Алаш қайраткерлерінің мемлекеттік туралы идеяларының өзектілігі мен маңыздылығы

Аннотация

Кіріспе… ……………………………………………………………………………….

Негізгі бөлім
Қорытынды …………………………………………………………………………………………….
АННОТАЦИЯ

  «Алаш» қайраткерлерінің мемлекеттік туралы негізгі идеялары өте айқын болған. Дегенменде, олар елін, жерін қорғап, сақтап қалуға тырысқанын айта аламыз.

Ұлттық мемлекетті қалыптастыру идеясы бірнеше ғасырлар бойы қалыптасып отыратын нәрсе. Ұлттық мемлекетті қалыптастыру идеясы ұлттық қажеттіліктердің негізінде туындайтын білім болса, ұлттық идеяның білімін қалыптастыратын нағыз зиялылар. Қазақстандағы ұлттық идея қазақтармен бірге дүниеге келді, әрі тарих сахнасына да қазақтармен қол ұстаса көтерілді. Ұлтқа деген құрмет ұлттық сана-сезімнің қалыптасу деңгейіне байланысты. Жалпы ұлттық сана төмен болса халық халықтық қасиетінен айрылады. Мұндай кезде ұлттық мүдде жеке бастың пайдасының құрбаны болады. Мұратсыз ұлт ұлт болып қалыптасуы да, сақталып қалуы да мүмкін емес. Қазақ хандығы тұсында ұлттық идеяның өзегін мемлекеттікті нығайту, этникалық территорияны қалыптастыру, Қытай, Жоңғар, Орта Азиялық мемлекеттермен оңтайлы қарым-қатынас орнату құрады. Асан қайғының: Еділ менен Жайықтың Бірін жазға жайласаң, Бірін қыста қыстасаң, Ал қолыңды маларсың Алтын менен күміске! – деген жыр жолдарында ұлттық мұраттың сол дәуірдегі аңсағаны – территориялық тұтастық, саяси еркіндік, әлеуметтік кемелдік, табиғат пен адам арасындағы үйлесімділік екендігі бейнелен-ген. Елдің бірлігін, ішкі тыныштығын, ханның ынсапты болу-ын, халықтың берекелі байлығын жырлаумен ұлттық идеяны мемлекеттік саясат биігіне көтергендер қатарында Қазтуған, Доспамбет, Шалкиіз, Жиембет жыраулар тұр. Қазақ жыраулары ұлт болмысының тағдырына сын көзбен қарауда оның ұлттық рухпен үндескен тарихи-әлеуметтік кеңіс-тігін өздерінің рухани шығармаларында сақтап қалған. Соны-мен қатар жырауларымыздың философиясының мазмұнын зерделеген сайын, сол дәуірде ел, жеке адам, жер тағдыры үшін қоғам шындығы тұрғысында ойланған зиялы адам бейнесі де көз алдымызға келіп отырады. Жырау феномені арқылы дүниетанымдық өрісін кеңейтіп, рухани тереңдігін сақтап кел-ген қазақ философиясының болмыс бітімі де байыппен қараған адамға күрделі құбылыс екендігі сөзсіз. Мұның ішінде көзге бірінші көрінетін нәрсе «ұлттық рух», «ұлттық идея», «ұлттық мүдде», «ұлттық зиялылық» ұғымдарының бірінің мәнін бірі толықтырыпжәне адам болмысының рухани ерекшеліктерін зерттеуде үлкен тарихи тәжірибе мен білім көзіне айналып отыратындығы. Асан Қайғының бізге жетіп отырған дүниелері оның ұлттық мем-лекетті дамыту жолында «Қазақ идеясын» қалыптастыруға аянбай қызмет еткен тұлға екендігін көрсетеді.

