Ашық сабақ:

Ұжымдағы өзара қарым-қатынас

Өзін-өзі тану сабағының жоспары

Сабақтың тақырыбы: Ұжымдағы өзара қарым-қатынас

Құндылық: Сүйіспеншілік

Қасиеттер: Ізгілік, мейірімділік, бірлік

Сабақ мақсаты: ұжымдағы қарым-қатынастың адамгершілікке негізделуі керектігін ұғындыра отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу

Міндеті:

-оқушыларды ұжымдағы тұтастық, жауапкершілік, сүйіспеншілік құндылығына негіздеуге үйрету.

-оқушыларды айналасындағыларға риясыз қарым-қатынас жасауға баулу.

-оқушыларды ізгілікке, мейірімділікке, бірлікке тәрбиелеу.

Ресурстар құралдар мәліметтер

Үнтаспа,сюжетті суреттер

Дәптер оқулық , ақ қағаздар.

Түрлі түсті қарандаштар

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу

5 Т-ережесін қайталау.

Тәртіп, талап, татулық, тазалық, тыныштық

Гүлдер арқылы топқа бөлу.

Ітоп-Ізгілік

ІІтоп-Мейірімділік

ІІІтоп-Бірлік

Тыныштық сәті. Нұрға бөлену.

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын… Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз.Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын… Нұр менің ішімде… Мен Нұрмын». Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз!…Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз. Жаймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет!

2.Үй тапсырмасын тексеру: «Тақия тастамақ» әдісі арқылы.

Барысы: Мұғалім тақияны сынып ішін аралай жүріп, бір оқушыға кигізеді.

Бір ойын бар бастамақ,

Оның аты тақия тастамақ,

Аспаймын, саспаймын, ортаны аралай бастаймын

Біріңнің қасыңа жеткенде тақияны кигізіп тастаймын.

Марат Қабанбайдың «Айгүлдің әңгімесі» үзіндісін оқып, сұрақтарға жауап беру.

1.Айгүл сыныбынан неліктен жылылықты сезіне алмады? Ол неге жалғызсырады?

2.Айгүл сыныптастарының арасынан нені іздеді деп ойлайсыңдар?

3.Өзің оқитын сыныптағы өзара қарым-қатынас қандай? Оны қалай бағалайсың?

 

Оқулық 84 бет

3.Дәйексөз: «Адамдардың ортасында өмір сүріп бақытты болу дегеніміз – ең алдымен өзіңе тиістіні тындыру, өз борышыңды ақтай білу»- деген сөз. Василий Сухомлинский
4.Әңгімелеу: Мұғалімнің сыйы

Жүрегіңнің отын сөндірме

Бір жігіт көршісіне өзін жақында ренжіткен досын жамандай бастайды. Көршісі ол жігітті тыныштандырып, досын кешіруін өтінеді.Сонда ол ашуланып:Мен неге өзімді ренжіткен адамды кешіруім керек, неге мен өзімді сатып кеткен адамның алдында кешірім сұрауым керек?- дейді.
Тыңдап тұрған көршісі оған бір аңызды баяндап береді:Ертеде бір адам өмір сүріпті. Ол Табиғат Анадан шам жақпас үшін ешқашан түннің болмауын, пеш жақпас үшін қыстың болмауын өтініп сұрайды. Бірақ, Табиғат Ана ол адамның өтінішін орындай алмайтындығын айтады.
Қатты ренжіген ол адам оған былай дейді: Ендеше, мен саған жарық беру үшін ешқашан шам жақпаймын, саған жылу беру үшін пешті жылытпаймын, үйдің есігін де жаппаймын — дейді.
Осы айтылғандарды естіп тұрған жаңағы жігіт көршісіне: Бұл неткен ақылсыз адам, бұл өзінің жаққан шамымен Табиғатқа жарық беремін, өзінің жаққан отымен Табиғатты жылытамын деп ойлайды екен ғой — дейді. Сонда көршісі: — Сен де өзіңе соны істеп тұрсың. Сен де өзіңнің жүрегіңнің отын жақпай тұрсың. Саған өзгелердің жарық түсіргенін, өзгелердің келіп жылытқанын күтпей, өз жүрегіңнің отын жағып, өзгелерге жарығың мен жылуыңды сыйласаң, мүмкін, өзгелер де өз жолын табуға ұмтылар – деген екен.
1.Бұл әңгімеде не жөнінде айтылған?
2.Әңгімедегі жігіттің іс – әрекетіне қандай баға бересіңдер?
3.Көршісі өзінің аңызын айту барысында нені түсіндіргісі келді?
4.Аңыз әңгімедегі жарық пен жылу нені сипаттайды?
5.Сіз сол жігіттің орнында болсаңыз қандай әрекет жасар едіңіз?
6.Бірінші болып қадам жасау үшін адамның бойында қандай ізгі

қасиеттер болуы қажет?

Өзін-өзі тану журналы
5.Шығармашылық жұмыс:

Ітоп-Ізгілік.1 тапсырма: Жағдаяттармен танысып, ұжымдағы қарым-қатынас туралы көрініс көрсету.

ІІтоп-Мейірімділік.2тапсырма: Берілген сөз тіркестерін пайдаланып, адамгершілік портретін жасау.

ІІІтоп-Бірлік.Ұжымдағы қарым-қатынас туралы постер қорғау

Оқулық 86 бет
6. Топпен ән айту.

Армансыз күнім болмайды

Бақытты жанмын сонда да бірақ

Көңілім кейде толмайды

Алаңсыз күліп жүрген кезде де

Армансыз күнім болмайды

Қайырмасы:

Аспанда күнде айналар түнге

Арманым өлсе сол қайғы

Бақытқа сенемін

Армандай беремін

Армансыз күнім болмайды

Армандап ғұмыр кешемін күнде

Бір үміт қалсын ішімде

Арманмен бірге өсемін менде

Адам болып қалу үшін де

Қайырмасы:

Аспанда күнде айналар түнге

Арманым өлсе сол қайғы

Бақытқа сенемін

Армандай беремін

Армансыз күнім болмайды

Сөзі: Ж.Байырбекова
7.Үй тапсырмасы: Мұқан Иманжановтың «Алғашқы айлар» үзіндісін оқып, сұрақтарға жауап беру. Оқулық 87 бет
8.Соңғы тыныштық сәті:    Оқушылар қолдарына таратылған стикерлерге сабақтан алған әсерлерін жазып, тақтада тұрған құндылық ағашына апарып іледі.

Бүгінгі айтылған барлық жақсы қасиеттерді жүрегімізде сақтап алайық.

Сабаққа қатысқандарыңызға рахмет. Сау болыңыздар!

 

You May Also Like

Баян аспабы, ашық сабақ слайд

Көне түркі жазуларының зерттелуі, сабақ жоспары

Адам құқығы мен бостандығы, сабақ жоспары

Уақыттың қадірі, сабақ жоспары