Қайырымдылық-қадірлі қасиет

Қайырымдылық-мұқтаж жандарға көрсетілетін көмек. Қайырымдылық -адамның бойындағы ең асыл қасиеттердің бірі. Біз Алла үшін тым болмаса бір жетімнің басын сипасақ, қолымыздың тиіп өткен әрбір тал шашы үшін сауап аламыз. Біз адамзат қайырымдылық қорына қаржылай көмек беруіміз керек. Олар сондай көмекке мұқтаж жандар. Тым болмаса, балалар үйіне барып, олардың осындай жағдайға түскендеріне олар кінәлі еместігін және олардың ата-аналары балаларына қиянат жасағысы келмегені туралы айтып, оларға барлық жайтты дұрыс түсіндіріп, олардың жүзінен күлімсіреген жүзін көрсек соның өзі үлкен бақыт. Олар бізден де көп қайғылы оқиғаларды бастарынан кешірген. Олардың қайғыларымен ортақ болып, өзіңнің беретін ақылыңды айтып, оларды өзіңнің қарындас-бауырларың ретінде санап, оларға әрдайым қол ұшыңды беріп тұруың қажет. Сен оларға кішкене болсын көмегіңді тигізсең, олар тіпті сенің кішкентай жасаған жақсылығыңды мейірімге толы жүзбен қарап, сенің осы істеріңді бағалай біліп, ешқашан ұмытпас еді.

Бойында кеңпейілділік,әділет,шапағат,даналық қасиеттері бар адамдар-жомарт  адамдар деп есептейміз.Өйткені олар  біреудің қуанышына ортақтаса алатын,  әр бақытты сәттерін бірге сезіне алатын жандар.    Бүгінгі таңда қайырымдылық қорына арнаулы жасалған компаниялар,қоғамдық ұйымдар және жекелеген қайырымдылық қорлары бар. Біздің мектебімізде қаңтар айынан бастап, қайырымдылық акциясы  жүріп жатыр. Осы айлыққа әр адам мүмкіндігінше өз үлесін қосуда. Мысалы мен өз басым осы мәселені құптаймын. Себебі қазақта «Жетім көрсең, жебей жүр» деген бар. С.Назарбаеваның айтуынша, республикадағы ең белгілі қайырымдылық қоры деп «Бөбек» атты балалар қорын атауға болады.С.Назарбаева кішкентай балаларды жан-тәнімен сүйеді. Біз де сол мейірімді жаннан үлгі алайық. Жақсыға қылған жақсылық, өмірінше тозбайды,
Жаманға қылған жақсылық, бір күнгідей болмайды.

Ұлы Әл-Фараби айтқандай:

Ғақлия көзбен қарасаң,

Дүние-ғажап,сен есік.

Жаһлы көзбен қарасаң,

Дүние-қоқыс,сен-меншік.

Сондықтан да қайырымдылық жасап, көмек берейік достар.

You May Also Like

Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің «Ғибратнама» өлеңіндегі бұлбұл мен қаршыға диалогі арқылы жеткізгісі келген автор ойын талдап жазыңыз, эссе

Әдебиеттегі өзіндік қолтаңбасымен ерекшеленетін қаламгердің бірі ауыз әдебиетінің үлгілерін жинақтап, жазба әдебиетіне…

Тарих толқынында ұлттық теңге, эссе

Бос уақыт жоқ, босқа өткен уақыт бар. Уақытыңыздың босқа өткен кездері болды ма? эссе

Біз күнделікті өмірде уақыт жетпейді деп шағымданамыз. Ал қазір ойланыңызшы, егер уақыт…

Мұрат Мөңкенің «Қыз» өлеңіндегі қыз сипатын әнші-ақындар шығармашылығындағы қыз бейнесімен салыстыра талдап жазыңыз, эссе

Қазақ халқының көрнекті өкілі, зар заман ақындарының бірі Мұрат Мөңкеұлының   әдеби мұрасының…