Сабақтың тақырыбы: «Transports»

Сабақтың мақсаты: Балалардың зейінін, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту,транспорт түрлерімен таныстыру,  Еңбекке тәрбиелеу.

Қажетті құралдар: интербелсенді тақта, транспорт суреті бар карточкалар,магнитофон,

Әдістемелік тәсілдер: Әңгіме, жеке және топпен жұмыс.

Жоспар:

  • Ұйымдастыру бөлімі:
  • Амандасу. Хиппо келеді
  • Сәлемдесу: Ән: «Hi! Hello!»
  • Фонетикалық жаттығу.
  • Негізгі бөлім «Транспорт» тақырыбындағы лексикалық сөздерді бекіту.
  • «Ecou» ойыны
  • «Smart English» Сиқырлы қаламмен «Show me» ойыны
  • Жұмбақтар
  • Физминутка
  • Мальбертпен жұмыс
  • Хиппоның сыйлығы
  • Ән: «I can see the train»
  • Фребель әдістемесі.
  • Ән: «Good-bye!»

Сабақтың барысы: – Good morning children! I am glad to see you.

Балалар: Good morning teacher!  Балалар қонақтармен амандасайық.

Балалар бізге қонаққа Hippo келді. Қане амандасайық. Қане амандасуымызды әнмен жалғастырып, Hippoмен бірге ән салайық.   Ән: «Hi! Hello»

Балалар біздің сусиырымыз Хиппоның джунглида жүріп іші пысты ол қалаға барып, қандай қызықтар барын көргісі келді,  кыдырғысы келді. Қалаға кіріп, аң-таң болды.  Қорқынышты темір  аңдар жолдарда жүйткіп жүр. Аяқтары дөңгелек, резеңке етік киіп алған,  көздері де сары жанып жарқ-жарқ етеді, құйрығынан түтін будақтап жатыр. Хиппо қатты қорқып кетті. Қалай ойлайсыңдар ол қаланың көшесінен не көрді?

Балалар: транспорттар

Мұғалім:  Ия көліктер. Yes, he saw cars.

Let’s do phonetic exercise Тілімізді жаттықтырайық!

Фонетикалық жаттығу.

In the streets the busses run,

Two by two, or one by one

(Интербелсенді тақтадан суреттер көрсетіледі. )  a bus, an airplane, a ship, a motorbike, a train, a taxi, an ambulance, a bicycle, fire engine, police car,

Хормен, жеке қайталау.

Now let’s play a game ‘Ecou’ «Жаңғырық» деген ойын ойнайық. Мен жаймен дыбыстап айтамын ал сендер дауыстап айтасыздар.

«Smart English» Now let’s play a game ‘Show me’ Балалар бүгін бізге әдеттегідей сиқырлы қалам көмекке келді.

(Интербелсенді тақтадан суреттерді көрсетеді.)

Жұмбақтар

Адамдар егер ауырмас,

Тез жетсе біздің Ambulance

Рельс бойымен жүрейін

Менің атым Train 

Көшеде жаяу қалдырмас

Аялдамадағы қызыл  Bus 

Екі аяқпен зулайды

Бір орында тұрмайды.  (bicycle) 

Көкте самғап жүрейін

Атымды білсең Airplane.

Физминутка Ла, ла, ла

Now children look at the blackboard.  Балалар суретке зер салайық Белгілі бір салаға қатысы бар транспортты өз орнына орналастырамыз. (мыс: ауруханаға жедел жәрдем көлігін орналастырамыз.)

Балалар бір-бірлеп шығады.

Сиқырлы әуен қосылады. Балалар Хиппоның сендерге әкелген тосын сыйы бар (бір-бірлеп ойыншықтарды көрсетемін) Мен балалар автобус көріп тұрмын, машина көріп тұрмын. I can see the bus. I can see the car I can see the train

Ән: I can see the train

Балалар қане Хиппоның тосын сыйын алайық

What do you need?  -Give me please train, Give me please bus

Фребель әдістемесі. Балалар  берілген кубиктардан қане машина жасайықшы.

Жарайсыңдар балалар! Өлең айттық, жұмбақ шештік, уақыт тез өтіп кетті.

Қоштасатын уақыт жетті.

Ән:  «Good-bye»!

You May Also Like

Открытый урок по чтению в 3 «А» классе слайд

Алғыс айту күні, слайд

Күз кереметі, сабақ жоспары

Сұранысқа ие мамандықтар, сабақ жоспары