Білім беру саласы: Таным

Бөлімдері:Экология

Тақырыбы: Тірі және өлі табиғат.

Мақсаты: Балалардың табиғат жайлы білімдерін бекіту.

Адам, өсімдік, жануарлар өмірі, табиғат сыйы туралы мәлімет беру.

Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиеші әрекеті Балалардың іс-әрекеті
 

Мотивациялық-

қозғаушылық

Таңғы жиын.

Балалар шеңбер құрып отырады.Шеңбердің ортасында қағаз гүл жатады.Гүлдің жапырағында «Валеология» елінің картасы бойынша аялдамалардың аттары жазылған.

 

Балалар шеңбер құрып отырады.

 

Ұйымдастыру-

ізденушілік

«Денсаулық лотосы» ойыны барысында балалар «Тазалық», «Тамақтану», «Күн тәртібі» және т.с.с.аялдамаларында қызықты және пайдалы көптеген нәрселерді білгендерін айтып,қалай ауырмай өмір сүруге болатынын үйренеді.

Адам өмірі және оның денсаулығы көңіл-күйі-өмірдегі белгілі бір тәртіпті сақтауына,яғни

Эскулаптың қызы Гигия үйреткендей,өмір заңдылықтарын сүре білу.

Балалармен тірі және өлі табиғат туралы, оның адамның денсаулығына қалай әсер ететіні жөнінде әңгімелесу.

Табиғат – адамдарды қоршаған әлем. Бұл – аспан, ай, жұлдыздар, өзен-көлдер,теңіздер, ағаштар, шөптер, жануарлар әлемі. Жел, жауын-шашын, боран, су тасқыны, қар еруі-бұның бәрі табиғаттың құбылыстары. Таулар, тастар, ағаштар, шөптер-табиғаттың денелері.

Табиғат-айналамыздағы қоршаған бүкіл әлем, ал адамдар-өмірдегі ең керемет жаратылыс.

Терезенің үстіңгі желдеткіштерін ашып,балалардың таза ауаны терең жұтуларын сұрау.Табиғат адамдарға ғажайып сыйлықтар сыйлады,оның бірі-таза ауа.Таза ауа біздің ағзаларымызға әсерін тигізеді.Біз оттегімен дем алып,көмірқышқыл газын сыртқа шығарамыз.

Ағаштар-ауаны көмірқышқыл газдардан тазартып,оны оттегіне айналдыру қызметінің қайнар көзі.Бұль да адам денсаулығына жағымды әсер етеді.

Күн-табиғаттың келесі сыйы.Халық даналығында: Күн қай жерге аз түссе,сол жерде адамдар жиі ауырады.Күн шуағы көптеген аурулардың алдын алады.

Балалар терезеге келіп,қолдарын күнге созып, өздеріне жылу мен денсаулық беруін сұрайды.

Өмір шырыны –су.

Адамның ағзасының жартысынан көбі судан құралады.Адам сусыз біраз уақыт қана өмір сүруі мүмкін.Су біздің ішкі ағзаларымызды тазартады.Өсімдік те,жануарлар да

сусыз өмір сүре алмайды.

Балалар таза,салқын суды ішеді.Қолдарын суға салып,беттерін сулы қолдарымен сүртеді.

Дәрігер Салауат кеңес береді:

Суды жиі пайдалану мүмкіндігін жіберіп алмаңдар.

Жуыныңдар, үстеріңе су құйыңдар,шомылыңдар.Бұл денсаулықтарыңа пайдалы.

Сөз жұмбақты шешу.

Балаларға глобусты көрсету.

Жер шары-жаратылыстың бір бөлігі.Жер шары әлемі бар және әртүрлі. Міне, Қазақстан Республикасы.Ол глобуста көп орын алып жатыр.Бұл – өте биік таулар, шөл -далалар, өзендер,үлкен қалалар және кіші ауылдар.Бұның бәрі – біздің Отанымыз.Біздің Отанымыз жер шарының бір бөлігі.

Балалар, сендер –Қазақстан Республикасының кішкентай азаматтарсыңдар. Сендер ата-аналарыңды және қоршаған табиғатты жақсы көріп,қорғап,туған жеріңді,Отаныңды мақтан тұтуларың керек.

Гүлдің жапырағындағы сұрақтарға жауап береді.

 

 

 

 

Балалармен табиғат жайлы әңгімелесу

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар терезенің жанына келіп таза ауа жұтады.

Балалар дәптермен жұмыс жасайды.

 

 

 

 

 

Балалар глобусты көреді.

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы жайында әңгімелеседі.

Глобустан тамашалайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

Рефлексивті-

түзетушілік

Қорытынды: Адам – табиғаттың бір бөлігі.

Табиғат –  тіршілік нәрі.Кім денсаулығым мықты болсын десе,табиғатты сүйе біліп,табиғатқа,өз-өзіне және жақын адамдарына қамқорлық жасауы керек.

Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру керек.

Күн,ауа және су. Бұлар – табиғаттың сыйы,яғни адамның тіршілігіне қажет,сондықтан оларға қамқорлықпен қараған жөн.

Балалар сұрақтарға жауап беріп, сабаққа қорытынды жасайды.

 

Күтілетін нәтиже:

Білу: Балалардың тірі және өлі табиғат жайлы білімдерін бекіту.

Игеру: Адам, өсімдік, жануарлар өмірі, табиғат сыйы туралы мәлімет беру.

Меңгерді: Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру.

You May Also Like

Абай – ұлы ақын, сабақ жоспары

Қазақстан барысы, сабақ жоспары

Болымды және болымсыз етістік. сабақ жоспары

Адам жақсы ісімен көрікті, сабақ жоспары