Алаш қайраткерлері қазақ халқын азат ел ету бағытындағы мақсатты ойларын бес тұғырға негіздеді.Солардың ішіндегі ең бір маңызды тұғырының бірі – қазақ тілінің мәселесі болатын. Бұлай болатыны, А.Байтұрсынұлының сөзі-мен айтқанда «тілі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады». Ұлттың ұлы ұстазы Ахаң бұл бағытта бос үгіт насихатқа салынбай нақты іске кірісіп, қазақ жоғының орнын толтыруға білек сыбанып кірісті. Қазақты біртұтас ел деп танысақ, Алаш идеясын біртұтас қазақ идеясы деп мойындауымыз қажет. Алашидеясынаде­генадалдық пен сенім – бізденсоныталапетеді. Ал қазақүшінАлашидеясынан, оның бес ұлыидеясынанартықмүддеболуытиісемес. Ол идея бүгін де өзініңмүдделімақсатынжойғанжоқ. Олидеялармыналар: бірінші: жермәселесі. ЖерсізОтанжоқ. ӘлиханБөкейхановтыңұйғарымыбойынша: «Қазақтыңбайырғыжерінқашанқазақтарөзбетіншеғылым мен техникағасүйеніптолықигермейінше, жержекеменшікке де, қоныстанушыларға да берілмейді». Екінші: жердіңастындағы, үстіндегі, аспанындағыбарлықигілікқазақмемлекетінеқызмететуікерек. Ә.Бөкейхановтыңайтуынша: «Оныңәрбіртүйіртасықазақтыңөңірінетүймеболыпқадалукерек» болатын. Үшінші: Ә.Бөкейхановтыңжобасыбойынша, «Қазақтың же-ріндеөндірілген «біруысжүнсолмемлекеттіңазаматтарыныңүстінетоқымаболыпкиілуі» керек, яғнитолықтайэкономикалықтәуелсіздіккеқолжеткізугеұмтылуытиіседі. Төртінші: қазақмемлекетіндемемлекетқұрушыұлттыңтіл, дін, ділүстемдігіболуыкерек. Бесінші, түпкімақсат: ғылымға, ұлттықсалт-дәстүргенегіз-делгензаңғасүйенеотырып, ұлттық-демократиялықмемлекетқұруеді. Жерүшін, жер мен аспанбайлығыүшін, тәуелсізэкономи-ка үшін, тіл мен ділүшін, дінүшін, қазақұлтыныңкөзқарасы мен ар-ожданынқорғайтын, ұлттысыйлауғамойынсындыра-тын тәуелсіззаң мен тәуелсізойлаужүйесінқалыптастыратынтәуелсізғылымүшінкүресжолыендібасталды. Яғни, «Алаш» қайраткерлерінің негізгі айтатын ойы мен ұстанымдары бір болған, Демек, ослайша, елдің біртұтастығын нығайтып, сақтап қаламыз деп ойлаған.

Кіріспе

 Сонымен XVІІІ ғасырдың алғашқы ширегінде өзінің мемлекеттік тұтастығы мен тәуелсіздігінен қазақ халқы бұдан былайғы уақытта өзінің түпкілікті ұлттық мүдделері мен ерекшеліктері үшін ұзақ та азапты күре жүргізуге мәжбүр болды.

XX ғасырдың басында Ресей империясында қалыптасқан саяси жағдайға байланысты ол өз мемлекеттігін қалпына келтіру әрекетіне көшті, бірақ түрлі себептерге байланысты өз мақсатына жете алған жоқ. Ұлтттық және  мемлекеттік тәуелсіздік үшін күрес жолында халық ірі тарихи тұлғаларға бай ел екен анық танытты.

XX ғасырдыңбасындақазаққоғамыныңжолбастаушысынаайналған «Алаш» ұлттық- демократиялыққозғалысы мен Алашордаүкіметініңұлттарихынқалыптастырудағыаларорныерекше. ҚозғалысбасшылығындаӘлиханБөкейханов, МіржақыпДулатұлы, МұхаметжанТынышбаевсекілдіұлтзиялыларыболды. КеңесөкіметімойындамағанАлашорда 1919 жылыжұмысынтоқтатты. Ал 30-жылдары Алашордамүшелері «халықжаулары» дегенайыппенқуғынғаұшырады.

Жалпы Алаш қозғалысы, Алашпартиясы мен Алашордаүкіметітурасындағытақырыптарбіркездерікөпшілікүшінжабықболғаныбелгілі. Соңғы 10-15 жылдыңішіндеотандықғылымдаАлаштақырыбыедәуіригерілді. Бірсыпыратұлғалардыңжазғанеңбектеріқайтажарықкөріп, осы мәселегеарналғанзерттеукітаптарыжарияланды.

1917 жылғыҚазантөңкерісіненкейінАлашқайраткерлері, Қазақстанныңсаяси-әлеуметтікжағдайынескереотырып,өзбетіншедербесмемлекетқұруқажеттігінтүсінді. Бұл осы кезеңдегіұлтжаңашырларыныңтәуелсіздіккеұмтылудағыерекшекөрінісі. Алашидеясы,Алаштақырыбыеліміздіңтәуелсіздікталаптарыүшінәрқашанбасымдықболыпқалабереді.

Негізгі бөлім:

XIXғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында Ресей империясының отаршыл саясаты қазақ халқының тәуелсіз мемлекет құру идеясын орындалмас қиялға айналдыруға бар күш-жігерін жұмсады. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев «Тарих толқынында» атты еңбегінде: «Сырым Датұлы, Кенесары Қасымұлы және басқалар бастаған көтерілістер қазақтың ұлттық рухын орнықтыруға, ортақ жау – Ресей патшалығына қарсы күресте қазақтардың барлық күшін біріктіруге талпынған әрекеттер еді», – деп көрсетуі тарихи ақиқатқа негізделген.

