Пәнің аталуы «Балалар ауруы» | Алматы медицина колледжі |
Кредитер- 2 | ЦӘК «Педиатриядағы мейірбике ісі» |
Дәрістің тақырыбы: Балалар ауруханасы жұмысын ұйымдастырумен және негізгі принциптерімен танысу. Балалар физикалық дамуы. Бала өмірінің кезеңдері. Балалардағы нерв жүйесінің, терінің, тері асты май шелмайының, лимфа түйіндерінің анатомия-физиологиялық ерекшеліктері, зақымдану семиотикасы.
Сабақтың мақсаты – дидактикалық , тәрбиелік, дамыту |
Курс-2,семестр-4 |
Оқытушы – |
Дәрістің кысқаша мазмұны:
Дәрістің жоспары:
1.Педиатрияның қысқаша тарихи. ҚР педиатрияның дамуы, кезеңдері
- Балаларға емдеу-профилактикалық көмекті ұйымдастыру
- Баланың физикалық дамуы
- Денсаулық тобы бойынша балаларды топтастырудың негізгі ережелері
- Баланың нерв жүйесінің жүйісінің АФЕ – сі.
- Баланың нерв – психикалық дамуы
- Шартты және шартсыз рефлекстер
- Баладағы терінің анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері
- Баладағы тері асты шелмайының анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері
- Баладағы лимфа түйіндерінің анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері
- Зақымдану семиотикасы
Дәрістің мәтіні:
Қысқаша тарихи очерк. ҚР педиатрияның дамуы
Педиатрия гректің екі сөзінен құралған: PAID – бала, JATREA – емдеу. Педиатрия баланың дамуының ерекшеліктерін, ауруының себептерін талқылайды. Емі мен күтім және баланың ауруының алдын-алу жолдарын қарастырады. Педиатрия баланың ағзасын туғанынан бастап 15-жасқа дейін зерттейді. Дамып келе жатқан ағза туралы ғылым б.э.д. 4- ғасырда Гиппократ кезінде бала ағзасы туралы ғылымды бастаған.
Бұл педиатрияның дамуының 1-ші кезеңі, 2-ші кезеңде көптеген елдерде педиатрияның дамуына үлес қосқан және бұл кезеңде баланың ерекшеліктеріне көңіл бөлуімен сипатталады. Педиатрия сласында ғылыми жұмыстар жақсы дамып, педиатрия мектептері құрыла бастады. Ең 1-ші балалар ауруханалары дүние жүзінде Парижде ашылды, сонан соң Англияда, Швейцарияда, Италияда т.б. елдерде педиатрияның ғылыми клиникалық орталықтар жұмыс істей бастады. Педиатрия алғашқы кезеңде өзіне жақын – терапия, акушерстводан құрылды.
Акушерлер: Максимович, Катовицкий деген ғалымдардың педиатрияға қосқан үлесі көп. Москва университетінің профессоры: Зибеленин, Сокольский нәрестені емшекпен емізудің ерекшеліктерін жазды.
Профессор Филатов педиатрия ғылымына өте зор еңбек етті. Баланың ең жақын досына деп жазып ескерткіш орнатылды. Осы кездері балалардың ауруханалары, емханалары салынды. Балалар өлімдерінің алдын алу мен күрес басталды және бала мен ана қөнік бөліне бастады.
3-ші кезең қазіргі уақытқа шейін біздің елімізде ана мен баланың денсаулығын сақтау мақсатталды. Сол мақсатты анықтап бала-бақша, бала үйлері ашылды.
Кисель, Спиранский, Маслов, Домбровская, Тур деген ғалымдар бала ауруларын тексеріп, емдеу жолдарын көрсетті. Туберкулез, пневмония, қан аурулары, ревматизм, жұқпалы ауруларға көп көңіл бөлінді.
Осы кезде Қазақстанда да педиатрия дамып жатты. 30-шы жж. Көшіп қонып жүрген алыс аудандарда медициналық көмек көрсетіле бастады. Наркомздрав сол аудандарға медициналық экспедициялар жіберіп отырды. Оларды қызыл-қазақ үйлер деп атады.
