Ұлы батыр-ұлттық тұлға

Бүгінгі күні Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың осы қолымыз жеткен тәуелсіздігімізді орнықтыру, нығайту мақсатында жүзеге асырып жатқан қыруар іс-шаралары да, мемлекетімізді әлем мойындайтын, жер жүзі танитын деңгейге көтерсем деген арман-мұраты да осы мақсатпен, осы арнада үндесіп жатқанын айтуымыз керек. Ұлы батырларымыздың ұлттық тарихи тұлғалар ретіндегі туған жері, туған елі үшін жасаған баға жетпес ерен ерліктерін де, олардың халық жүрегіндегі орнын да осы тұрғыдан бағаласақ, қадірлеп, қастерлесек қателеспейміз. Сондықтан да осынау әдебиет үлгілерін қазіргі күнге дейін қазақ руханиятының алтын ұстындарындай ұлт үшін, оның болашағы үшін қызмет етіп жатқан қайталанбас қазыналарымыз ретінде қабылдауымыз қажет. Қай халықтың да қадір тұтары – өзінің сөзін сөйлеп, кегін қуар ақыны мен батыры. Екеуі де тек халықтың ғана бойынан табылар сарқылмасжігер мен шабыттың, сана мен сабырдың, тәуекел мен арманның түлегі. Екеуі де жұртын елдікке бастаса, қайсыбір жұмыр басты пенденің болсын өресі жетпес ерен ерлікке, кемел кісілікке бастары хақ. Махамбет бұрынғы, соңғы қазақ ақындарының ішіндегі ең бір күштісі деп саналуға тиіс. Махамбет жырлары өз заманындағы ең қанды, ең әсерлі сөз, көпшіліктің өз үні, өз тілі, өз арман талабы». Бұл классик ақынымыздың шығармашылығына берілген әділ баға деп білуіміз керек. Жауынгерлік рухтағы өршіл жырлардың інжу маржанын ұрпағына мұра еткен Махамбет – ерлік пен намыстың ақыны. Қазтуған, Доспамбет, Шалкиіз, Ақтамберді жыраулардың жалғасы Махамбет – сан ғасырлар бойғы тәуелсіздікке ұмтылған бабалар рухының нақты көрінісі. Махмбет атамызда сол асылыдың, сол сиректің бірі. Махамбет кәдімгі он екі жілік, бір мығым жұмыр басты пенденің ертегідегідей аңызға айналуының, тек ертегіде ғана кездесетін ғажайып ерлердің қайтадан шындыққа айналуының таптырмас бір мысалы. Махамбет – ерлікті мадақтаған ақын. Оның өлеңдері тұтасымен дерлік ерлік, жауынгерлік тақырыпқа құрылған. Бұл – Махамбет поэзиясының өзіндік сипаты. Махамбет өлеңдерінің негізгі көпшілігі лирикалық өлеңдерге жатады. Сонымен қатар, Махамбет лирикасы өзіне шейінгі қазақ әдебиетіндегі болып келген лирикалық өлеңдерден анағұрлым айырмасы, өзіне тән ерекшелігі де бар. Махамбет өлеңдері өз басынан кешірген ауыр халдерді сезіне отырып, терең толғап суреттеумен қатар, ол өз кезіндегі тарихи уақиғалармен байланысты туған қалың бұқараның көңіл күйін де көрсете білді. Оның өлеңдерінде өзінің көңіл күйі мен ел күйі ұштасып жатты.. Сондықтан, оның лирикасын – әлеуметтік сарындағы, саяси үгіттік лирика деп атауға тура келеді. Махамбет – халықты патшалық, хандық өкіметке қарсы қарулы кетеріліске шақырған алғашқы Қазақ ақыны. Оның бейнелі де жалынды негізінен Шалкиіз, Сыпыра, Доспамбет, Қазтуған сияқты батыр жыраулардың үлгісінде шығарылған көтеріліс туралы толғаулар. «Жәңгірге», «Баймағамбет сұлтанға» деген өлеңдерінде үстем тап өкілдерін бет-пердесін жырта шенесе, «Мұнар күн» өлеңінде ел басындағы ауыртпалықты күйзеле, ашына айтты. Исатай – ақынның кеп өлендерінің басты қаһарманы. «Тайманның ұлы Исатай», «Исатай деген ағам бар», «Исатай сөзі», «Тарланым», т.б. өлеңдерінде

Исатайдың адамгершілігі, азаматтығы, батырлығы, қайсарлығы сипатталады. Махамбет ақын – ұлт азаттығы үшін күрескер тарихи тұлға ретінде біздің Тәуелсіздігіміздің бастау көздерінің бірі ретінде саналады. Сондай қоғам қайраткерлігімен бірге, өзінің отты, жалынды өлеңдері арқылы бар өмірін туған халқының мұңын жоқтауға арнаған ардақты ақын. Шығармамды ақынға арналған өлең жолдарымен аяқтағым келеді.

Махамбеттің сөздері өткір қылыш,

Жанға батып кететін бұл да бір күш,

Бұл шешендік әрине,күмәнім жоқ,

Бір сөзбенен тындырар шаруаны көп,

Махамбет артық сөзді ешқашанда айтпаған,

Бірақта бастаған жолынан ешқашанда таймаған.

Өз-өзін басқаға,қорлатуға жол бермей

Алған бетінен ешқашанда қайтпаған.

You May Also Like

Психология ғылымының Қазақстанда даму кезеңдері

 Тақырып: Психология ғылымының Қазақстанда даму кезеңдері   Психология өз алдына ғылым ретінде…

Лаборант- исследователь будущего

« Обогащение полезных ископаемых». Цель: Определить деятельность лаборанта-эколога и донести информацию о…

Проект «Счастливое детство»

Труд сварщика – это искусство!   Опытный мастер, как скульптор,   Создает…

Электролит және бейэлектролит ерітінділердің коллигативтік қасиеттері

Электролит және бейэлектролит ерітінділердің коллигативтік қасиеттері Жоспар: I.Ерiтiндiлер Ағза тiршiлiгiндегi ерiтiндiлердiң маңызы.…