Бүгінгі сабақта үйренетіндеріңіз:

1.Алкиндердің физикалық қасиеттері.

2.Алкиндердің алынуы.

3.Алкиндердің химиялық қасиеттері.

4.Алкиндердің қолданылуы.

Алкиндердің гомологтық қатарын еске түсірейік:

    C2H2  Этин 

  C3H4 Пропин

  C4H6 Бутин

  C5H8 Пентин

  C6H10 Гексин

  C7H12 Гептин 

Алкиндердегі байланыс типі-үш еселі байланыс

  • Гибридтелу типі – sp
  • Валенттік бұрыш – 180
  • Байланыс ұзындығы С = С – 0,12 нм
  • Құрылысы─ сызықтық
  • Байланыс типі – ковалентті полюсті

δ және  2 π байланысы бар

Физикалық қасиеттері

-Алкиндердің балқу және қайнау температуралары алкиндердегідей, қосылыстардың молекулалық массаларының өсуі ретімен жоғарылайды.

-Алкиндердің өзіне тән иісі болады.Олар суда алкандар мен алкендерге қарағанда жақсы ериді.

Алкиндердің алынуы

Ацетилен өнеркәсіпте екі әдіспен алады:

  1. Метанды термиялық крекингілеу:

           1500°С

2СН4   ¾¾®  С2Н2  +  3Н2

  1. Кальций карбидін гидролиздеу:

CaC2  +  2H2O  ¾¾®  C2H2  +  Ca(OH)2

Алкиндердің химиялық қасиеттері

  • Ацетиленнің және оның гомологтарының химиялық қасиеттері олардың үш еселі байланыстарына қатысты анықталады. Негізінен алкиндерді қосылу реакциялары тән.

Қосылу реакциялары

  • 1. Галогендену

Бромды суды түссіздендіреді (сапалық реакциясы)

  • 2. Гидрогалогендену.
  • 3. Гидрлену.
  • 4. Гидратациялану.

                              HgSO4

НCºCH  +  H2O   ¾®  [HC=CH] ¾® CH3CH

                                               ½   ½                        ½½

                                               H  OH            O

Тотығу

Ацетилен және оның гомологтары калий перманганатының әсерінде үш еселі байланыстың  үзілуі нәтижесінде карбон қышқылын түзу арқылы тотығады:

RCºCR’  +  3[O]  +  H2¾®  RCOOH  +  R’COOH

Алкиндер  KMnO4 ерітіндісін түссіздендіреді, және бұл реакция оны сапалық анықтауға қолданылады.

Ацетиленнің жануы

  • Ацетилен жанғанда көп мөлшерде жыу бөлінеді :

HCºCH  +  2О2  ¾®  2СО2  +  Н2О  +  Q

Орынбасу реакциясы

Ацетилен (немесе RCºCH)  аммиактың судағы ерітіндесінің қатысында күміс оксидімен әрекеттескенде ерімейтін ацетиленидтер түзіледі:

HCºCH  +  2[Ag(NH3)2]OH  ¾® AgCºCAg ¯  +  4NH3  +  2H2O

Соңғы үш еселі байланысқа сапалық реакция

Полимерлену реакциясы

  1. CuCl және NH4Cl сулы ерітіндінің қатысында димеризациялау

          НCºCH  + НCºCH ¾® Н2C=CHCºCH

                                                     (винилацетилен)

  1. Белсендірілген көмірдің қатысында ацетиленді тримерлегенде бензол түзіледі: (Зелинский реакциясы):

С, 600 °С

    3НCºCH    ¾¾®    С6H6   (бензол) 

Сабақты бекіту тапсырмалары

  1. Келесі алкиндердің құрылымдық формулаларын жазыңыз:
  • а) 4-этил-2-гексин;
  • б) 4-метил-4-изобутил
  • в)3 метилбутин-1
  • г)пентин-2
  • д) 4,4-диметилгептин-3

2.Келесі айналымдарды жүзеге асырыңыз:

  • а) Кальций карбидіАцетилен
  • б) Ацетилен -Этан
  • в) Пропин – Пропан
  • г)Пропин1,2-дихлорпропан
  • д)Метан – Ацетилен
  • е)Бромпропан Пропин
  • з)Ацетилен Хлорэтен
  • и) Пропин -2 – бромпропен-1
  • к)Ацетилен – Бензол

Рефлексия

Рефлексия.

  1. Көп жаңалықтарды білдім.
  2. Өмірде қажеттілігі болады.
  3. Ойланатын жерлері болды.
  4. Туындаған сұрақтарға жауап алдым.
  5. Мақсатыма жеттім.

 

You May Also Like

Тіл және алаш идеясы, сабақ жоспары

Білімділер белдесуі, интелектуалдық ойын

«Ер Төстік» ертегісі, сабақ жоспары

Жол белгілері, сабақ жоспары