Тақырыбы:

«Мамандықтар еліне саяхат»

Өтпелі тақырып: «Алуан-алуан кәсіп бар, таңдай біл де талап қыл»

Тақырыбы: «Мамандықтар еліне саяхат»

SMART мақсат:  Балалар дәрігер, аспазшы, шаштаразшы, құрылысшы, сатушы, өрт сөндіруші, жүргізуші, мұғалім  мамандықтары туралы біледі.

Қолданылатын көрнекі құралдар: әр балаға фетрден жасалған әуе шары, А3  форматта тақырыпқа қажетті суреттер, әр балаға жеке карточкалар, интербелсенді тақтада сергіту видео, «Дәрігер», «Аспазшы», «Шаштараз», «Құрылысшы», «Сиқыршы», «Дүкен» бұрыштары құралдарымен, әр балаға арналған сертификат.

Атқарылатын жұмыс түрлері:

1) Амандасу, достық шеңбері.

2) Тосын сәт «Хат» келеді.

3) «Мамандықтар еліне» саяхат

4) Педагогтің жетекшілігімен ойын: «Мамандықтың жұмыс орнын тап» (жеке жұмыс)

5) Сергіту сәті: «Бас, иық, тізе, аяқ»

6) Еркін ойын: «Алуан-алуан кәсіп бар, таңдай біл де талап қыл»

7) Рефлексия, сертификат табыстау

Тәрбиеші: Балалар, айналамызға қараңыздаршы бүгін күн қандай тамаша! Қанекей, бәріміз жаңа күнмен амандасып алайық.

Балалар: Сәлеметсің бе Жаңа күн!

Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар, көңіл күйлерің қалай?

Балалар: Тамаша!!!

Тәрбиеші: Балалар, жаңа күнмен амандасып болдық, ендеше бір-бірімізбен амандасып, бүгінгі оқу қызметімізді бастайық. Қанекей ол үшін барлығымыз дөңгеленіп тұрып, менімен бірге іс-қимыл арқылы достық шеңберін жасайық.

Тәрбиеші мен балалар:

Қол ұстасып, қане біз

Достасайық бәріміз

Айтарым бар сендерге

Тез тұрыңдар шеңберге,

Қандай жақсы бір тұру,

Қандай жақсы бір жүру,

Қандай жақсы дос болу.

Тәрбиеші: Балалар, жарайсыңдар!

Тосын сәт (есік қағылып, хат келеді):

Тәрбиеші: Ой, балалар, бізге хат келді. Кімнен келді екен? Ішінде не бар екен?

(балалардың жауаптары тыңдалады, әрқайсы өздерінің ойларын айтып, ортаға салады)

(4К моделінен-сыни ойлау, коммуникативтік тілдік қарым-қатынас көрінісін тапты.)

Тәрбиеші: Олай болса балалар, қазір мен сендерге кімнен келгенің оқып берейін. №6 «Ақкөгершін» бөбекжай-балабақшасының №3 «Құлпынай» ересек  топ балаларына «Мамандық патшайымынан» депті. Ішінде хат бар екен, сендерге дауыстап оқып берейін бе?

Балалар: Ия (эмоцияларын көрсетіп жауап берді.)

Тәрбиеші: – Сәлеметсіңдер ме, балалар! Менің есімім «Мамандық патшайымы». Мен көптен бері сендердің ойнағандарыңды, сурет салғандарынды, ән айтып, билегендерінді бақылап келемін. Сондықтан мен сендерді мамандықтар еліне саяхаттауға шақырамын. Бірақ мамандықтар елінде менің сендерге дайындап қойған тапсырмаларым бар. Қызықты, әрі жаңа білім алғыларың келсе, онда жиналып, саяхаттауға шығыңдар! Кездескенше, сендердің «Мамандық патшайымдарың».

Тәрбиеші: Балалар, «Мамандық патшайымы» біздерді мамандықтар еліне саяхаттауға шақырып жатыр. Барамыз ба?

Балалар: Ия, ия, ия….. (эмоцияларын көрсетіп жауап берді.)

Тәрбиеші: Ол үшін бізге көлік қажет. Жол ұзақ, сондықтан мен сендерге әуе шарымен баруды ұсынамын.

(музыка әуенімен тәрбиеші мен балалар көтеріңкі көңіл күймен, өздеріне ұнаған әуе шарына барып жайғасып отырып, саяхатқа аттанады.)

Тәрбиеші: Балалар, біздер мамандықтар еліне келіп жеткен сияқтымыз. Ендеше  қанекей әуе шарымыздан түсейік.

Тәрбиеші: Балалар, мынау  «Мамандық патшайымының» бізге дайындаған тапсырмасы болар. Ендеше өздеріне ұнаған үстел басына барып жайғасып алыңдар, дайындаған тапсырманы орындайық.

