Мамандық таңдау – болашағыңды айқындау (эссе)

Мамандық– қызметкердің кәсіп шегіндегі қызметінің нақты саласы. Ол лауазымнан өзгеше түрде белгілі бір білімді және арнаулы түрде оқып-үйрену немесе жұмыс тәжірибесін жинақтау барысында алған еңбек машықтарын талап ететін еңбек қызметінің тегін сипаттайды. Лауазымдық міндеттердің шеңберін айқындайды. Мамандық қызметкер еңбегінің бүкіл шеңберін қамтығанда ол кәсіп ұғымына сай келеді.

Қазір мектеп түлектері ҰБТ сынағын бітіріп, оқу орны мен мамандықтарын қызу таңдау үстінде болар. Менің бүгінгі шығармам мамандық таңдауда ойланып жүрген түлектерге ғана емес, жұмысы бар маман иелеріне де қатысты.
Мамандық таңдау деген өзің айналысқың келетін жұмысты таңдау ғана емес, өзің араласқың келетін ортаны да таңдау. Қазақ «Адам екі түрлі жағдайда қателеспеу керек: бірі – жар таңдағанда, екіншісі – мамандық таңдағанда» деп бекер айтпаса керек.
«Мамандық» сөзі латын сөзінен шыққан, «жұрт алдында сөйлеу, жариялау» дегенге саяды. Есте жоқ ескі заманда мамандықтың қазіргідей түр-түрі болмады. Әр адам барлық жұмыспен өзі ғана айналысатын. Дегенмен, әйелдер мен ерлерге деп бөлінетін жұмыстар болған. Ерлер аң аулап, үй тұрғызып, қару-жарақ жасаса, әйелдер жеуге жарамды өсімдіктерді жинап, тамақ пісірген, киім-кешек тігіп, бала тәрбиелеген. Заман өзгерген сайын, адам да жетіліп, нарықтық қарым-қатынас пайда болды. Қоғам дамып, дүниеге түрлі жұмыстар, сәйкесінше, түрлі мамандықтар келді.
Кез келген еңбек – мамандық емес. Еңбектің мамандық деп аталуының өзіндік шарттары бар: бірі – маман атануыңыз үшін білім алып, қолыңызға сол саланың дипломын, куәлігін, аттестаты не сертификатын алуыңыз керек болса, екіншісі – еңбегіңізге ақының төлені қажеттілігі.
Өз ісінің нағыз маманы атану екінің бірінің еншісіне бұйырмаған. Ол үшін ең алдымен мамандығыңызға деген махаббат керек. Мамандыққа деген махаббат пен карьерист болу екеуі біздіңше екі бөлек нәрсе. Махаббатпен істелген жұмыс қана нәтиже бермек. Екінші сөзбен айтқанда, мамандығыңыз сіздің сүйікті ісіңізге айналуы қажет. Бұл жағдайда адам жұмысқа ерекше құлшыныспен кірісіп, жұмысынан ләззат алады. .
Қазір сауда-саттықтың жүріп тұрған заманы болғандықтан, көптеген мамандықтар осының төңірегінде деуге болады. Агенттер мен менеджер мамандықтары сұранысқа ие десек, артық айтпаймыз. Мысалы, коммерциялық агент, жарнамалық агент, туристік агент, финанстық менеджер, сауда-саттық менеджері, жоба менеджері, кеңсе менеджері тағы басқа.
Әлемде өзі қаламайтын мамандық иесі болып жүрген қаншама адам бар, өз жұмысын жанымен сүйіп істейтін адамдардың да саны аз емес. Мамандық таңдаудан жаңылмай, өз өміріңіздің бір кірпішін дұрыс қалауыңызға тілектеспін.

You May Also Like

Бос уақыт жоқ, босқа өткен уақыт бар. Уақытыңыздың босқа өткен кездері болды ма? эссе

Біз күнделікті өмірде уақыт жетпейді деп шағымданамыз. Ал қазір ойланыңызшы, егер уақыт…

М.Жұмабаевтың «Толқын» өлеңін адам өмірімен байланыста қарауға бола ма? Көзқарасыңызды дəлелдеңіз. эссе

Қазақ поэзиясында лирикалық сыршылдықтың шыңына лайық, поэмаларында суреткерлік ен ойшылдығы қат-қабат келіп…

Татулығы жарасқан, тағдыры бір халықпыз эссе

Татулығы жарасқан, тағдыры бір халықпыз! 1 мамыр бірліктің, достықтың, татулықтың мерекесі. «Бірлік…

Қадыр Мырза Әлидің «Өмірдің өзі қызық-ақ» өлеңіндегі оқырманына ой тастайтын сөздер өлең идеясына сәйкес пе? эссе

Қазақстанның халық жазушысы Қадыр Мырза Әли – ХХ ғасырдағы қазақ поэзиясының жан-жақты…