Пән:  «Қаржылық есеп»

Топ:          Күні:         Уақыты: 

Пән оқытушысы: 

Сабақ тақырыбы: Ауыл шаруашылығындағы бухгалтерлік есептің ерекшелігі .

Бухгалтерлік  есеп жүйесі — бухгалтерлік есеп элементтерінің (талаптарының, ережелерінің, объектілерінің, т.б.) және олардың арасындағы ақпараттық байланыстардың жиынтығы. Белгілі бір мақсатқа қол жеткізу үшін жасалады. Бухгалтерлік есеп жүйесі есептің мақсаттары тұрғысынан үш түрге бөлінеді, олар:

камералдық жүйе — ұйымның тиімділігі ақшалай қаражат қалдықтарының қозғалысымен және өзгерісімен айқындалады;

қарапайым (униграфикалық) жүйе — бағалау активтердің өсуін анықтауға саяды;

қосарлы жүйе — бағалау алынған пайданың шамасымен айқындалады.

Пайдаланушылардың көзқарасы тұрғысынан қaржылық есеп (сыртқы пайдаланушылар үшін) және басқарушылық есеп (ішкі пайдаланушылар үшін) жүйелеріне бөлінеді. Халық шаруашылығы салалары түрғысынан осындай салалардың түрлері қанша болса, сонша есеп жүйесіне бөлінеді (өнеркәсіптік, ауыл шаруашылық, туристік есеп, сауда, көлік есебі, т. б.). Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру тұрғысынан орталықтандырылған жүйе (бүкіл ұйымға бір дербес теңгерім) және орталықтандырылмаған жүйе (бүкіл ұйымға бір теңгерім және оның белімшелеріне бөлек теңгерімдер) болып ажыратылады.

Бухгалтерлік есепте қолданылатын негізгі ауылшаруашылық түсініктердің анықтамалары. Ауылшаруашылық қызметі ауылшаруашылық өнімін сату, алу немесе қосымша биологиялық активтер өндіру мақсатында биологиялық активтерді био түрлендіруді басқару.Ауылшаруашылық өнімі кәсіпорынның биологиялық активтерінен жиналған өнім. Ауыл шаруашылығында негізгі құрал болып – жер саналады. Жер тауарға айналды, себебі бағасы берілді. 1996 жылы жер реформасы болды, онда жерді негізгі құралға жатқызды. Жер шабындық, жайылымдық, т.б. болып бөлінеді. Жерге арнайы құжаттар толтырылады: қабылдау актісі, бағасы, т.б.  Ауыл шаруашылығы тірі организмдермен тікелей байланысты: өсімдіктер мен жануарлар. Олар еңбек құралы,  әрі өндіріс б.т. Малға да, өсімдіктерге де кезінде күрделі қаржы жұмсап, керекті деңгейге  жеткізу керек.   Қолданылатын шығындар дақыл түріне, қолданылатын құралдарына қарай дұрыс бөлінуі тиіс.   Алынатын өнім маусымдық сипатта болуы керек.

Ауыл шаруашылығында шығындарды жіктеуге тура келді: келесі жылға жарайтын, жарамайтын, т.б. Оларды аяқталмаған өндіріске жатқызамыз.

Әрбір ұйым, өздеріне тән ішкі және сыртқы байланыстары бар көптеген құрамдас бөліктерден тұратын  күрделі жүйе болып табылады.

Оларды зерттеу, басқару жүйесінің тиімділігін  қамтамасыз ететін ақпараттық байланыстардың барлық жиынтығын қамтитын жүйелі көзқарасты талап етеді.

Басқарудың  өзі шаруашылық есептің берілгендері негіз болатын бастапқы және ағымдағы ақпаратсыз мүмкін емес. Ол өндірісті басқару қажеттілігінен туындаған: шаруашылық процестерін басшылыққа алу барысында шаруашылық өмірдің нақты фактілерін біліп, оларды есепке алу қажет. Шаруашылық есеп басқару мақсатындағы қоғамдық қайта өндіріс процестерінің сандық көрсеткіштері мен сапалық сипаттамасы болып табылады.

Ауыл  шаруашылығы ұйымдарында өнеркәсіп  ұйымдарымен салыстырғанда, айналым  қорларының үлес салмағы көп. Бұл  өндірістің, әртүрлі материалдық  ресурстарды дайындау мен тұтынудың мезгілдігімен байланысты. Шаруашылықтағы қорлар мөлшері бірнеше факторларға байланысты: мамандануына, шоғырлануына, орналасуына, көлікпен қамтамасыз етілуіне және т.б. Қажеттілігіне байланысты олардың тиімді мөлшері мен өндіріске дер кезінде келіп түсуін қамтамасыз ету маңызды.

Материалдық қорлар біржолғы тұтыну қорларының сипатында (негізгі және көмекші материалдар, отын, ыдыс – өнімнің құрамдас бөлігі болғанда) және бірте-бірте тұтыну сипатында  болуы мүмкін. Олардың құрамына негізінен еңбек заттары кіреді, бір бөлігін ғана еңбек құралдары құрайды деп тұжырымдауға болады

1.2.Ауыл шаруашылық ұйымдарында бухгалтерлік есепті ұйымдастыру принциптері

Ауылшаруашылығы экономиканың бір саласы ретінде  ерекше факторлардың әрекет етуін айқындайтын көптеген қасиеттермен сипатталады.