Бұл үйлердің мақсаты:
1.Алдын алу жұмысын жіне медициналық тексеру жүргізу.
2.Аналар мен балаларды белсенді түрде үйге барып қарау.
3.Бала-бақша, перзентхана, емхана ұйымдастыру.
4.Балалардың тууы, ауруы, өлімі туралы дұрыс мәдіметтер жинау.
1931 жылы Алматы қаласында Медициналық институт ашылды. 1934 жылы емдеу факультетінің жанынан педиатрия кафедрасы ашылды, кейіннен педиатрия факультеті жеке бөлініп шықты. 1932 жылы институт КСРО-да НИИ- педиатриясы ашылды. 1941 жылы НИИ ана мен бала қорғанысы деп ауыстырылды. 1961 жылы таза педиатрия деп қойылды. 1980 жылы хирургия кафедрасымен қосып, оны НИИ педиатрия және хирургиясы деп атады. Осы күнге дейін осылай аталады. Біздің елімізде педиатрияның дамуына көп үлес қосқандар: Басенова, Маховская, Аюпова, Авенирова, Розанова, Хабижанов, Ормантаев К.С, Барлыбаева Н.А, Ярочкина Н.П, Лебедева В.А, Никонова.
Балаларға емдеу-профилактикалық көмекті ұйымдастыру
Балалар ауруханасы, құрылымы. Балалар емханасы, құрылымы, қызметкерлер саны. Баларға медициналық көмекті ұйымдастырудағы учаскелік ұстаным мен диспансерлік тәсіл. Учаскелік бала дәрігерінен қызметін ұйымдастыру және оның мазмұны. Балалардың дамуын және олардың денсаулығының жағдайын профилактикалық бақылау және патронаж. Балалар емханасында эпидемияға қарсы жұмыс жүргізу, егу кабинетінің жұмысын ұйымдастыру, ҚР егу күнтізбесі. Сау және ауру балаларды қабылдауды ұйымдастыру, сүзгі кабинетінен жұмысын ұйымдастыру. Мамандандырылған көмекпен қамтамасыз ету, мамандардың жұмысын және қосымша емдеу диагностикалық бөлімдерді. Балалар емханасының құжаттары, есеп беру және қызметінің көрсеткіштері.
Балалар емханасының құрылымының ерекшеліктері, қызметкерлер саны. Қабылдау бөлімнің жұмысын ұйымдастыру ерекшеліктері. Санитарлық және эпидемияға қарсы жұмыс пен емдеу мен тыныштықты қорғау тәртібі. Ауру балаларды күтуде қамтамасыз ету және тәрбиелеу жұмысы. Ауру балаларды күтуге аналарды тарту түрлері. Балалар ауруханасының құжаттары, есеп беруі және жұмысының көрсеткіштері.
Мектепке дейінгі мекемелерде және мектептерде емдеу-профилактикалық қызметі ұйымдастыру
Мектепке дейінгі мекемелерде және мектептердің түрлері. Мектепке дейінгі қызметкерлердің тізімі. Балалар емханасының және мектепке дейінгі мекемелердің жұмысының сабақтастығы. Мектепке дейінгі мекемелердің міндеттері және олардың профилактикалық жұмысты ұйымдастыру: егу жүргізу, эпидемияға қарсы шаралар және санитарлық ағарут жұмысы. Мектепке дейінгі мекемелерінде емдеу-сауықтыру шараларды жүргізу. Мектепке дейінгі балаларға арналған мамандандырылған мекемелер, олардың жоғары дәрежедегі медициналық көмекті және қайта оңалту емін жүргізудегі міндеттері. Балалар үйі медициналық қызметте ұйымдастыру, медициналық қызметкерлердің жұмысының мазмұны және жұмыс түрлері. Балаларды мектепке дайындау ұшы медициналық құжаттарды толтыру реті. Мектеп дәрігерінің міндеттері, оның жұмысын ұйымдастыру. Оқушыларды медициналық тексеруден өткізу және диспансеризациялау. Балалар емханасының мектепке дейінгі және жарамсыздық қағазынке мектеп жасындағыларға арналған бөлімдер, олардың құрылымы мен міндеттері. Мектеп дәрігерінің тіркеу, есеп беру құжаттары жұмысының көрсеткіштері.
