Тренинг тақырыбы: «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға»

Қатысушылар:Озық тәжірибелі ұстаздар және сынып жетекшілер (жас мамандар)
Мақсаты:  Мұғалімдердің эмоционалды көңіл күйілерін көтеру, психологиялық ахуал тудыру ,топтасып жұмыс істеу жүйесін әрі қарай дамыту.
Жұмыс түрі:  топтық жұмыс
Көрнекілік құралдар:  интерактивті тақта, доп, ватман, түрлі-түсті қарындаштар, фламастерлер, шарлар
«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға»,- деп айтқан ұлы Абай Құнанбаев атамыз. Шынымен де, өскелең ұрпақты, ұлт пен ел болашағын тәрбиелеу, мұғалім кәсібін таңдап, оны шын жүрекпен, бар болмысыңмен сүю әрбір адамның қолынана келе бермейтін игі іс. Сондықтан да, таңдаған мамандық жолынан ешқашан таймаңыздар, әрбір қиыншылықтарды абыроймен жеңіп шығуларыңызды тілеймін.

Тренинг ережесімен таныстыру.
1.Өз ойын ашық айту.
2. Өзгенің пікірін құрметтеу.
3. Шынайылық.
4. Белсенді әрекет ету.
5. Өз сезімін басқара білу.
6. Уақытпен санасу.

 Жүргізуші:
«Мұғалім – тәуелсіз мемлекетіміздің болашағын қалап жатқан маман. Өйткені, ел болашағының кілті – бүгінгі жас ұрпақтың қолында. Жас ұрпақтың тағдыры олардың бойына білім мен ізгілік нұрын себуші – ұстаздардың қолында.
 Жүргізуші:
Ұстаз кім? Ұстаздық не? Ұғамын ба,
Әлде ол қарапайым мұғалім ба?
Беттерін ұстаз дастан парақтасаң,
Жанымды толтырады бұла мұңға.
 Жүргізуші:
Ұстаз! Ол – ақыл ойдың кені емес пе?
Көш бастар замананың ері емес пе?
Жатталып кейінгіге хаты қалған,
Ұстаз ол – күллі әлемнің нұры емес пе?
 ОЛЕН Жолдары  ШАКЫРГАНДА УСТАЗДАРДЫ

  1. Кір шалмайтын ешқашанда қабағын,
    Насихаттың қадамына қарағын.
    Пән ішінде пәндердің бір төресі,
    Алып жүрген бастауыш сынып сабағын – деп Жанат Нурахметкызын қошеметтеп ортамызға шақырамыз.Жанып түсер шәкірт десе жанары,
    Рысбике апай бастауышта сабағы,
    Алып жүрген қоғамдық сан жұмысты,
    Қамтиды ол қосымша көп сабақты – деп Рысбике Түсіпжанқызын қарсы алайық.

    3. Хим- биолог Асет Шекеновна нағыз маман өзіңізсіз
    Өзгелерге ісіңіз үлгі, сөзіңіз шын.
    Аудан, аймақ көлемінде шектелмей,
    Обылыстан бас жүлдемен көрінген – дей келе .

    4. Бала – шаға отбасымен бақытты,
    Күнделікті шәкірттерге асықты.

Елгезек, тіл алғыш қып тәрбиелеп,
Шәкірттерді шығарды бірнеше рет.
Математика  мұғалімі              апай,
Іскерлікпен ісін алға тасытты –——-

Жүргізуші:
Осы орайда ұстаздықты жүрек қалауымен таңдап, жоғары оқу орындарын ойдағыдай аяқтап, ортамызға келіп еңбек жолын жаңа ғана бастап жатқан жас мамандарға қадамдарың құтты, еңбек жолдарың сәтті болсын деген тілек білдіреміз.
І жүргізуші:
«Жас маман деген кім?
Ж – жігерлі
А – алғыр
С – сұлу да сымбатты
М – мақсаткер
А – айтқанды екі етпейтін
М – мінезі жайсаң
А – арманшыл
Н – насихатты тез қабылдайтын жас мамандарды ортаға шақырамыз.

  1. Мектепке ең бірінші болып келер,
    Сабақтарын қызықтырып және берер.
    Жаңа әдіске үйретіп шәкірттерін,
    Шәкіртіне қосымша білім берер – .дей келе№1 жаттығу. .  І. Сәлемдесу: «Көрші»-1 минут
    Қатысушылар шеңберге тұрады. Жүргізушінің нұсқауын орындайды.
    Көршіңді оң жақтан құшақта,
    Көршіңді сол жақтан құшақта.
    Оң жақтағы көршіңе бір жымиып,
    Сол жақтағы көршіңе бір жымиып қараңыз.
    Туыс адамды көрген кездегідей амандасыңыз
    Біреуден қарыз болғандағы кісін көргендей амандасыңыз
    Көп уақыт көрмеген досыңызды көргенде
    Бастықты көргенде.