Педагогтің жетекшілігімен ойын: «Мамандықтың жұмыс орнын тап» (жеке жұмыс)

SMART мақсат: Мамандық иелерін ажырата біледі.

 (4К моделінен- сыни ойлау, коммуникативтік тілдік қарым-қатынас, «Бала үні» ескерілді.)

Көрнекі құралы: А3 форматта сурет (шаштараз, асхана, өрт болып жатқан орман, аурухана, дүкен, машиналар, ұрлықшы) және әр балаға жеке мамандық иелерінің (шаштаразшы, аспазшы, өрт сөндіруші, дәрігер, сатушы, жүргізуші, полиция) суреті.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар, тапсырманы дұрыс орындадық. Шаршап қалған боларсыңдар, ендеше бойымызды сергіп алайық.

Сергіту сәті: «Бас, иық, тізе, аяқ»

Бас, иық, тізе, аяқ,

Тізе, аяқ.

Бас, иық, тізе, аяқ,

Тізе, аяқ.

Көз, ауыз, мұрын және құлақ.

Бас, иық, тізе, аяқ,

Тізе, аяқ.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар!

(жәй музыка әуенімен балалардың қасына «Мамандық патшайымы» келеді)

«Мамандық патшайымы»: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Көңіл-күйлерің қалай? Мен «Мамандық патшайымы» боламын. Менің еліме қош келдіңдер.

Тәрбиеші мен Балалар: Сәлеметсіз бе!

«Мамандық патшайымы»: Мен сендерді манадан бері сырттарыннан бақылап тұрмын. Жарайсыңдар, сендер өте алғыр екенсіңдер. Балалар сендерге ұсынысым бар, менің үйіме барып, менімен ойнайсыңдар ма?

Балалар: Ия (эмоцияларын көрсетіп жауап берді.)

«Мамандық патшайымы»: Ендеше жүріңдер, бірге еркін ойын ойнайық.

Еркін ойын: «Алуан алуан кәсіп бар, таңдай білде талап қыл»

(4К моделінен- креативтілік, коммуникативтік тілдік қарым-қатынас, командамен жұмыс көрінісін тапты, «Бала үні» ескерілді.) 

Көрнекі құралы: «Дәрігер»,  «Аспазшы», «Шаштараз», «Құрылысшы» бұрыштары құралдарымен.

«Мамандық патшайымы»:

Айсұлтан, сен қандай мамандықты таңдадың? Ол қандай қызмет атқарады? (баланың жауабы тыңдалады)

-Айсана, сен қандай мамандықты таңдап таңдадың? Ол қандай қызмет атқарады? (баланың жауабы тыңдалады)

-Ілия, сен қандай мамандықты таңдап таңдадың? Ол қандай қызмет атқарады? (баланың жауабы тыңдалады)

-Бейбарыс, сен қандай мамандықты таңдап таңдадың? Ол қандай қызмет атқарады? (баланың жауабы тыңдалады)

-Балжан, сен қандай мамандықты таңдап таңдадың? Ол қандай қызмет атқарады? (баланың жауабы тыңдалады)

-Зере, сен қандай мамандықты таңдап таңдадың? Ол қандай қызмет атқарады? (баланың жауабы тыңдалады)

-Айару, сен қандай мамандықты таңдап таңдадың? Ол қандай қызмет атқарады? (баланың жауабы тыңдалады)

-Аяжан, сен қандай мамандықты таңдап таңдадың? Ол қандай қызмет атқарады? (баланың жауабы тыңдалады)

Тәрбиеші: Балалар, «Мамандық патшайымының» сендерге айтары бар. Сендерге ойын ұнады ма?

(Балалардың жауаптары тыңдалады)

 Реффлексия:

 «Мамандық патшайымы»: Жарайсыңдар балалар!

Бекарыс сен үйді күшті құрастырғының үшін, саған «Құрылысшы» мамандығының

(барлық балаға таңдаған мамандығы бойынша сертификат табысталып және өскенде кім болатыны туралы сұрап, жауап алды)

Тәрбиеші: «Мамандық патшайымы» сізге көп рахмет қызықты тапсырмалар мен ойын үшін. Біздің де өз балабақшамызға қайтатын уақыт болды. Сау болыңыз!

Балалар: Сау болыңыз!

«Мамандық патшайымы»: Сау болыңдар балалар!

Тәрбиеші: Балалар қанекей әуе шарымызға барып жайғасып, отырып алайық. Ұшуға дайынсыңдар ма! Кеттік ендеше!

(Тәрбиеші мен балалар әуе шарынан түсіп, өздерінің балабақшаларына келеді.) 

 

You May Also Like

Семирамида аспалы бағы, сабақ жоспары

Ч,щ дыбыстары. Мазмұндама жазайық, сабақ жоспары

Мазмұндама жазайық, сабақ жоспары

Күш атасы, сабақ жоспары