«Тіл» мерекесіне орай ұйымдастырылған тәрбие сағаты 

Тақырыбы:

«Тілім менің-тірлігімнің айғағы»

Тақырыбы: «Тілім менің-тірлігімнің айғағы» 

Мақсаты: Балаларға ана тілі туралы түсінік  беру,білімін жетілдіру.Өзінің ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру,ой-өрісін,сөздік қорын дамыту.Туған  халқының тілін қастерлейтін саналы да парасатты азамат етіп тәрбиелеу.

Көрнекілігі: суреттер,нақыл сөздер,шарлар, т.б

Әдіс-тәсілі: әңгімелесу, сұрақ-жауап.

Мұғалім:  Сахнаны жандырады биіменен

Саусақтары майсып дөңгеленген.

Бір топ қызымыз алдарында,

Билейді әсем биді «Қамажай» деген.

Мұғалім: Қайырлы күн, құрметті Тіл мерекесіне жиналған қауым.Ана тілі-адамның жан дүниесінің айнасы,өсіп-өніп түрлене беретін,мәңгі құламайтын бәйтерегі.

Қазақ тілім өз тілім, ана тілім.

Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.

Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені

Болашағым, бақытым дара тілім  -дей отырып, Тіл мерекесіне орай ұйымдастырылған  «Тілім менің –тірлігімнің айғағы»   атты мерекелік ертеңгілігіне қош келдіңіз.

Әр бір тілде сөйле әлемді таң қылып.

Ана тілін білу заңдылық

Өсер балаң,байтақ далаң тұрғанда,

Қазақ тілі жасау керек мәңгілік.

Мұғалім: Балалар , біз қай Республикада тұрамыз?

  • Біздің ұлтымыз кім?
  • Біз қай тілде сөйлейміз?
  • Біздің елімізді кім басқарады?
  • Қазақстан Республикасының бас қаласы қай қала?
  • Балалар біздің ұлтымыз қазақ,өзіміз қай тілде сөйлейміз?
  • Біздер бүгін қай мерекені тойлап жатырмыз?
  • Мерекеге байланысты тақпақ білесіңдер ме?

Айзере: Ана тілім- елдігім,

Ана тілім –ерлігім

Тілді биік құрметтеп,

Тойлап жатыр ел бүгін.

Алижан: Тілім барда мақтанам

Тілім менің апппақ ән.

Бірлігімді бүгінгі,

Ана тілім сақтаған.

Мұғалім:

Ана тілің арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте

Мұғалім:  Өнерлерің үстем  болсын балалар ! Сендер тілге байланысты мақал-мәтелдер білесіңдер ме? Қане, кім айтады?

Мұғалім:  Тіл тас жарады,  …………………

Зере: Жақсы сөз- ………….

Зейнеп: Тіл қылыштан………

Ақбота: Шебердің қолы ортақ, …………………….

Асемай: Білімнің кілті …….

Топтық жұмыс: «Ақ көгершін»

Мұғалім: Тілмен ғана қызық менің тірлігім,

Тату еткен елмен елдің бірлігін.

Туған тілмен асқақ шығып,ізгі үнім,

Туған тілде алып  жүрміз біз білім.

Бауыржан Момышұлы «Қазақ тілі әр түрлі тілдердің ішіндегі ең таза әрі бай тілге жатады. Қазақтар шешен әрі әдемі сөйлеудің шебері»деген дей қашанда тіліміздің мәртебесін көтеріп, қадір-қасиетін қастерлей білейік.

Осымен құрметті ұстаздар,сүйікті бүлдіршіндер, ««Тілім менің тірлігімнің айғағы» атты ертеңгілігімізді аяқтаймыз.

You May Also Like

Театр – мәдениет ошағы, сабақ жоспары

Қиялдың бір бөлшегі – қазақ ертегілері, сабақ жоспары (Әртүрлі жанрдағы мәтіндерді талдау)

Жай сөйлем және құрмалас сөйлем, ашық сабақ

Мектебім мен сыныптастарымды жақсы көремін, сабақ жоспары