Үштілділік- болашаққа нақты қадам

Әр ұлттың өзіне тән тілі, салт-дәстүрі, әдет ғұрпы, ұстанатын өзіндік қағидаттары мен құндылықтары бар. Әрбір ұлт өз ана тілін құрметтейді, қорғайды. Десек те, бүгінгі заман бізден, өзге елдермен терезе теңестіріп, бәсекеге қабілетті болуымызды талап етеді. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айтқандай, әлемдегі жоғары елдің санатына ену үшін, үлкен білім, қажырлылық қажет. Дамыған елдің қатарына кіру үшін тілді меңгеру маңызды рөл атқарады деп есептеймін. Мен өз ана тілімді жақсы көремін, менің өмірімде тілдің атқарар маңызы зор. Алайда, менің егеменді елім озат елдердің қатарына қосылу үшін кішкене болса да өз үлесімді қосқым келеді.Сондықтан да үштілді меңгеруді өзіме мақсат етіп қоямын. Орыс тілін білсем, ұлтаралық қарым-қатынасқа септігім тиеді, ағылшын тілі менің отаным үшін, жаһандық экономикаға көтерілудің басты баспалдағы деп бағалаймын. Бірақ уақыт көрсеткендей кейбір тұлғалар үштілділікке қарсылық танытып жатады. Бұның басты себебі, бұл сөздің мағынасын дұрыс түсінбей тон пішкендігінде. Кейбірі оң қабақ танытып жатса, бірі кері көзқарас білдіреді.

Ағылшын тілі қазақ тілін меңгеруге кедергі жасамайды деп ойлаймын. Өзімде осы тақырыпты қозғамас бұрын, үштілділіктің бізге пайдасы бар ма, жоқ па деп біраз ойға келдім. Мектепте мұғалімнің берген мәліметтерін еске түсіріп, сонымен қатар көріп, біліп жүргендерімді бір уақыт көз алдымнан өткіздім. Мазалаған сұрақтарымның шешімін де тапқандай болып, сөз басын қазақ халқының құндылықтарынан бастағаныма да осы ойым себеп болды. Қазақ тілі үш тілдің ең бастысы, маңыздысы  және де негізгісі.

Қазақстан бүкіл әлемде үштілді меңгерген мәдениетті ел болуға тиісті. Менен кейінде келетін болашақ ұрпақ  үшінде маңызы зор болмақ. Себебі, мен өз бабаларымның көп тілді меңгергендерінен хабардармын. Қазақтың бас ақыны-Абай, жарық  жұлдызымыз Шоқан, тіпті әріден алсақ, екінші ұстаз Әл-Фараби де көп тілді меңгерген екен. Мен бабаларымды қалай мақтаныш етсем, менен кейін келген жастар да осылай бізді мақтаныш етсе екен деген арманым бар. Иә, көп тіл білу ــ әрине, мақтаныш. Әйтсе де өз ана тілін аяқ асты ету тексіздің ісі.  Қазақтың қара шаңырағында өскен бала, қай жерде жүрсе де, қай елді мекендесе де, Расул Ғамзатымов ақынымыз айтқандай, ананың сүтімен берілген қасиетті ешқашан ұмытуға тиісті емес.

Елбасымыздың бастаған идеясын дұрыс деп санаймын және де біздер үшін жасаған игі істері үшін қуанамын. Қазір бой жарыстыратын заман емес, керісінше ой жарыстыратын заман. Білекке сенбей, біліміме сенгім келеді.Үштілділік жаңа дамыған заманның талабы, мен үшін жарқын болашақтың кепілі болмақ. Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, алға қойған мақсатқа жету  жолында еңбек еткім келеді.

Ойымды қорыта келе, Оразақын Асқардың мына өлең жолдарымен аяқтағым келеді.

Өз тіліңсіз көрсең де өз күніңді,
Өз тіліңсіз болсаң да асқан білімді.
Өз халқыңа бола алмайсың азамат,
Білмей тұрып туған ана тіліңді.

You May Also Like

Абай Құнанбаевтың «Ескендір» поэмасы, эссе

Абай Құнанбаевтың «Ескендір» поэмасында Аристотель сөзі арқылы берілген негізгі ойға қатысты сыни…

Шәкәрім Құдайбердиев «Жастарға» өлеңінде жастарды неге Абай арқылы түзеткісі келді? эссе

Абай және Шәкәрім… Бірінші айтар нәрсе Шәкәрімнің Шәкәрім болып қалыптасуына әсер еткен…

С.Мұқановтың «Сұлушаш» поэмасындағы ғашықтар махаббатының діңгегі Сұлушаш па, әлде Алтай ма? эссе

С.Мұқановтың «Сұлушаш» поэмасындағы ғашықтар махаббатының діңгегі Сұлушаш па, әлде Алтай ма? С.Мұқанов-қазақ…

Қашаған Күржіманұлының «Оразалы», «Байларға» өлеңіндегі әлеуметтік мәселелерді талдаңыз. эссе

Адам  бойына  біткен  сараңдық, өзгені қойып, дүние-байлығын өзіне қимай құл етеді. Қазақтың…