Ақпаратқа қол жеткізу үшін мобильді технологияларды пайдалану, GPS навигаторлары, GSM сигнализациясы.

 Жоспар:

Кіріспе

2.Негізгі бөлім

2.1.Мобильді технология дәуірлері

2.2.Мобильді құрылғыларды программалық қамтамасыздандыру

2.3.Мобильді технологияларға арналған Флеш

2.4.Мобильді технологияларға арналған JAVA

2.5.Мобильді технологияларға арналған қосымшалар

2.6.Мобильді технологиялардың біздің өмірімізге енгізген жаңалығы

  1. Қорытынды

Кіріспе

Біздің өмірімізге мобильді технологиялар енгізілгеннен кейін, бұл өндірілген процестерді де, ақпаратқа қол жеткізу процестерін де түбегейлі жақсартады. Ұтқыр мобильді технологияларды пайдалана отырып, әлемдегі оқиғалардың барлығын қадағалап отыра аламыз.Оған көп уақыт та күш-жігерде кетпейді.Бұдан басқа, мобильді технология технологиялық процестерді оңтайландыруға, өндіріс шығындарын азайтуға мүмкіндік береді.

          Негізгі бөлім

Қазіргі заманғы кітапханалар ақпараттар мен құжаттарға сұранысты орындау қашықтық пен сұраныстағы ақпараттың орналақсан жеріне тәуелсіз, пайдаланушылардың түгеліне дерлік қолжетімді болу керек.

Мобильді технологиялар – бұл кітапхананың жаңа қызметі, тәжірбиелік біліктілік, келешек. Қазіргі заманда адамдар интернет желісіне ұялы телефондар және портативті компьютерлер көмегімен кіріп, керек ақпаратқа қол жеткізе алады.

Біздің кітапханалар wap-онлайн каталогтарына, wap-деректер базасына, wap-энциклопедияларға, виртуалды анықтама қызметіне кітапхананың wap-сайты арқылы және wap-чат немесе sms көмегімен қол жеткізуді алдыңғы қатарда болып енгізіп жатыр (мысалы, пайдаланушылар ұялы телефон арқылы кітапхана сайтына кіріп, ОҚЖ-нің электрондық каталогының іздеу қызметін пайдалана алады). Бүгінгі күннің өзінде электрондық кітаптар баспа кітаптардың шрифтін, көркемделуін және стильдерін көшіріп алуына байланысты электрондық және баспадан шыққан кітаптар бейбiт қатар өмiр сүре алады. Бұл оқырмандардардың кітаптың екі түріне де қызығушылығын еш кемітер емес.

Bluetooth, WAP, GPRS секілді байланыс түрлері ұялы телефондар көмегімен Интернеттің ақпараттық және қызмет көрсету ресурстарына қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Мобильді Операциялық Жүйе – көп функционалды ұялы телефоннан толыққанды компьютер жасауға мүмкіндік беретін жүйе.ОЖ-ні ұялы телефондар мен коммуникаторларға олардың жұмысының сапасын жақсарту үшін орнатылады.

  • Android – Linux ядросында құрылған, ұялы телефонға арналған ОЖ. Қазіргі күні Google компаниясымен біріккен Android Inc. компаниясында құрастырылған болатын.
  • Bada – Samsung компаниясының Samsung Hand-Held Platform платформасында құрастырылған  платформа. Айта кететін жайт, Bada-бұл ОЖ емес,  ашық типтегі үлкен платформа.
  • Maemo – Debian L.inux  базасының негізінде жинақталған. Көбіне планшеттер мен Nokia коммуникаторларында қолданылатын протативті құрылғыларға арналған платформа. Maemo негізінде Gnome компоненттері, соның ішінде, графикалық кітапхана gtk. болып табылады.
  • Palm webOS – Pre  және Pixi смартфондарына арналған, Palm компаниясының экзотикалық ОЖ. Palm web OS платформасы сенсорлық экранды құрылғымен жұмыс жасауға арналған.
  • Apple iOS ( бұрынғы IPhone OS) – Mac OS X негізінде құрылған Apple компаниясының ұялы телефондарына арналған ОЖ. Ол iPhone, iPod Touch және iPad –та орнатылған. Apple Ios  Mach микроядросының Darwin ядросында құрылған.
  • Windows Mobile – Pocket PC  қосылған құрылғыларда(смартфон және коммуникаторлар) жұмыс жасайтын мобильді ОЖ.