Ауыл  шаруашылығындағы бухгалтерлік есептің  негізгі ерекшелігі – ең алдымен, оның өндіріс үрдісі тірі табиғатпен, жермен және тірі ағзалардың – еңбек заты ретінде  әрекет ететін жануарлар мен өсімдіктердің қатысуында.

Нарық экономикасы жағдайында экономикалық субъектінің қызмет ету мақсаты  пайда табу болып табылады. Сондықтан, басшылардың басқару қызметі, бір  жағынан ұйымның тұрақты жағдайын қалыптастыру мен ұстап тұруға, екінші жағынан, өндірістік ресурстарды пайдаланудың тиімділігін арттыруға, бағытталған. Осы екі бағыт та ұйымның материалдық өндірістік қорларымен тікелей байланысты.

Көптеген  шаруашылықтарда бәсекелестікке, сату нарығын жоғалтуға, шаруашылық субъектілерінің  және тұрғындардың сатып алу қабілетінің төмендігіне, өнімнің өзіндік құнының жоғарылығына, ауыл шаруашылық өнімінің дайын болу мерзімділігіне, өнімді тиеудің ырғақсыздығына байланысты айналым активтеріндегі үлкен үлестік салмаққа дайын өнім ие. Кәсіпорын қоймасында дайын өнім қалдықтарының көбеюі айналым капиталының ұзақ уақыт тоқтап қалуына, нақты ақша қаражаттарының жетіспеушілігіне, несиеге деген қажеттілікке, олар бойынша пайыздар төлеуге, жабдықтаушылармен есеп айырысу, бюджетпен есеп айырысу, шаруашылық жұмысшыларымен еңбек ақы бойынша есеп айырысу бойынша  кредиторлық қарыздардың өсуіне алып келеді. Қазіргі уақытта бұл өндірістің төмендеуінің, кәсіпорынның төлем қабілеттілігінің төмендігінің және олардың банкроттығының негізгі себептерінің бірі.

Ауыл  шаруашылығының әрбір өндірістік саласында өндірілген өнімнің құнында материалдық шығындар, үлкен үлестік салмаққа ие.

Сонымен қатар, айналым құралдары қайта өндірістің барлық кезеңінде болады: дайындау, тұтыну, сату.

Ауыл шаруашылығы ұйымдары қаржыларының негізгі қызметтерінің бірі болып, ақшалай нысаннан тауарлы нысанға, тауарлыдан – өндірістікке, одан қайтадан тауарлы және ақшалай нысанға ауысып үздіксіз айналым жасайтын, айналым құралдарының қозғалысын реттеу табылады.

Бухгалтерлік  есеп әдісі және оның бақылау қызметі  ретінде түгендеуге деген бұндай көзқарас оның жеделдігін арттырады.

Перманентті  түгендеу барысында анықталған қателіктерді ағымдағы есепте түзетуге болады, ал әдеттегідей  жыл соңында өткізілетін кәдімгі түгендеуден бақылаудың жеделдігі жоғалады. Есепті кезеңнің басында жіберілген қателік байқалмайды, түзетілмейді, кейбір жағдайларда әр түрлі себептермен бірнеше рет қайталануы мүмкін, нәтижесінде жыл соңында дискретті түгендеумен анықталғанмен де көптеген салдарға әкелуі мүмкін.

Бақылау сұрақтары:

  1. Ауылшаруашылық ұйымдары өнеркәсіп ұйымдарынан қандай аыйрмашылығы бар?
  2. Ауыл  шаруашылығындағы бухгалтерлік есептің  негізгі ерекшелігі?
  3. Ауыл шаруашылығы саласының экономикаға әсері қандай?

               Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Ә.Әбдіманапов «Қаржылық есеп» Алматы, 2017ж., 144-бет.
  2. Әбдіманапов Ә., Раимов С. Бухгалтерлік есеп принциптері және қаржылық есеп беру. Алматы 201
  3. «Бухгалтерлік есеп стандарттары» Аламаты, 2019.
  4. Кеулімжаев Қ.К. «Қаржылық есеп» Алматы, 2015.
  5. В.Л. Назарова «Шаруашылық жүргізуші субъектілердегі Бухгалтерлік Есеп» – оқулық, Алматы «Экономика» – 2005ж.
  6. Құрылыстағы бухгалтерлік есеп оқу құралы/ Нуркашева Н.С.
  7. Кеулімжаев Қ.К. Құрылыстағы бухгалтерлік есеп оқу құралы / Қ.К. Кеулімжаев. Т. Рысқұлов атындағы ҚазЭУ. – Алматы : Экономика, 2012.
  8. Құрылыстағы бухгалтерлік есеп : оқу құралы / Төлегенов Е. Т., Бейсенбаева А. К.
You May Also Like

Биоалуантүрлілікті сақтауға байланысты құрылған ұйымдар, сабақ жоспары

Миуалы ағаш, сабақ жоспары

Тура және ауыспалы мағыналы сөздер, сабақ жоспары

Көшеде өткен кезбе өмір, сабақ жоспары