Шеберлік-сынып жоспары

«Білім беру мазмұнын жүйелі жаңарту жағдайында сапалы біліммен қамтамасыз ету»

Шеберлік-сынып  жоспары

Тақырыбы: «Білім беру мазмұнын жүйелі жаңарту жағдайында сапалы біліммен қамтамасыз ету»

Шеберлік-сыныптың мақсаты мен міндеттері:

  • Жаңа әдіс-тәсілдерді қолдану барысында мұғалімдерге талантты және дарынды оқушыларды тануға мүмкіндік беру;
  • Барлық оқушылардың білім алу, мақсатқа жету мен сынып өміріне қатысу қабілеттерін арттыру үшін оны тұлға ретінде дамытуға назар аудару.

Күтілетін нәтиже:

  • Зияткерлік тапсырмалар, оқушы әлеуетін дамыту мақсатында зерттеулер пайдасын біледі;
  • Білім беруде оқушыға жеке көңіл бөлуді дамытуға ықпал ететін оқыту әдісі ретінде әңгімелесуді, жауап алу мен шағын топта жұмыс істеу әдістерін қалайша тиімді қолдануға болатыны туралы өз түсінігін қалыптастырады, тиімділігін ұғынады, қолданады;
  • Жаңа әдіс-тәсілдерді сабақта қолдануды үйренеді.

Мақсаты бағытталған аудитория: жас  ұстаздар

Шеберлік-сынып барысы:

Амандасу, шаттық шеңбері. «Жетістік жолы»  нүктелеріне тұру.

Топқа бөліну «Атом және молекула» ойыны

Топ атын анықтау. «Орамадағы сөздер» әдісі

Суретті бағалау.  Дәстүрлі бағалау  мен  критерий арқылы бағалауды салыстыру.

Жағдаяттан шығу. «Таңда да таста» әдісі

Мәтінмен жұмыс. «Стоп-кадр әдісі, «кофе таяқшалары» әдісі

Қойылым. Фильм түсіру (әр түрлі жанрда)

Рефлексия. «Өрмекші торын»  құру әдісі

«Жетістік жолы»  нүктелеріне тұру. 

Әдіс-тәсілдер:

«Жетістік жолы»,  «Атом және молекула» әдісі, «орамадағы сөздер» әдісі, критерий арқылы бағалау, «таңда да таста» әдісі,  «стоп-кадр әдісі, «кофе таяқшалары» әдісі, «өрмекші торын»   құру

Құрал-жабдықтар:  интербелсенді тақта, стикер, ақ парақшалар, презентация, маркер, түрлі-түсті қағаздар.

Дидактикалық  материалдар:  МАН, интернет ресурстары

Шеберлік – сынып мазмұны:

Жұмыс кезеңі Мазмұны
Амандасу

 

 

 

Шаттық шеңбері

Жетістік жолы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Топқа бөлу

«Атом және молекула»  әдісі

 

 

Топ  атын анықтау

«Орамадағы сөздер» әдісі

 

Критерий арықылы бір-бірін бағалау

-Салеметсіздер ме, құрметті әріптестер! Бүгінгі : «Білім беру мазмұнын жүйелі жаңарту жағдайында сапалы біліммен қамтамасыз ету»   атты шеберлік-сыныбына қош келдіңіздер!

 

Барлықтарыңызды шеңберге шақырамын.

Қазір барлығымыз  шеберлік сыныбын бастамас бұрын жаңартылған білім беру мазмұны аясында қаншалықты жаңашыл әдіс-тәсілдерді білу немесе білмеу деңгейімізге қарай мына «жетістік жолындағы» 4 нүктеге тұруларыңызды сұраймын.

·       Білмеймін

·       Білемін

·       Түсінемін

·       Басқаларға көмектесе аламын

Мұғалімдердің қаншасы қай нүктеге тұрғаны мынадай параққа жазылады:

Білмеймін

 

білемін түсінемін Басқаларға көмектесе аламын
Басында         4 3 2 3
соңында

Қазір барлығымыз  топқа бөлініп алайық. Мен «атом» деген нұсқау бергенде жалғыз дамылсыз қозғалыста жүреміз, «молекула 2» деген кезде 2 адам біріге қаламыз, «молекула 3» деген нұсқау берсем 3 адам бірігеміз, солай жалғаса береді. Соңында неше адам бірікті солай топтарға бөлініп орнымызға отырамыз.