Мобильді технологияларға арналған JAVA

  • Телефонның функционалды мүмкіндігін ұлғайтуға мүмкіндік беретін жалғыз тиімді технология
  • Ең танымал түрі – ойындар
  • Жабдықталған процессорлар мен flash-жадтарымен қатар үйренші тұрмысқа 3D ойындары келді

Корпоративті үстелдік дербес компьютерлердің 97%-ы Java қосымшасын қолданады;

АҚШ-та үстелдік дербес компьтерлердің 89%-ы Java қосымшасын қолданады;

Әлемде Java-ның 9 млн өндірушілері бар;

Java өндірушілер арасында нөмір 1;

Java-ны 3 млрд мобильді телефондар қолданады;

5 млн Java Card-тар қолданылады

Java 125 млн теледидар құрылғыларында қолданылады

Java ішінде технологиялардың бірнеше негізгі топтары бар. Олар:

  • Java SE — Java Standard Edition, Java негізгі басылымы, API, Java Runtime Environment компиляторлары бар; қолданушылық қосымшалар жасауға келтірілген, ең алдымен — үстелдік жүйелер.
  • Java EE — Java Enterprise Edition, кәсіпорын деңгейіндегі бағдарламалық жабдықтамалар жасауға арналған арнайы құралдар жиыны болып табылады.
  • Java ME — Java Micro Edition, есептеуіш қабілеттері шектелген құрылғыларда қолдануға арналған, мысалы ұялы телефондар, қалталық дербес компьютерлар, кіріктірме жүйелер.
  • JavaFX — Java эволюциясының Rich Client Platform ретіндегі келесі қадам технологияся; бірлестіктің қосымшалары мен бизнестың графикалық интерфейстерін жасауға арналған.
  • Java Card — смарт-карталар мен жад көлемі мен өңдеу қабілеті өте шектеулі басқа да құрылғалырда жұмыс істейтін қосымшалардың қауіпсіз ортасын құратын технология.

 

GPS (ағылш. Global Positioning System — жаһандық позициялау жүйесі, Джи Пи Эс деп оқылады) — аралықты, уақытты және орналасу нүктесін анықтауға арналған навигацияның жерсеріктік жүйесі. Жердің кез келген жерінде (полярлық аумақты қоспағанда), кез келген ауа-райында, сонымен қатар ғаламшардың ғарыштықаймағында нысанның орны мен жүру жылдамдығын анықтап бере алады. Жүйені АҚШҚорғаныс министрлігі жасаған. Системаны қолданудың негізгі принціпі – мекенжайды, уақытты өлшеу бағыты мен синхронды қабылдаулар арқылы спутниктік навигациялық антенналар арқылы табу. Үш өлшемдік координаталарын анықтау үшін GPS- қабылдағышқа төрт теңдік қажет: «арақашықтық күннің жарық шығаруына тең, сигнал қабылдағыштың әр түрлі моменттілігі және оның спутниктен синхронды сәулелену моменті».  {\displaystyle |x-a_{j}|=c(t_{j}-\tau )}Бұл жерде {\displaystyle a_{j}}- мекен орны {\displaystyle {j}}- спутниктің, {\displaystyle {j}}- уақыт қабылдауыш спутниктен {\displaystyle t_{j}}  сигналды қабылдау уақыты, {\displaystyle \tau } – уақыт қабылдағыш спутниктегі белгісіз уақыттағы синхронды сәулелену, {\displaystyle c}- күн сәулесінің жылдамдығы, {\displaystyle x} – белгісіз үш кеңістіктегі тұтынушы.