- Балалардың физикалық дамуы, ерте жастағы көрсеткіштері.
Баланың өсуі және биологиялық жетілуі – баланың физикалық және психикалық дамуы деп аталады.
Баланың физикалық дамуын бағалау үшін төмендегілер қажет:
- Антропометрия жүргізу.
- Центиль аймағында орнын анықтап, бағалау.
- Психикалық дамуын жасына байланысты бағалау.
Баланың физикалық дамуы дегеніміз оның жасына байланысты бойының және салмағының өсуі.
Физикалық дамуы қалыпты болуы және қалыс қалуы мүмкін.
1 жасқа дейінгі балаларды горизонтальды таразыда, 2жастан жоғары вертикальды таразыда жүргізеді
. 1-жасқа дейінгі балалардың бойын горизонтальды. 1 жастан үлкен балалардың бойын вертикальды бой өлшегішпен анықтайды.
Баланың психикалық дамуын бағалау көрсеткіштері – көру, есту анализаторлары, эмоциясы, қозғалысы, түсіну, сөйлеу қабілеті, іс – әрекеттері.
Баланың психикалық дамуының тежелуі:
І – дәрежесінде – 1-2 көрсеткіштің тежелуі
ІІ –дәрежесінде 3 -4 көрсеткіштің тежелуі
ІІІ- дәрежесінде 5-7 көрсеткіштің тежелуі
IV – дәрежесінде қалыпты емес тежелу, яғни 1-2 көрсеткіш эпикриз уақытында, қалғандары 2- 3 эпикриз уақытына тежелуі.
Баланың физикалық дамуы
Баланың жасына байланысты бойының, салмағының, бас айналымының, кеуде айналымының өсуі.
ЖТБ бойы – 46-56 см.
Орташа ұлдардың бойы – 50,7 см, қыздардікі – 50,2 см.
І кварталда ай сайын 3 см өседі =9 см
ІІ кварталда ай сайын 2,5 см өседі = 7,5 см
ІІІ кварталда ай сайын 1,5 -2 см= 4,5 – 8 см
IVкварталда ай сайын 1,0 см= 3 см
Орта есеппен алғашқы жылда 25 см қосады, яғни 1 жасында 75 см болады. Немесе 6 айында 66 см.
4 жасында 2 есе өседі. 12 жасында 3 есе өседі. 2-3 жасқа дейін айына 1 см. 3- 4 жасқа дейін 0,5 қосады.
Баланың бойын есептеу формуласы:
4 жасқа дейін 100+8 (4-п) п – жасы
4 жастан кейін 100+6(п -4) п – жасы немесе 8 жастағы баланың бойы 130см. Әр жетіспейтін жылына 7 санына азайтамыз. Әр артық жасына 5 см қосамыз.
Дене салмағын есептеу формуласы:
І – жарты жылдығында: m + 800 x n
M – туылғандағы салмағы, n – айы
ІІ – жарты жылдығында:
(800 х 6) + 400(n – 6) n – айы.
6 айлық бала салмақ – 4,800 қосады. 2- 11 жаста 10,5 +2n, n- жасы.
12- 15 жаста n х 5 – 20 n – жасы.
Немесе
1 айында – 600 гр. қосады.
2 айында – 800 гр
3 айында – 750 гр
4 айында – 700 гр
5 айында – 650 гр т.с.с.
Бас айналымы ЖТБ – 34 -36 см (БА)
1 жасқа дейінгі есептеу жолы:
6 айда – 43 см. Әр жетпейтін айынан 1,5 см алады. Әр артық айына 0,5 см қосады.
2 – 15 жастағы балада:
5 жастағы баланың бас айналымы – 50 см. Әр жетпейтін санына 1 см азайтады. Әр артық санына 0,6 см қосады.
Кеуде айналымы ЖТБ – 32 – 34 (КА)
1 жасқа дейінгі балаларда есептеу жолы:
6 айлық баланың КА – 45 см.
Әр жетпейтін айына 2 см азайтады. Әр артық айына 0,5 см қосады.