Рефлексия. Жаттығудан алған әсері туралы ой бөлісу.
№2 жаттығу. «Өзіндік таңдау»
Қатысушылар орындарына жайғасып, бір-бірден берілген сөйлемдерді өз ойынша аяқтайды.
1.Менің  ойымша  мен…
2. Өзгелер  мені…
3. Мен  келешекте…

  1. Сіз қандай жұмыскерсіз?
    Олай болса келесі жаттығуымыз «Сіз қандай жұмыскерсіз» деп аталады.
    Мына суретте аттың сұлбасы салынған. Сіздің міндетіңіз – суретті аяқтау, жануарлардың барлық сыртқы мүшелерінің суретін толықтырып салу және айналасын әсемдеу. Атқа керекті жағдайды жасаңыз.
    №3 жаттығу. «Бала»
    Әр қатысушы түсінік береді: «Бала дегеніміз – ол …».

№4 жаттығу. «Ырғақты тоқтату».

Қатысушылар арасынан бір мұғалім ролінде ойнайды, қалғандары тәртіпсіз оқушылар. Оқушылар сыныпта шулап, мұғалім 5 минут ішінде сыныпты тыныштандыру керек. Немесе қатысушылардан 1 мұғалім өз тәжірибесімен бөліседі.

№5 жаттығу. «Баға қою».

Қатысушылар шеңберге тұрады. Арасынан біреуі мұғалім, қалғандары оқушылар болады. Мұғалім роліндегі қатысушы негативті бағаны (екіні) бір оқушыға қоюы керек. Содан кейін, позитивті баға «бес» қоюы керек. Қалған қатысушылар мұғалімнің сол кездегі интоннациясын, эмоциясын қалай келтіргендігін, қандай сөздер айтқандығын бақылайды. Бұл рольде бірінші жас мұғалім.2-ші озат тәжірибелі зейнеткер мұғалім  болып көруі керек.

Психолог кеңесі: Оқушыға негативті баға қою кезінде мұғалім балаға деген өзінің қатынасын білдіру керек және сол баланың ертеңгі күні жақсы   оқитындығына сенімділігін көрсету керек. Мысалы: «Өкінішті-ақ, Дина. Бүгін менің саған екі қоюыма тура келді. Сен өте қабілетті оқушысын. Алдағы уақытта бүгінгі бағаңды түзетесін деп ойлаймын».
Оқушыға позитивті баға қою кезінде мұғалім баланың оқуға деген талпынысын бекіту керек. Мысалы: «Жарайсың, сен бүгін бес алдың. Осы жолыңнан тайма». Жүргізуші:«Талпынған бала, талпынған құстай,
Құмары қанбас, аспанға ұшпай», – деп бабаларымыз дәл тауып айтқан.
Қазір ХХІ ғасырда ең бірінші орынға білім қойылды. Ұрпақ тәрбиесі мен оларға сапалы білім беру ұстазға байланысты. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» дегендей өнегелі ұстаздан білімді шәкірт шығатыны сөзсіз. Біз тек біліммен ғана алға жылжимыз. Ал сол білім нәрін беруші – ҰСТАЗ. Ендеше келесі бөлімде қатысушы  ұстаздарға №6 жаттығу.Стикер қай топ жинайды, сол топ нағыз ұстаздар

Жедел сұрақтарға жауап беру

  1. Орман емшісі (тоқылдақ)
    Аюдың баласы (қонжық)
    3.Сандарды немен белгілейміз (цифрмен)
    4. Математикада неше амал бар (4)

1.Жүргізуші: Сынып ұжымымен, жалпы баламен жұмыс жасау барысында кездескен психологиялық жағдаяттардан шығу тапқырлығы мен ақылдылығын сынайтын сәт те келіп жетті.

Ескеріледі: – Жағдайды шешу шеберлігі
– Педагогикалық – психологиялық сауаттылығы
– Түсінікті баяндауы
– Жедел әрі нақты жауап беруі
– Өзіне, жауабына сенімділігі

Педагогикалық жағдаят
                              Ситуациялық сұрақтар:
1. Сіз сабақты слайд түрінде дайындап келдіңіз. Оны бір оқушы интерактивті тақтаны қосамын деп жүргенде бәрін өшіріп алады, не істер едіңіз?
2. Үй жұмысын тексеру үшін дәптер жинап алдыңыз. Бір оқушы дәптеріне сіздің суретіңізді салып мазақ етіп жазып қойған. Не істер едіңіз?

Рефлексия:

You May Also Like

Ұлы ерлікке тағзым, сабақ жоспары

Қазақстан бейнесі. Қазақстанның өткені мен келешегі. Шешендік сөздер, сабақ жоспары

What am I..? lesson plan

Жасыл экономика. Су ресурстары. сабақ жоспары