САБАҚ  ЖОСПАРЫ
Курс 2 Топ С -22 Сабақ номері 7
 

Мамандығыбіліктілігі:

 

 

Специальность 1114000 «Сварочное дело»

Квалификация 1114042 «Электрогазосварщик»

 

Модуль атауы: БМ 01 «Примененения профессиональной лексики в сфере профессиональной деятельности»

 

Сабақ тақырыбы: «Газбен дәнекерлеу»
Күні:

 

19.11.2019 ж. Ұзақтығы: 90 мин
Өткізілу орны:

 

ҚАШК 404 кабинеті
 

 

Сабақ мақсаты:

Білімділік: дәнекерлеуші мамандығы бойынша терминдерді қайталау, теориялық білімін анықтау, мамандық тарауы бойынша алған білімдерін пысықтау.

Дамытушылық: Сөздік қорын молайту, оқушылардың ойлау қабілетін, ой белсенділігін арттыру, оқушылардың шығармашылықпен жұмыс жасауына ықпал ету; ойлау шеберлігін, сөйлеу мәдениетін жетілдіру; ізденімпаздыққа, шығармашылыққа баулу.

Тәрбиелік: өз мамандығы үшін мақтаныш сезімін тәрбиелеу, өз Отанына адал қызмет етіп, үлесін қосуға шақыру, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу

1.

 

Сабақ міндеттері:

Міндеті: кәсіпке қатысты міндетті және мүмкіндік деңгейі бойынша терминдер арқылы сөйлем құрады. Кәсібі бойынша терминдерді айта алады.Грамматикалық тақырыптарды қайталайды.

 

 

Күтілетін нәтижелер:

1.Қалың металдарды түйістіріп берілген өлшемдер арқылы дәнекерлеп жинауды үйренеді

3. Арнайы терминологиямен танысады

Сабақ типі:

 

Тексеру сабағы.
 

Оқыту әдістері, әдістемелік амалдар, педагогикалық техникалар, педагогикалық технологиялар:

 

сұрақ-жауап, жарыс үлестірме материал,
Қажетті жабдықтар мен құралдар сөздіктер, бейнематериал, интерактивті тақта (флипчарт), карточкалар, Power Point слайд-шоу
 

Қосымша дереккөздер (әдебиет):

 

1.Барашкова О.Н. Источники питания сварочной дуги. М. Высшая школа, 2002.

2.Розаков Ю.Н. Оборудование и технологий автоматической и полуавтоматической сварки. М. Машиностроение, 2007.

3.Шебеко Л.П. Оборудование и технологий автоматической и полуавтоматической сварки. М. Высшая школа, 2005.

Мұғаліммен байланыс ақпараты:
А.Т.Ә.:

Молдашев Абай Турсунбаевич

 

Тел.: 8-7777913330

E-mail: abay.moldashev@bk.ru

 

САБАҚТЫҢ КОНСПЕКТ-ЖОСПАРЫ
Сабақ барысы Уақыты (минут) Оқытушының іс-әрекеттері Тыңдаушылардың

іс-әрекеттері

Оқу ресурстары және материалдары
1 2 3 4 5
1. Ұйымдастырушылық кезең 2 сәлемдесу,

жоқ студенттерді белгілеу

 

сәлемдесу

 

топ журналы

2. Үй тапсырмасын орындауды тексеру  

8

өткен тақырып бойынша сұрақтар сұрақтарға жауап шешу дәптер
3. Білім алушыларды негізгі кезеңдегі жұмысқа дайындау  

 

5

сабақтың оқу мақсатын ашу, жаңа тақырыпты жеткізу сабақ мақсаттарын тыңдап, жаңа тақырыпты жазу  

 

дәріс, дәптер

 

4. Жаңа білімдері мен қызмет ету тәсілдерін қалыптастыру

 

 

20

жаңа материалды түсінікті түрде әр студентке жеткізу оқытушы ұсынған материалды қабылдау, ұғыну және бастапқы есте сақтау  

дәріс, дәптер, жаңа ақпарат

5. Оқылған материалды түсунулерінің алғашқы тексерісі  

 

5

жаңа тақырып бойынша сұрақ қою сұрақтарға жауап беру, сұрақ қою оқытушымен әңгімелесу
6. Жаңа білімдері мен қызмет ету тәсілдерін бекіту  

 

5

тәжірибеден мысалдар келтіру материалды санасында бекіту оқытушымен әңгімелесу
7. Білімдері мен қызмет ету тәсілдерін пайдалану  

10

ситуациялық жағдайлар ситуациялық жағдайларды шешу тәжірибе кезінде кәсіби шеберлікті дамыту
8. Білімдерді жалпылау және жүйелеу 10 студенттердің ұғынуларын тексеру оқытушыға қабылданған білімдер деңгейін көрсету  

дәріс

9. Білімдері мен қызмет ету тәсілдерін меңгеруді бақылау және өзін-өзі бақылау  

10

материалды қабылдау деңгейін тексеру материалды ұғыну деңгейін көрсете білу оқытушымен әңгімелесу
 

10. Білімдері мен қызмет ету тәсілдерін түзету

 

 

10

білімдері мен қызмет ету тәсілдерінде анықталған кемшіліктерді түбегейлі түзету білімдері мен қызмет ету тәсілдерінде анықталған кемшіліктерді түбегейлі түзету
11. Үй тапсырмасы туралы хабарлау  

2

дәрісті оқу, мәтінді аудару үй тапсырмасын жазып алады дәптер
12. Сабақ қорытындысын шығару және рефлексия  

3

таратылмалы материал үлестіреді тапсырмаға сәйкес орындайды үлестірмелі материал

«Газэлектрдәнекерлеуші» мамандығы бойынша дидактикалық материал

«ГАЗЭЛЕКТР ДӘНЕКЕРЛЕУШІ» МАМАНДЫҒЫ

Газэлектрдәнекерлеуші мамандығы – өте қажет мамандық. Кез-келген өндірістік кәсіпорында электргазбендәнекерлеу қолданылады. Электргазбен дәнекерлеу – қосылыс жерін балқу немесе иілу күйіне дейін қыздыру әдісі арқылы металл бөлшектердің қозғалыссыз, бөлінбейтін қосылыстарын алу үрдісі.

