Өзiн-өзi тану сабағы

 

Мектеп_______________Мерзiм____________№_____

Тақырып:  Отбасы жарастығы

Құндылық:  сүйіспеншілік

Қасиеттер: махаббат,сыйластық,мейірімділік.

Мұғалiм:___________________________ Сынып:Оқушылар саны:__

 

Сабақтың мақсаты: балалардың «сыйластық», «махаббат» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

-отбасы жарастығы, татулығы туралы түсінік қалыптастыру;

-отбасында жағымды қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту;

-өзара сыйластыққа тәрбиелеу.

Сабақ барысы:

1 Ұйымдастыру кезеңi. Тыныштық сәтi.  

Су асты патшалығына ойша саяхат.

(Оқушылардан шеңбер құрып отыруды, қолдарын тізесіне немесе үстел үстіне қоюды, аяқтарын айқастырмауды өтініңіз. Арқаларын тік ұстауын қадағалаңыз. Жайлы, баяу музыка қойыңыз).

Мұғалім: Көзіңізді жұмыңыз және бірнеше рет  терең тыныстаңыз; денеңізді босатыңыз.Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз.

Теңіз жағасымен келе жатқаныңызды елестетіңіз. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түріңіз. Жалаң аяқтарыңызбен құмды сезініңіз. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсыз: ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндіңіз. Ол сізді теңіз түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті жәндік, сізді шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отырыңыз, мықтап ұстап, жолға шығыңыз. Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңді қауіпсіз сезіну, су астында жүзу қандай керемет. Жан-жағыңызға қараңыз: мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы-берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қараңызшы, қандай орасан зор балықтар, ал енді анау жаққа көз тастаңыз… бұл орасан зор сегізаяқ. Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сіз бір нәрсені байқадыңыз ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде болыңыз.(Мұғалім бірнеше секунд үнсіз қалады).

Ал қазір жоғарыға,  өз әлемімізге кері қайтуға дайындалыңыз. Айналаға жіті қараңыз. Ғажап түстерге тағы бір рет қараңыз және тыныштыққа құлақ түріңіз. Осындай тыныштық сізге самалдай әсер береді. Енді дельфин кері қарай жолға шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз. Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажап саяхатқа апарғаны үшін ризашылық білдіріңіз.

Сыныпқа оралыңыз және өз орныңызға келіңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз, осы түйсінген тыныштықты өз бойыңызда сақтауға тырысыңыз.

Ресурстар:Құралдар,мәліметтер,плакаттар,слайд,үнтаспа.
2.Үй тапсырмасын тексеру.

«Мен қазақ баласымын» атты Е.Өтетілеуұлының өлеңін оқып келіңдер.

·       «Мен қазақ баласымын!» дегенді қалай түсінесіңдер?

Сабақ барысын талқылау:

 

3.Әңгiмелеу (сұхбат).

«Сыйластық» атты А.Самиғоллаұлының өлеңін  оқиық.

·       Өлеңді  оқи отырып не түсіндіңдер?

·       Отбасы жарастығы дегенді қалай түсінесіңдер?

·       Отбаының татулығы қандай табыстарға жеткізеді?

4.Дәйек сөз.

    «Ұяда не көрсең ұшқанда соны ілесің»

                                                        Халық мақалы

Нақыл сөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?

5.Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Оқулықта берілген мақалдарға сүйеніп, шағын әңгіме құраңдар.

6.Топпен ән айту

«Әкем-әнім»

                                                                    Сөзі О.Сүттібаевтікі

                                                                    Әні Ә.Сүлейменовтікі

7.Үй тапсырмасы.

М.Жұмабаевтың «Сөз және мағына» атты әңгімені оқып келу.

8.Бағалау. Сабақ барысында жақсы қатысқандары   үшін оқушыларға берілген  жұлдызшаларды есептей отырып бағалау.

 

 

You May Also Like

Жақсылық жан азығы ашық сабақ

Тақырыбы: «Жақсылық жан азығы» Мақсаты: Оқушыларға сөз құдіретін ұғындыру, сөздің қасиетін бағалай білуге және…

Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен, сабақ жоспары

Қыстырма сөздер. Жақсы мен жаманды білемін, сабақ жоспары

Плутонға сапар, сабақ жоспары