2 – 15 жастағы баланың КА:
10 жасқа дейін 63 – 1,5 (10-n) , n- жасы.
10 жастан кейін 63 + (n -10), n- жасы.
10 жастағы баланың кеуде айналымы
Баланың физикалық дамуын дәлірек бағалау үшін центиль таблицаларын қолданады.
Денсаулық топтары.
Балалар денсаулығының жағдайына байланысты 5 топқа бөлінеді.
І топта денсаулығында ауытқулары жоқ, бақылау уақытында ауырмаған балалар.
ІІ топта – жиі ауыратын балалар, морфологиялық жетілмегендігіне байланысты функциональды ауытқулары бар балалар.
ІІІ – V топта – созылмалы аурулары немесе ақаулары бар балалар компенсация, субкомпенсация,декоменсация жағдайларында.
І топтағы балаларға келесі алдын алу шараларды жүргізіледі:
А – күн тәртібін сақтау.
Б – тамақтану рационын кеңейту.
В – шынықтыру
Г – егулер.
Д- календарлы диспансеризация
Е – лабораториялық тексерулер.
ІІ – топтағы балаларға арнайы сауықтыру шаралары жүргізіледі.
ІІІ – V топтағы балалар диспансерлік есепке алынады. № 30Форма толтырылады, педиатр және басқа мамандармен бақыланады.
Бала өмірінің кезеңдері
Перинатальді кезең 23апта-7күн
Антенаталді кезең – 28аптадан – тууға дейін
Интранатальді кезең – толғақ басталғаннан – туылғанға дейін
Постнатальдық кезең – туылғаннан – 7күнге дейін
Неонатальді кезең – туылғаннан – 28 күнге дейін
Ерте неонатальді кезең (постнатальдық кезең) – туылғаннан – 7күнге дейін
Кеш неонатальді кезең -7күннен 28күнге дейін
Постнеонатальды кезең – 1айдан -1жасқа дейін
Ясли жасындағы кезең – 1жастан -3жасқа дейін
Бақша жасындағы кезең – 3жастан – 7жасқа дейін
Ерте мектеп жасындағы кезең – 7ден- 10 дейін
Орта мектеп жасындағы кезең – 10нан – 14 дейін (препубертаттық кезең)
Жоғары мектеп жасындағы немесе жасөспірім кезеңі – 14-18дейін (пубертаттық кезең)
Балалардың нерв жүйесінің ерекшеліктері.
Жаңа туған баланың нерв жүйесі толық жетілмей туады. Баланың нерв жүйесінің қызметі де бірте-бірте, баланың дене құрылысының дамуына байланысты жетіледі. Жаңа туған баланың мыйының салмағы біршама ауыр болып туады, ол баланың денесінің салмағының 1/8 бөлігін құрайды, ал ересек адамда 1/40 бөлігін құрайды. Мый қатпарлары жеткілікті дамымаған, қатпарлары терең емес болады, мыйдың суы көбірек болады. Алайда мыйдың дамуы, баланың алғашқы айларынан бастап жедел жүреді. Баланың нерв клеткалары тез дамиды. Мысалы ересек адамның нерв клеткаларын 100% десек, жаңа туған баланың нерв клеткалары 25% болады да, ол 6 айында 66 % , 1 жасында 90-95 % болады, бірақ олар толық жетілмеген. Жаңа туған балада нерв клеткалары миелин қабығы болмайды, ол тек қана жүре бастағанда 1-2 жаста жетіледі. Нерв клеткаларының жетілуі 7 жаста аяқталады. Жаңа туған нәрестенің жұлыны дамып туады, жұмыс істеу қабілеті толық болады.
Шартты және шартсыз рефлекстер.
Бала туғанда оның өмір сүруге қажет өте маңызды шартсыз рефлекстері болады – сору, жұту, қорғану – жедел жарыққа көзін жұмады, түшкіру, дәретке отыру, реттсіз қозғалу.
Кейіннен шартты рефлекстер пайда бола бастайды, оның ең алғашқысы тамаққа бейімделу. Егер жылап жатқан баланы кеудеге қысса бала жылағанын қоя қояды, бұл емуге әзірлік деп бейімделу белгісі.
