Қазақтарды шетелдіктерге

таныстыру

Кіріспе

1.Теориялық бөлімі

1.1 Қадыр Мырза Әлі -ұлттық мұраның жанашыры

1.2 Қадыр Мырза Әлі және «Қазақтарды шетелдік қонақтарға таныстыру»

2.Практикалық бөлімі

2.1 Қадыр Мырза Әлінің «Қазақтарды шетелдік қонақтарға таныстыру» өлеңі оқушылар көзімен

2.2 «Қазақтарды шетелдік қонақтарға таныстыру» өлеңіндегі қазақ халқының   бейнесімен жинақ құрастыру

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Қосымша

Ғылыми жұмыстың өзектілігі: Ақын шығармашылығына зер салу арқылы өлеңнің негізгі идеясы мен мәнін аша отырып, қазақ халқының ұлттық құндылықтарын әлем халықтары алдында таныту.

Ғылыми жұмыстың мақсаты: Ақын өлеңі арқылы шет ел халықтарына елімізді таныту, қазақ жастарының еліне деген сүйіспеншілігін жаңғырту. Әрбір жас ұрпақтың жүрегіне, көкейі мен сана сезіміне туған елге, жерге, халыққа деген қадір қасиетін ояту.

Міндеттері:

Елдің мәдениетін таныту, әдет-ғұрыптарын зерттеп талдау;

Қала, аудан кітапханаларына барып Қ.Мырза Әлінің өмірі мен шығармашылығымен танысу;

Қазақтарды шетелдіктерге таныстыру өлеңі мазмұнымен үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын) жинақ құрастыру.

Болжамы:

Егер мен ақын шығармашылығын зеделеп «Қазақтарды шетелдік қонақтарға таныстыру» өлеңінің үш тілдегі нұсқасынан жинақ құрастырсам,  жас өскелең ұрпақтарға, шет ел халықтарына ұлттық құндылықтарымызды таныстыруда, еліміз туралы мәлімет алуына аз да болса жол ашар едім.

Қадыр Мырза Әлі – ұлттық мұраның жанашыры

Қазақстан Республикасының  халық жазушысы, ақын Қадыр Мырза Әлі 1935 жылы 5 қаңтарда Батыс Қазақстан облысының Сырым (Жымпиты) ауданында туды.

Қадыр Мырза Әлі

Қоғам қайраткері,

Әдебиет сыншысы,

Эпик,

Ірі суреткер,

Аудармашы,

Қазақ әдебиетінің майталман шебері,

Классик

Қадыр Мырза Әлінің ерекшелігі  еңбек  жазғанда  адам ретінде еске ала отырып жазады. Ақынның аңғарпаздығы өзгелерден  сәл-пәл бөлектеу көрінетіндей болады.

Қадыр Мырза Әлі еңбектерінің негізгі тақырыптары

Отан, Достық,

Адалдық, Махаббат, Еңбек,

Сол кездегі әлеуметтік келеңсіздіктер

    Қадыр Мырза Әлі және   «Қазақтарды шетелдік қонақтарға таныстыру»

Қадыр Мырза Әлі – негізінде ұлттық ақын. Оның туған халқының арғы-бергі өмірі, тіршілігі, туралы жазған өлеңдері өте көп.

  • «Қырық буын қазақпыз», «Қалада тұратын қазақ қарты», «Қанға сіңген қасиет», және т.б
  • «Атамекен», «Дала дидары», «Оянған өлке», «Жерұйық»,        «Ақ отау» және т.б
  • «Көкпар», «Қыз қуу», «Ат жарыс», «Қазақша күрес», және т.б

Өлеңнің негізгі тақырыбы мен мазмұны:

Қазақ халқының тағдыры мен тіршілігі, дәстүрі, қонақжайлылығы, адамдармен сыйластығы.

«Қазақтарды шетелдік қонақтарға таныстыру» өлеңіндегі қазақ халқының   бейнесімен жинақ құрастыру 

Қадыр жазған бұл өлеңнің әр шумағы шындық пен тарихтан

сыр тартады. Жинақы да дәл айтылған ақиқат.

Қазақ осы – дала дейтін,күн дейтін,

Қазақ осы – «Өнер алды – тіл» дейтін.

Қазақ осы – қарасың ба, ақсың ба,

Қоңырсың ба, жатырқауды білмейтіндеп, халықтың жүрегі елім, жерім деп жанын салатын бейнесін айқындап айтқан. Барлық ілім-білімнің басты құдіреті – тіл екенін дәлелдейді.

Бұл өлең жолдарында ақынымыз анафораны орынды қолдана білген.

Қазақтарды шетелдіктерге таныстыру өлеңін  зерделей келе шетелдіктер мен қазақ елі қонақтарына қазақ халқын бір өлең арқылы неге таныстырмасқа деген ой келді

Қорытынды

Әрбір жас ұрпақтың жүрегіне, көкейі мен сана сезіміне туған елге, жерге, халыққа деген қадір қасиетін оятуда, әлем халқына елімізді танытуды Қадыр Мырза Әлінің,  бір ғана өлеңі арқылы жүзеге асыруға болатынын

ақынның өлең жолдары мен шығармашылығына үңіліп, зерттеу  жүргізе отырып қөзім жетті.

You May Also Like

Таңғажайып 7 саны, ғылыми жоба

Ең үздік ғылыми жоба «Таңғажайып 7 саны» Орындаған: Кадырханов Мансур Мазмұны Аннотация…………………………………………………….2…

Ұлттық ою-өрнектер, ғылыми жоба

Ең үздік ғылыми жоба «Ұлттық ою-өрнектер» Орындаған: Өмірбаев Дильшат І. КІРІСПЕ. ………………………………………………………………………………1-3…

Биологиялық ерітінділердің электрокинетикалық қасиеттері. Электрофорез. Электроосмос. Медицинадағы электрофоретикалық зерттеу әдістері

Биологиялық ерітінділердің электрокинетикалық қасиеттері. Электрофорез. Электроосмос. Медицинадағы электрофоретикалық зерттеу әдістері Кіріспе Негізгі…

Обскура камерасы, ғылыми жоба слайд