ол – экологиялық мәселе болып саналады. Табиғатты қорғау мәселесі, қоғамдық қатынастар және де қоршаған ортаның әсерін әлеуметтік анализдер арқылы анықтауға болмайды. Соған орай қазір «әлеуметтік экология» бағыты пайда болды, ол табиғатты қорғаумен тығыз байланысты.

7)Медицина және әлеуметтану. Қоғам ішіндегі адамдардың денсаулығын зерттеу, олардың алдын алу осы арнайы бағыттың келуіне себепші болды.

Социологияның басқа ғылымдармен – экономикамен, саясаттанумен, этнографиямен және т.б. байланыс теориялары салалық деп аталады. Бұл теориялар қоғам өмірінің әр түрлі салаларындағы әлеуметтік заңдар мен заңдылықтардың көрініс табу нысандары мен әрекет ету механизмдерін зерделейді. Олардың объектісі болып табылатындар: экономика, саясат, құқық және т.с.с. қоғамның жеке “бөліктері”, олар социологияның басқа ғылымдармен байланысын жалғастырады. Олардың айырмашылығының негізін зерттеу объектісі атқарады, ол социологиялық оқу пәнінің атауында көрсетіледі: “экономикалық социология”, “саяси социология”, “құқық социологиясы”.Бұл теориялар ерекшеленген социологиялық категорияларды: әлеуметтік топ, әлеуметтік институт, әлеуметтік ұйым және т.б. пайдалана отырып, қоғамдық өмірдің әр түрлі салаларын олардағы әлеуметтік қарым-қатынастар көзқарасы тұрғысынан зерделейді. Аталған оқу пәндеріндегі “социология” термині қоғам өмірінің социология пәнімен және әдісімен шарттастырылған тиісті салаларына ерекше көзқарастарды көрсетеді.

III. Қорытынды

Сонымен, қорыта келгенде әлеуметтану тек қоғам арасындағы қатынастарды ғана емес, соған қоса сол қоғамды басқа ғылымдармен ұштастырып, байланыстырып қоғам арасындағы мәселелерді шеше білген сала болып саналады. Әлеуметтанудың басқа ғылымдар мен байланыстыратын негізгі нәрсе – ол қоғам туралы жалпы ғылым бола отырып, оның жалпы даму  заңдарын ашып, тұжырымдайды. Ал, қоғамның жалпы даму заңдарына әрбір нақтылы қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар сүйенеді. Сондықтан әлеуметтанудың жалпы қоғам даму заңдары бұл ғылымдардың әдістемесі мен теориясы ретінде саналады.

You May Also Like

Валюта нарығы, реферат

МАЗМҰНЫ КІРІСПЕ…………………………………………………………………………..  І ТАРАУ.  Валюта  нарығы  және  валюталық  реттеу  туралы  жалпы  түсінік……………………………………………………………..……………….…

Жеке тұлға-әлеуметтік дамудың субъектісі және объектісі ретінде, реферат

 Жоспар Кіріспе 1 Тұлға ұғымының мәні мен түсінігі 2 Тұлға туралы теориялар…

19 Ғасырдағы қазақ халқының мәдениеті, реферат

19ғ казак халқының мәдениеті 20 ғасырдың басындағы Қазақстан мәдениеті Оқу-ағарту ісі. Әдебиет.…

Синапстық өткізудің ерекшеліктері, реферат

  РЕФЕРАТ Тақырыбы: Синапстық өткізудің ерекшеліктері Жоспар І Кіріспе Синапс (құрылысы, қасиеттері).…