Баланың өмір сүрген ортаға бейімделуінде сезім мүшелерінің қызыметінің маңызы зор, шартты рефлекстерінің дамуында сезімнің маңызы зор. Жаңа туған бала дәмді жақсы сезінеді – ащты мен тәттіні ажырата алады.
Сезінуде – баланың бет терісі, ерні, алақаны, табаны өте сезімтал, ауыртқанды жақсы сезінеді, егер қолды баланың ерніне тигізсен, онда балада ему рефлексі пайда болады.
Көру – бала туғанда көретін болып туады, бірақ аңық көре алмайды, 2 аптада көз тоқтатып анасын таниды, 1 айда жан – жағына қарайды, 2 айда үлкен ойыншыққа қарайды.
Есту – 2 аптадаан кейін нәресте дыбысты естиді, дыбысты ажыратады, музыканы, тырсылды, анасының даусын.
Жасы 6 аптада – арқасында жатқанда басын көтереді, ойыншықты бақылайды, қатты шыққан дыбыстарға көңіл бөледі, әнгімелескенде дыбыстар шығарады, баланы айландырғанда күледі.
Жаттығу – баламен сөйлесу, баланың денесіне массаж жасау, санын екі жаққа пассивті жасау, ұрық кейпінде шайқау.
3 айлығында – ішімен жатқанда басы мен кеудесін көтереді, қолдарымен ойнайды, саусақтарын айқастырады, ойыншыққа қолын созады және оны ұстайды, дыбыс шыққан жаққа басын бұрады, да, га деген буындарды айтады, қатты күледі.
Жаттығу – баламен сөйлесу, қолын кезек – кезек бүгу және жазу, аяқтарын кезек – кезек бугу – велосипедше.
6 айында – арқасынан ішіне аунайды және керісінше, ойыншықты бір қолынан, екінші қолына ауыстырады, екі буында бірден айтады, таныс және таныс емес адамдарға бір әр қарайды.
Жаттығу – Баламен көп сөйлесу, арқасынан ішіне бұру және керісінше жасау, үлкендер көмегімен еңбектеу.
9 айында – өздігінен отырады, өздігінен көтеріледі, екі қолымен қағу, дауыстарға еліктейді, бір сөзді айтады, жай тақырыптарды түсінеді.
Жаттығу – баламен сөйлесу, денені оңға солға бұру, аяғын екі жаққа бүгу, табанның пассивті қимылы, еңбектеп, төрт аяқпен жүру.
12 айында – демеумен жүру, екі – үш сөйлем айтады, таныс заттарды көрсетеді, өзінің денесінің бір мүшесімен таныс болады.
Жаттығу – баламен сөйлесу, табанның пассивті қимылы, демеумен жүргізу, отырып тұру, доппен ойнау.
Бала 2 жасқа аяқ басқанда оның ойнау кезеңі көбейеді, ол көп жүреді, жүгіреді, бұның өзі айналадығы дүниені жақсырақ білуіне жағдай жасайды.
3 жаста бала өзін қоршаған ортада толық бағдар ала біледі. Сөз қоры 1200 – 1500 сөзге жетеді, өзі жуынып, өзі киіне алады.
4 жаста сөйлеу тілі әрі жетіле түседі. Баланың жоғары нерв қызметі мен оның мінез – құлқына сөз елеулі ықпал жасайды.
5 – 7 жасында баланың мінез – құлқы, оның танымы жоғары нерв қызметінің дамуы аяқталғанын көрсетеді.
Баланың жасын, физикалық және нейропсихикалық дамуын ескере отырып, режим – күн тәртібі жасалынады.
Терінің анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері.