 

Спутникті навигацияны құрастыру жайында идея 1950-ші жылдары пайда болды. Ол кезде КСРО ең алғаш Жердің жасанды серігінұшырды, американдық ғалымдар және Ричардом Кершнердің бастауымен сигналды байқады, сигнал кеңестік спутниктен байқалды,Доллер эфектісінің көмегімен сигналдың қабылдану спутник жақындаған сайын артатындығы, ал алыстаған сайын азаятындығы байқалды. Ашылымның мағыздылығы, егер де Жердегі өзінің координаттарын нақты білсе, онда спутниктің арақашықтығы мен жылдамдығы анықтау мүмкіндігі арта түседі, және де керісінше спутниктің нақты орнын біліп, өзіміздің нақты кооридинаттарымыз бен жылдамдығымызды біле аламыз.

Бұл идея 20 жылдан кейін жүзеге асты. 1973 жылы DNSS программасы ынтагерлікпен өзгертілді, кейіннен Navstar-GPS-ке өзгертілді, ал кейін GPS. Алғашқы тесттік спутник 1974 жылы 14 шілдеде орбитаға ұшырылған болатын. Ал соңғысы барлық спутниктің 24-нен соң, қажеттісі жер бетін толық жабу үшін 1993 жылы орбитаға ұшырылды, сөйтіп GPS құралдандыруға қойылды. GPS-ті қолдану ракеталарды қозғалмайтын нысанаға тікелей жіберуге мүмкіншілік тудырды, ал кейін судағы және ауадағы қозғалатын обьекттер үшін де мүмкін болды.

GSM сигнализациясы

IP телефоняның қасиеттеріне байлынысты, тұтынушының орныласқан жерін табу қиынға соғады. Шұғыл шақыру қоңырауларын жақын жердегі қоңыруалар қабылдау орталығы маршрутизациялау оңай емес. Дегенмен Voip кейбірде шұғыл желі ішіндегі қоңырауларды шұғыл емес қоңырау шалулар желілерііне маршрутизацизация жасай алады. Дыбыстық информацияны кодтау Вокодер қосымша 15-45 мс үзілістерді келесі себептер арқылы туғызады: Сигналды жинақтау және келешектегі отчеттарды жүргізу үшін буферді қолдану. Дыбыстық сигналдармен орындалатын математикалық түрлендірулер процессорлық уақытты талап етеді. Түрлі тәжірибелерде жүргізілген дыбыстық деректерді Интернет арқылы жіберу сапасының кеміуіне әкеп соғытын келесі факторлар бар: Дыбыстық сигналдарды жіберу интервалының асып кетуінен желі арқылы жіберілген пакеттердің жоғалуы. Маршрутизацияның минималды бағасының жүйесі(LCR). Voip-ді маршрутизацияның минималды бағасының жүйесі деп санайды, оның желі ішінде орналасу негізінде минималды траификация мүмкіндік береді. GSM- номерлерімен үйлесімдігі шартында, қазір ол кең тараған, LCR маршрутизацияның минималды бағасының жүйесі провайдерлері қонырауды қайта бағыттау үшін номердін перификсін қолдануына сүйене алмайды,. Оның орнына мобильді оператордың әрбір қоңырауға оны маршрутизациялау үшін желі атауы керек. Содан шығатыны, Voip дыбыстық қоңырауды маршрутизациялаған кезде MNP мобильді номерлерімен үйлесімдігі үшін керек. Орталық базалары жоқ елдерде, Мысалға UK, кейбірде GSM- желіге мобилді телефон қандай желіге жататыны туралы сұрау жіберу керек болады, Voip-дің нарықта кең тарауы Маршрутизацияның минималды бағасының жүйесіның қолдануына байланысты , телефон шалудың белгілі бір тиімділік деңгейі керек. Мобилді нөмірлердің үлесімдігі ұсыныс сапасы қойылатын талаптаға тең келетінін кепілдендіру үшін. Мобилдьді нөмірлердің үйлесімдігінің тексеруін жүргізген кезде, маршрутизация алдында және қоңырау белгіленген жеріне жететініне VoIp компаниялар IP-телефония провайдерін табатынына клиенттеріне кепіл береді. Компания оператор, интернет пейджер қызметін ұсынатын,Tyntec, UK-да тіркелген, Voice Network Query (дыбыстық хаттарды жіберетін жүйе) қызметін ұсынады, бұл қызмет GSM-желіге орын ауыстырған нөмірге жергілікті желіні табу жөніндегі сұрауларды дәстүрлі дыбыстық байланыс операторларына және де VoIP операторларына да жіберуге мүмкіндік береді.

