Өмірдің мәні мен сәні болған махаббат тақырыбын сөз етпеген ақын кемде кем шығар.Соның бірі қара өлеңнің хас шебері – Мұхтар Шаханов. Оның қаламынан туған «Ғашықтық ғаламаты» өлеңі кез келген жастағы адамға ой саларлық үлгіде жазылған деп ойлаймын. Сондықтан да, бұл шығарманың өзектілігі ғасырлар өтсе де, жойылмақ емес.

          Автордың: Ғашық жүрек сүйгені үшін бола алмайды жазалы

Адам азса ғашықтықтың жоқтығынан азады, –  деген ойы – ғашықтық сезіміне берген бағасы деп білемін.

          Ақын сезімнің шырғалаңына түсіп қалған жас қыздың оқиғасын өлеңіне арқау ете отырып, ғашықтық сезімнің құдіретін жеткізіп көрсетеді.Өлеңде ақын ғашықтық сезімнің құдіретін неге ашып көрсетті?  Кейінгіге үлгі боларлық құнды ой түйінін бергісі келгендіктен деп ойлаймын.

Ақынның: Ғашық жүрек өз тағдырын өзі ғана шешеді. «Жыға алмайды оны жұрттың өсегі. Бұған дәлел – құдіретті «Қорлан» әні кешегі- деуі ақынның   адамзат атаулының өмірінде болатын қасиетті сезімге ара түсуі сияқты көрінеді.

          Ақынның айтар ақылымен нақылы да осы Қорлан әнімен бір арнаға тоғысады. Автор елу бір жыл ғашықтықтың азабын тартқан Естай ақынды негізге ала отырып, оның махаббатқа адалдығымен достықты қадірлеген ізгі жан екенін айтады. « …Ғашық болып өлу қандай мәртебе» деген жолынан Тірі күнінде қолы жетпеген арманын мәңгілік ұйқыға кетер алдында да бір сәт есінен шығармай көз жұмудың өзі жұмыр басты пендеге мәртебе екендігін мен де мойындаймын.

 Ғашықтық сезім дегенде , өз басым аманатқа қиянат жасамау деп ұғамін.Себебі, нағыз ғашықтар бір-біріне уәде береді, серттеседі.Міне, осы жағдай ақынның өлеңінде де белең береді. Естайдың елу бір жыл қолында шабыт берген жүзігін өзімен бірге жерлеуін досына тапсырады.Міне, осы тұсы нағыз ғашық жүректің сертке беріктігін көрсетпей ме?

Қорытындылай келе, ақын жүрегінің ғашықтық сезімін осынша шабытпен жырлауының себебі , сүю бақытының кез келгенге бұйыра бермейтін бақыт екендігін түсіндіруінде деп ойлаймын.Сондықтан да, ғашықтық сезімнің қадіріне тіріде жете берейік дегеім келеді.

You May Also Like

Махамбет поэзиясында арман, тілек,аңсау сарындары бар екенін дәлелдеп жаз. эссе

Махамбеттей отты ақынның шоқтай түсіретін поэзиясы ұлтына ұран болған, рухы биік поэзия.…

Өнерді үйрен де, жирен… Қазіргі таңда қандай өнерді үйренбек керек? эссе

Шешен сөйлеудің өнер екені – даусыз шындық! Ол жан-жақты білімді қажет етеді.…

Мұрат Мөңкеұлының «Үш қиян» өлеңіндегі замана келбетін сипаттап жазыңыз. эссе

Мұрат Мөңкеұлы қазақ халқының суырып салма ақыны, төкпе жырауы болып табылады. Ол…

Мәди Бәпиұлының «Қарқаралы»,«Қаракесек» өлеңдері арқылы ақын өмірінің көрінісін талдап жазыңыз. эссе

Мәди Бәпиұлы Қарқаралы руынан шыққан,Қарқаралыда дүниеге келген.Ол өзінің туған жері Қарқаралының сұлу…