Жаңа туған және емізсінің бірқатар морфологиялық және физиологиялық ерекшеліктері болады. Оның ең беткі қабаты- мүйізгек қабаты өте жұқа болады, үнемі өзгеріп отыратын 2-3 қатар клеткалардан тұрады. Негізгі қабаты едәуір жетілге н, шырынды,болбыр болады. Базальдық жарғақшасы онша жетілмеген , нәзік, болбыр. Бала терісі капилляр желісіне бай, капилллярлары біршама кең, оңай өткізгіш болады. Тер бездері нашар дамыған , 3-4 ай толғанда жұмыс істей бастайды. Жаңа туған нәрестенің терісінтуған кезіндегі май мен жылбысқы эпителийден тұратын сұрғылт ақ түсті май қабаты болады. Май жуылып тастағаннан кейін тері қып-қызыл болып қалады. Жаңа туған нәрестенің терісінің физиологиялық қатары (шырышты қабықтың қабынуы) дейтін пайда болады. 2-3 күн толғанда жаңа туған нәрестелердің 80 процетіне жуығында тері сыртының, шырышты қабығының және склерінің сарғаюы – физиологиялық сарғаю (жаңа туған нәрестенің сарғаюы) байқалады, ол 5-6 күннен соң мүлде жойылып кетеді. Жас балалардың терісі сипағанда жұмсақ, созылғыш, тургоры жақсы болады, иығы мен арқасында майда жүндер болады да, туығаннан кейін көп ұзамай түсіп қалады. Жаңа туған нәрестенің шашы едәуір қою, бірақ өте жұмсақ , жіңішке болады. Терінң капилярлары ұзақ уақыт бойы кең күйінде қала береді, 1 жасқа толғанға дейін бала терісінің түсі алқызыл болып тұратыны осы себепті.
Терінің аса маңызды функцияларының бірі – организмді зиянды механикалық және химиялық әсер жасалуынан қорғау. Жас кезінде балаларда терінің бұл функциясы тері қабатының морфологиялық ерекшеліктері себепті тым жетілмеген болады. Ересек адамдардың терісімен салыстырғанда олардың терісіне жарақат түскіш келеді және жұқпалы ааурулар қоздырғыштардың өтуі мен химиялық қоздырғыштардың зиянды әсер етуі оңай. Жас кезінде балаларға қоздырғыш оңай сіңетін заттары бар майлар жағудан аулақ болып, теріні механикалық әсер етуден сақтау керек.
Тері бас сезім мүшесінің біреуі, организмнің айналадағы ортаға бейімделуі сол арқылы жүзеге асады. Терінің орталық және вегетациялық нерв жүйесінің арқасында тұрақты өзара байланыс болады.
Жас кезінде балалар терісінің жылу реттеу функциясы да біршама жетілмегендігімен ерекшелінеді. Бала тез жән оңай ыстықтап , тоңады, айналадағы орта жағдайына жеткілікті бейімделеді. Тері арқылы тыныс та алынады. Емізулі балаларда терінің тыныс алу функциясының ересектердегіден гөрі неғұрлым елеулі маңызы болады. Антителаның кейбір ферменттері мен өсудің ерекше факторлары (мысалы: кальциферол ) теріде жасалып , әсіресе ультракүлгін сәуленің әсерімен белсенділікке ие болады.
Тері асты шел майының қабатының анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері
Шел май клеткасы бала туғаннан кейінгі алғашқы 6 айда негізінен алғанда бетінде жеделірек, ал қарнында баяуырақ жиналады. Емізулі балалар майының химиялық құрамы онда еру нүктесі неғұрлым жоғары пальмитин және стеарин қышқылдарының көбірек болуымен ерекше. Шел майында неғұрлым қалың май қышқылының басым болуы жаңа туған нәрестелерде, алғашқы айлардағы және шала туған балаларда тоңудың ықпалымен немесе ауырудың салдарынан шел адипонекроздың (түйіншекті склереманың) пайда болуында белгілі бір маңызы болады. Қыздарда , әсіресе пубертаттық кезінде , шел майы қабаты балаларға қарағанда күштірек жетіледі. Тамақ ішу бұзылған жағдайда шел майы қабаты кемиді. Оның шамадан тыс дамуы –патологиялық жағдайдың белгісі . Шел майы клетчаткасының қалыпты дамуы – бала денсаулығы көрсеткішітерінің бірі.