Сирена  дабылы қосылғанда автономды қорғаныс  жүйелерінің монтажы, объектіде қауіпсіздік жүйелерінің жағдайы туралы sms хабарламаларды жеткізетін мобильді GSM  сигнализациясы. Қорғаныс жүйелерінің орнатылған жабдықтарына кепілді және кепілдендіргеннен кейінгі техникалық қызмет көрсету.  Қорғаныс жүйесінің (қорғаныс сигнализациясы) негізгі міндеті құқық қорғау органдарын және\немесе иегерлерді қорғалатын ғимаратқазаңсыз түрде енгендігін оперативті және кепілді түрде хабардар ету.

Тапсырылған міндетті шешу қорғаныс  сигнализациясының қазіргі заманға сай үлкен сенімділікке ие техникалық құралдар көмегімен ғана мүмкін. Қорғаныс сигнализациясы автономды болуы мүмкін – ондай сигнализацияның мақсаты қаскүнемдерді шошыту және қуатты сиреналардың қолдануымен көршілерді хабарландыру.  Бірақ қорғаныс сигнализациясының анағұрлым күшті әсері оны ведомстводан тыс күзет не болмаса қорғалатын жеке кәсіпорынды орталықтан бақылау пультіне белгіні жіберу арқылы жүзеге асады.

GSM-жүйелерінің дабыл хабарламаларын жіберу үшін қорғалатын объектілер иегерлерінің мобильді телефондарына дабыл хабарламалары келуі мүмкін.   Қорғаныс сигнализациясы жүйесі Сізді дер кезінде қорғалатын территорияға заңсыз ену туралы және апатты оқиғалар туралы хабарландырады. Сонымен қатар, Сіздің пәтер-үйіңіздің немесе офисіңізге бөгде тұлға заңсыз түрде енсе, алдын-ала көрсетілген номерге телефон шалады.  Мәлімет алу үшін – көрсеткіштер қызмет етеді (инфрақызыл және радио жиілігіндегі қозғалыс көрсеткіштері, есіктердің және терезелердің ашылғандығын көрсететін магниттік көрсеткіштері, терезе сынуының акустикалық көрсеткіштері, соққы көрсеткіштері және т.б.), ал базалық блок болып – барлық мәліметтері көрсеткіштерден жиналатын контрольды панельдері жатады. Егер Сіздер үй жануарларын ұстасаңыз, онда қозғалыс көрсеткіштерін үй жануарының қозғалысын елемейтіндей етіп келтіруге болады, бірақ көрсеткіштер адамның пайда болуын әрқашан сенімді  тіркей алады.

Қорытынды

Қорыта келгенде, мобильді технологиялар комбинациясы берілген ақпаратты қолжетімді және жалпыға тартымды жасайды. Мобильді гаджеттердің адам өміріндегі әсері, берген өзгерісі, сондай-ақ әлеуметтік медиа мүмкіншілігі адам мен ақпарат арасындағы байланыс, қазіргі уақытта ақпаратты алу немесе жеткізу оңай және тез.

You May Also Like

MS DOS операциялық жүйесі, реферат

MS DOS операциялық жүйесі туралы қазақша реферат Жоспар: MS DOS ЖӘНЕ NORTON…

Мұнай мен газ: өндіріс және пайдалану, реферат

Мұнай мен газ: өндіріс және пайдалану Мұнай мен газдың аралас қоспасы кеніштегі…

Екінші шетел тілі сабағында тілдік материалды үйретуге арналған әдістемелік нұсқаулар, реферат

ТАҚЫРЫБЫ: Екінші шетел тілі сабағында тілдік материалды үйретуге арналған әдістемелік нұсқаулар Оқыту…

Қимақ қағанаты, реферат

Реферат Тақырыбы: Қимақ қағанаты Жоспары: Кіріспе Негізгі бөлім 1. Қимақтардың мекендеген территориясы…