Топтарға  орама  тәрізді  шиыршықталған  ішінде шатасқан әріптер жазылған қағаз  беріледі,  сол  шатасқан әріптің ішінен мағынасы бар сөз табулары тиіс, сол сөз топтың аты болып табылады.

 

Топтың әр мүшесіне көбелек суретін салу тапсырылады. Салып болғаннан соң көрші отырған адаммен суретпен алмасып, «5» баллдық жүйемен бағалайды, одан соң тақтадағы дайын критерий бойынша бағалайды.  Қатысушылар ескі және жаңа бағалау жүйесінің айырмашылығын түсінеді.

Жағдаятттан шығу

«Таңда да таста» әдісі

Қатысушылар назарына жағдаят ұсынылады. Әр қатысушы сол жағдаяттан шығу жолын параққа түсіреді де, қар тәрізді  бүктейді. Қатысушылар 4 қабырғаға тұрып 25с. бойы қолдарындағы қағазды бір-біріне лақтырады. (көңілді әуен қосылып тұрады) «Стоп» деген нұсқау берілген кезде тоқтап әр қатысушы жанына жақын тұрған қағазды алады. 4 қабырғада алдын ала жауабы дайын парақ ілініп тұрады. Әр қатысушы өз жауабына жақын жердегі қабырғаға келіп тұрады да қолындағы өзге адамның жауабын ашып оқып, келісетінін не келіспейтінін айтып, себебін түсіндіреді. Солай, бірнеше қатысушы жауап береді.
Мәтінмен жұмыс

«Стоп-кадр» әдісі

«кофе таяқшалары» әдісі

 

 

 

 

Қойылым. «шағын фильм» түсіру

 

 

 

 

Рефлексия

«Өрмекші торын құру»  әдісі

 

«Жетістік жолы»

Әр топ  қатысушыларына  «Бір минут» тақырыбындағы аудио мәтін тыңдатылады. Мәтіндегі оқиға  аяқталмай тыңдатылады. Топ қатысушылары  осы мәтінді өз болжамдарымен аяқтауы тиіс. Әр топтың ақылдасуына  3мин. уақыт  беріледі. Уақыт аяқталған соң «кофе таяқшалары» әдісі бойынша қай қатысушының есімі түседі топтан сол қатысушы жауап  береді. Топ жауаптарын тыңдаған соң аудио мәтіннің жалғасы тыңдатылады. Қай топтың жауабы жақын келетінін топ қатысушылары өздері аңғарып бір-бірін бағалайды.

Топтарға «Шалқан» ертегісі желісінде әр түрлі жанрда фильм түсіру тапсырмасы беріледі. Ақылдасуға  5 мин. уақыт беріледі.

1-топ: Американдық жанрда (боевик)

2-топ: Итальяндық стилде (мелодрамма)

Ақылдасып болған соң әр топ өз нұсқасы бойынша қойылым қояды. Соңында 2 топ бір-бірін бағалап, ұсыныстар мен кемшіліктерін  ортаға салады.

Қатысушылар шеңберге тұрып бүгінгі шеберлік сыныбынан алған әсерлерін айтып, қолдарындағы жіпті бір-біріне ұсынып өрмекші торын құрады.

 

Жаңартылған білім беру мазмұны аясында қаншалықты жаңашыл әдіс-тәсілдерді білу немесе білмеу деңгейімізге қарай мына «жетістік жолындағы» 4 нүктеге тұруларыңызды сұраймын.

·       Білмеймін

·       Білемін

·       Түсінемін

·       Басқаларға көмектесе аламын

Мұғалімдердің қаншасы қай нүктеге тұрғаны мынадай параққа жазылады:

Білмеймін

 

білемін түсінемін Басқаларға көмектесе аламын
Басында         4 3 2 3
соңында 0 9 3 3

Әр қатысушы шеберлік сыныбының басы мен соңындағы айырмашылықты өздері байқайды.

 

You May Also Like

Жануарлар әлемі. Күштілер мен әлсіздер дос болуы мүмкін бе? сабақ жоспары

Тілі байдың ойы да бай, сабақ жоспары

Менің отбасым, сабақ жоспары

Пікірталас. Көркем әдебиет стилінің тілдік ерекшеліктері, сабақ жоспары