Лимфа түйіндерінің анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері
Лимфа тамырларының бойына орналасқан дөңгелек, сопақша немесе бұршақ формалы (көлемі тары дәнінен бадам жаңғағына дейін) қызғылт түсті жұмсақ құрылымдар – лимфа түйіндері қан түзетін аса маңызды органдарға жатады. Олар мезенхимадан пайда болады және құрсақ ішіндегі тіршіліктің 3-ші айынан бастап лимфа тамырларын бойлай орналасады, бала туғаннан кейін біржола дамып бітеді. Ересек адамдарға қарағанда , жаңа туған нәрестелерде лимфа түйіндері аумағы жөнінен біршама үлкен. Дәнекер ткань қабығы жұқа және нәзік, ішкі бөлік мойыны – трабекулдар жоққа тән. Лимфа түйіндерінің морфологиялық саралануы біртіндеп жүріп, 12-13 жасқа таман аяқталады. Лимфа түйіндері – лимфопоэздің аса маңызды органдары. Орташа және шағын лимфоциттер ішінара үлкен лимфоцитттердің мтотиттік бөлінуі мен саралануы салдарынан құрылады. Сондай-ақ лимфоциттер оқшауланатын онша сараланбаған клеткалардан, яғни синцитиядан да пайда болады. Лимфа өзінің лимфа түйінің тканін бойлай қозғалған кезінде лимфоциттермен байиды. Лимфа түйіндері қорғаныш функциясын да атқарады, осында еніп кететін бактериялар, олардың уытыжәне бөгде заттар соларда зарарсызданады. Лимфа түйіндерінің үшінші маңызды функциясы – антителалар шығару, олар плазма клеткалары шығарады.
Дені сау баланың жұтқыншағында, мойнында, қолтығында, шабында ұсақ, ауырмайтын, біріменбірі және айналасындағы тканьдермен дәнекері жоқ лимфа түйіндері пайда болады.
Тері, тері асты май қабатының зақымдану семиотикасы
Эритема – терінің шағын көлемінің қызаруы. Эритема тері асты капилляр тамырлардың кеңуінен пайда болады.
Инфекциялық эритема- кейбір жұқпалы ауруларға тән: сепсис, тілме.
Розеола- қызғылт түсті дөңгелек бөртпе. Тері деңгейінен жоғары көтерілмейді. Розеоланың пайда болуы капиллярдың жергілікті кеңіуіне байланысты.
Түйіншек(папула) – розеоланың ары қарай дамуынан пайда болады. Кеңіген тамырлардың айналасында эксудациялық процеске байланысты тері ісісніп, көтеріле бастайды да,розеоланың орнына түйіншек пайда болады. Себебі: қызылша.
Түйінді эритема – қабынуға байланысты тері ісініп, диаметрі 3-5 см түйін пайда болады. Түйін үстіндегі тері көгілдір қызыл түсті болады. Түйінді эритема ревматизмде, туберкулезде және аллергиялық ауруларда кездеседі.
Көпіршік (везикула)–ішінде ұйыма сұйық бар эпидермисте орналасқан диаметрі 1-5 мм қуыс. Оның бір түрі ұшық. Ол пневмония,грипп,менингитте кездеседі.
Пустула – көпіршік ішіндегі ұйыма сұйық іріңдегеннен кейін пайда болады. Іріңді сепсисте ,түйнемеде, шешекте кездеседі.
Күлдіреуік(уртика)- диаметрі 2-3 мм ден 10 см және одан да үлкен,қызғылт,ақшыл-қызғылт ,не ақ түсті тері деңгейінен көтеріңкі тұратын , терінің жедел қабынғаннан болатын қуыссыз элемент.
Тері қанталауы- геморрагиялық диатезге тән.
Ісіну- тері асты шелге сұйықтық жиналуы.
Глоссарий:
Пубертаттық кезең – жыныстық даму кезеңі.
Эритема – терінің шағын көлемінің қызаруы.
Тақырыпты бекітуге арналған сұрақтар:
- Балаларға емдеу-профилактикалық көмекті ұйымдастыру?
- Баланың физикалық дамуына әсер ететтін факторлар?
- Денсаулық тобы бойынша балаларды топтастырудың негізгі ережелерін атаңыз?
- Баланың нерв жүйесінің жүйісінің АФЕ – сі?
- Баланың нерв – психикалық дамуына қысқаша тоқталыңыз?
- Шартты және шартсыз рефлекстер?