Электргаздәнекерлеудің көмегімен көліктердің, әртүрлі металл құрылымдардың, көпірлердің, цистерналардың немесе қазандардың және құбырлардың металл бөлшектері жалғанады. Материалдық өндірістің кез-келген саласында электргаздәнекерлеуші атқаратын жұмыстар болады.

Дәнекерлеу – көліктердің, құрылымдардың бөлшектерін ажырмайтындай етіп қосатын сенімді әрі үнемді тәсіл болып табылады.

Дәнекерлеуші шойын, болат құбырлардың құрылымдарын, тетіктерді қолмен, доғалы, плазмалы және газбен дәнекерлеуді орындайды, сонымен қатар телевизионды, фотоэлектрондық және басқа да құралдармен жабдықталған автоматтарда дәнекерлейді.

Электргаздәнекерлеушінің міндетіне бетті жұмысқа дайындау, технологиялық режімді таңдау, дәнекерлеу үрдісін және сапасын бақылау, тиісті жабдыққа қызмет көрсету енеді.

Сабақты тест арқылы қорытындылау. 

Пән бойынша тест сұрақтары:

І – нұсқа

1/ Металдардың сұйық күйден қатты күйге өту процесі?

а/ кристалдану c/ аллотропия

b/ қатаю d/ темірлену e/дұрыс жауап жоқ

2/ Д.К.Чернов кристалдану процесін нешеге бөледі?

а/ 3 c/ 2

b/ 4 d/ 5 e/дұрыс жауап жоқ

3/ Сұйық күйден қатты күйге өткенде металдың бос энергиясы не істейді?

а/ өседі c/ артады

b/ теңеледі d/ кемиді e/дұрыс жауап жоқ

4/ Металда магниттік қасиет тудыратын температура

а/ Петров әдісі c/ Өсу нүктесі

b/ Кюри әдісі d/ Бенардос әдісі e/дұрыс жауап жоқ

5/ Егер қорытпаның компоненттері балқыған күйде бірі екіншісінде шексіз еріп, қатты күйде өз ара ерімесе, онда қорытпа қатайғанда нені құрайды?

а/ кристалдану процесін c/ күй диаграммасын

b/ механикалық қоспа d/ химиялық қосылыс

e/дұрыс жауап жоқ

6/ Қорытпа құраушылары мен олардың концентрациясының температураға байланысты өзгерістерін не сипаттайды?

а/ күй диаграммасы c/ химиялық қосылыс

b/ механикалық қоспа d/ эвтектика

e/дұрыс жауап жоқ

7/ Құрамында 2 ℅ тен 6,67 ℅-ке дейін көміртегі бар көміртекті темір қорытпалары?

а/ темір c/ шойын

b/ болат d/ каучук e/дұрыс жауап жоқ

8/ Структурасына байланысты шойындар қалай бөлінеді?

a/ ақ және сұр c/ қара және сұр

b/ графит түрінде d/ темір және шойын

e/дұрыс жауап жоқ

9/ Металдар мен металл қорытпаларының физика-химиялық қасиеттерін өзгерту үшін оларды ……… әдіспен өңдейді

а/ механикалық c/ термиялық

b/ химиялық d/ созу әдісі бойынша

e/дұрыс жауап жоқ

10/ Металға сыртқы дененің енуіне оның көрсететін қарсы әсер күшін не деп атайды?

а/ соғу c/ кері әсер денесі

b/ шынықтыру d/ қаттылық

e/дұрыс жауап жоқ

11/ Халық шаруашылығында пісірудің қай әдісі кең таралған?

а/ газбен c/ электрмен

b/ контактілі d/ көрікпен

e/дұрыс жауап жоқ

12/ Электрмен пісіру әдісі қалай бөлінеді?

а/ газбен-термитпен c/газбен-көрікпен-термитпен

b/ электр доғалық-контактілі d/ электр доғалық пісіру

e/дұрыс жауап жоқ

13/ Металдарды химиялық жолмен пісіру нешеге бөлінеді?

а/ 2 c/ 3

b/ 4 d/ 5

e/дұрыс жауап жоқ

14/ Металдарды химиялық жолмен пісіру әдісі қалай бөлінеді?

а/ газбен-термитпен

b/ электр доғалық-контактілі

c/газбен-көрікпен-термитпен

d/ электр доғалық пісіру

e/дұрыс жауап жоқ

15/ Пештерде қыздырылғаннан кейін шыңдалып, пісірілу

а/ көрікпенc/ газбен

b/ термитпен d/ доғалық

e/дұрыс жауап жоқ

You May Also Like

Көңіл күй шаттығы, сабақ жоспары

Аспаздық қызмет, сабақ жоспары

Жалаң және жайылма сөйлем, сабақ жоспары

Қоршаған орта және энергия ресурстары, сабақ жоспары