Тақырыбы: Ес

Мақсаты: Графикалық ассоциация тәсілдерімен баланың есте сақтауын зерттеу.

Қажетті материалдар: Сөздер және сөз тіркестері.

Сөздер:

  1. Бала
  2. Ашулы мұғалім
  3. Дамыған
  4. Қате
  5. Мейрам
  6. Үй
  7. Жазушы
  8. Соқыр музыкант
  9. Ғылым
  10. Көтерілу
  11. Қала
  12. Көше
  13. Қуаныш
  14. Тал
  15. Әнші

А. Оқылған сөздің саны-15

Ә. Дұрыс жазылған сөздің саны- 12

15______100%

N_______ X

N=12

X=100×12/15=78%

Тапсырманы орындау жолы: Экспериментатор жүргізуші осы сөздерді оқиды.

Сөздерді оқыған кезде тыңдаушы сол сөздің суреттерін салу керек. Содан соң

салған суреттерінің астына аттарын жазу керек.

Ой-өріс дамуының деңгейін анықтау.

(«Төртінші артық» әдістемесінің нұсқасы)

Бұл әдістеме оқушыларға заттың маңызды белгілерін бөліп көрсете білуіне, соның негізінде ортақ қорытынды жасай білуін диагностикалауға арналған. Оқушы өзінің жасаған қорытындысына дұрыс негіздеме жасай алу деңгейін анықтайды. Осы әдістемеге сүйене отырып, оқушы ақыл-ойының артта қалуын анықтауға болады. Әдістемені бастауыш сыныпта және баланы мектепке қабылдау кезінде қолданған тиімді.

Тәжірибені жүргізуге карточка дайындалады., карточкаға белгілері ортақ үш заттың суреті салынады, ал төртінші зат артық болады. Бала осы төрт заттың ішінен белгісі ортақ үш затты бөліп алуы керек те, артық затты алып тастауы керек.

  1. Бәтеңке, аяқ, етік, туфли
  2. Қайшы, ұстара, қалам, пышақ.
  3. Қолшатыр, әскери бас киім, мылтық, барабан.
  4. Электр жарығы, күн, шырақ.
  5. Конверт, радиоқабылдағыш, телефон, гитара.
  6. Сағат, көзілдірік, таразы, термометр
  7. Глобус, кітап, жазу үстелі, портфель.
  8. Шаңғы, кесе, стақан, термометр.

Экспериментті жүргізбес бұрын балаларға нұсқау беріледі: «Мына карточкада төрт зат берілген.Оларды атап шық (балаларға заттарды атату арқылы заттармен таныстығын білуге болады). Үш зат табиғатынан өзара ұқсас, ортақ белгілеріне қарап оларға бір атау беруге болады, ал төртінші зат артық. Сен артық затты тап та, ал қалған үшеуін қалай атауға болатынын айт». Мысал келтіріп көрсету керек, қалғандарын оқушылар өздері орындайды. Мысалы: бірінші қатардағы сөздер ортақ белгісіне қарай – аяқ киім, артығы- аяқ.

Хаттама үлгісі

Карточканың атауы

(жалпы атау)

   Артық зат Оқушының түсініктемесі

Өз ойыңнан сурет   сал

Мақсаты: Баланың шығармашылық қиялын анықтау.

Нұсқау: Балаға бір парақ қағаз, түрлі-түсті қаламдар беріліп, өз ойынан ерекше бір нәрсенің суретін салу ұсынылады. Тапсырманы орындауға 4 минут уақыт беріледі. Төмендегі белгілер бойынша салынған суреттің сапасы бағаланады. Осындай бағалардың негізінде баланың шығармашылық қиял процесінің даму ерекшелігі туралы нәтиже жасалынады.

Нәтижені бағалау:

10 ұпай – бала берілген уақыт ішінде ғажайып сирек кездесетін сурет салды, ол қиялының бай екендігін дәлелдейді. Сурет көрермендерге үлкен әсер береді, ондағы бейнелер мен бөлшектер мұқият таңдалынған.

8-9 ұпай – бала белгілі дәрежеде қияли деңгейде эмоциональды және көркем сурет ойлап тауып салған. Алайда бейнеленгенді мүлдем жаңа деп санауға болмайды. Суреттің бөлшектеріне өз ойын жеткізген.

5-7 ұпай – баланың ойынан шығарған суретін толықтай жаңа деп есептеуге болмайды, бірақ та шығармашылық қиялдың элементтері бар, көрермендерге белгілі дәрежеде эмоциональды әсерлер тигізеді. Суреттің бейнелері мен бөлшектері орташа анықталған.

3-4 ұпай – бала өте қарапайым, өзгеше емес нәрселердің суретін салған және қиялы жұпыны, бөлшектері онша жақсы анықталмаған, анық емес.

0-2  ұпай – берілген уақыт ішінде бала ешнәрсе ойластыра алмай, тек бөлек сызықтар ғана салған.

Даму деңгейінің нәтижелері:

10 ұпай – өте жоғары

8-9 ұпай –  жоғары

5-7 ұпай – орташа

2-3 ұпай – төмен

0-2 ұпай – өте төмен

You May Also Like

Бағдаршам – біздің досымыз! сабақ жоспары слайд

Исатайдай ер қайда? сабақ жоспары

Әлемді өзгерткен өнертабыстары. Шешендік сөздер, сабақ жоспары

Еңбек нарығы және сұраныс. Шешендік сөздер, сабақ жоспары