- Баладағы терінің анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері?
- Баладағы тері асты шелмайының анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері?
- Баладағы лимфа түйіндерінің анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері?
- Бөртпелердің түрлерін атаңыз ?
- 11. 9 айлық балаға қандай жаттығулар жасау керек?
- Балаға 3 айында қандай жаттығулар жасау керек?
Тарататын материал: тестер, ситуациялық есептер.
Манипуляция алгоритмдері:
Сабақтың жабдықталуы: оқу-жұмыс бағдарламасы, дәріс, кестелер, тестер, сөзжұмбақтар.
ЧЕК-парағы:
Үй тапсырмасы: Сүйек бұлшық ет және тыныс алу жүйелерінің анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері. Зақымдану семиотикасы. Балалардың қан айналым және қан түзу жүйелерінің анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері. Зақымдану семиотикасы.
Тестер:
Мойын лордозының пайда болу мерзімі:
өмірінің 2 аптасында
өмірінің 3 аптасында
өмірінің 4 аптасында
өмірінің 2 айында
өмірінің 6 айында
Бала қанша айдан бастап арқасынан ішіне аунай алады :
4 айдан
5 айдан
6 айдан
7 айдан
8 айдан
Бала қанша айдан бастап отыра алады:
4 айдан
5 айдан
6 айдан
7 айдан
8 айдан
Бала қанша айдан бастап енбектей алады:
4 айдан
6 айдан
8 айдан
10 айдан
12 айдан
Кеуде кифозы баланың жасына байланысты пайда болады (ай):
3 айда
6 айда
1 айда
2 айда
4 айда
3 айдағы баланың нерв – психикалық дамуы:
ішіне жатқызғанда басын көтереді
ішінен аркасына аунайды
тура алады
демеумен жүре алады
енбектейді
6 айдағы баланың нерв – психикалық дамуы:
ішіне жатқызғанда басын көтереді
ішінен аркасына аунайды
тура алады
демеумен жүре алады
енбектейді
9 айдағы баланың нерв – психикалық дамуы:
ішіне жатқызғанда басын көтереді
ішінен аркасына аунайды
тура алады
демеумен жүре алады
енбектейді
12 айдағы баланың нерв – психикалық дамуы:
ішіне жатқызғанда басын көтереді
ішінен аркасына аунайды
тура алады
демеумен жүре алады
енбектейді
5 айдағы баланың нерв – психикалық дамуы:
ішіне жатқызғанда басын көтереді
ішінен аркасына аунайды
тура алады
демеумен жүре алады
енбектейді
Мектеп алдындағы кезеңнің мерзімін көрсет:
0-12ай
1-3жас
4-5жас
4-6жас
4-7жас
Жаңа туған нәрестелік кезеңнің мерзімін көрсет:
1айдан 12айға дейін
1жастан 7жасқа дейін
1күннен 28күнге дейін
7жастан 12жасқа дейін
1күннен 40күнге дейін
Баланың физикалық дамуына әсер ететін гормонды көрсетініз:
глюкокортикоидтар
минералокортикоидтар
адренокортикотропты гормон
соматотропиялық гормон
пролактин
Балада екінші жыныстық белгілер пайда болу кезеңі:
препубертаттық кезең
пубертаттық кезең
ес кіру кезеңі
плацентарлық даму фазасында
16-17жасында
Жыныстық даму кезеңінің мерзімін таңдап ал
3жас
4-5жас
6-7жас
8-10жас
12-18жас
Ситуациалық есептер:
1есеп 2айлық баланың бойының ұзындығы 56см, дене салмағы – 4400г, бас аумағы – 38см, кеуде аумағы – 37см, ұйқысы тыныш, табиғи тамақтандырады. Бұл баланың физикалық дамуын бақылаңыз.
2есеп 4айлық бала емханаға келген. Бойының ұзындығы – 61см, дене салмағы – 6000г, табиғи тамақтандырады. Баланың терісі қызғылт, серпімділігі жақсы, бұлшық ет тонусы қалыпты жағдайда, лимфа түйіндері жұмсақ, жылжымалы, ауырсынуы жоқ. Баланың жағдайын бақылаңыз.