Патшалық Ресей қазақтың кең жазира даласын мемлекет меншігі деп жариялап, «пайдаланылмайтын бос жер» деген желеңмен озбырлықпен тартып алып, қоныс аударушыларға бөліп беру орын алды. Әлеуметтік-саяси жағынан алғанда, бұл кезең патшалық Ресей империясының қазақ даласындағы отарлау саясатының күшеюімен ерекшеленді.Кез келген әрекет өзінің қарсы әрекетін туғазатын табиғат заңдылығы бұл жерде де өзінің айнымастығын дәлелдеді. Отарлау саясаты өрістеген сайын, қазақ халқының ұлт азаттық күресі, ұлттық мемлекеттілік құру идеясы да құрыштай шыңдалып, дами берді. Самодержавиеге, отаршылдыққа, жергілікті шенеуніктердің озбырлығына қарсы халық наразылығы өршіді. Осылайша, қазақтардың жаңаша саяси санасы қалыптаса бастады. Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалысы дін тазалығын, тіл тазалығын қорғаудан, оқу-ағарту, ұлттық салт-дәстүрлерді қолдаудан басталып, біртіндеп жер дауы, ел дауына ұласты.  Яғни, академик М.Қозыбаев көрсеткендей, “Алаштың ұлт азаттық қозғалысы идеологиясының өзегі – отаршылдық наразылық, отаршылдыққа қарсы ұлтшылдық. Олар заңмен шектелген праволық қоғам, конституцияда анықталған кейбір саяси бостандықтар, ғылым мен мәдени даму көлемінде күресіп бақты”.

Қазақ халқы ұлт ретінде өмір сүру қасиетін сақтап қалу үшін тырысты: аймақтардағы наразылық бас көтерулерден бастап, Мемлекеттік Думадағы депутаттық орынға дейін саяси күрес ісіне тартылып, азаттық қозғалысының арналы ағысына ілесті. Қазақтар өлке өміріндегі өзгерістерге, отаршылдық әкімшілік ойлағандай, сырттай бақылаушы ғана болып қалмай, оған белсене араласты. Олар болыс сайлау, партияға жіктелу, дауыс жинау, кандидаттыққа ұсыну, лауазымды қызмет атқару, Думаға сайлану т.б. қоғамдық-саяси істерге белсене араласты. Жергілікті мемлекеттік басқару отарлау әкімшілігінің басқаруымен, ал сайлаулар шалағайлықпен жүзеге асса да, кең байтақ қазақ даласындағы саяси процестерге халқымыз қызу қатысып отырды. Саяси қатысу қазақы дала өлкесінде өзгеше мәнге ие болды. Мұндай әділетсіздік  сол кезеңдегі көзі ашық, ұлттық сана-сезімі оянған қазақтың зиялы азаматтарына серпіліс берді. Сол серпілістің бірі – бұл қазақ зиялы өкілдерінің негізгі ұстанымы – «Алаш» еді.
«Алаш идеясы» – қазақтың мемлекеттік, елдің ұлттық идеясы. Өйткені Алаш — халқымызды бесігінде тербетіп, есейіп ат жалын тартып мінгенде бойына күш-қуат және сенім берген ұлттық идея. Алаш — ұлттың өзін бөлінбес тұтас жер, яғни территория ретінде сезінуі.Алаштықтардың «Алаш» атауын таңдауы да жайдан-жай емес. Алаш жаңа елдігіміздің, байырғы аймағымыздың рәмізі еді. ХХ ғасырда қазақтың азаматтық тарихында ең ұлы идея қайсы десек, ол – Алаш идеясы деп жауап беруге болады. Бүгінгі тәуелсіздігіміздің негізі де осы идеямен байланысты. Міне, осы тұста алаштың серкелері – Әлихан Бөкейханов, Мұстафа Шоқай, Ахмет Байтұрсынұлы, Халел Досмұхамедұлы, Міржақып Дулатұлы, Халел Ғаббасұлы, Мұхамеджан Тынышбайұлын тілге тиек ете аламыз.Алашардақтыларының армандаған өзекті  мақсаттары:бірінші ұлттықболмысымызды сақтау, тәуелсіз ел болу, екіншісі- ұлттық тарихымызды ұлықтау, үшіншісі- туған тіліміздің мәртебесін көтеру.Оған дәлел ретінде қозғалыс көшбасшысыӘ.Бөкейхановтың жобасы бойынша, мемлекет толықтай экономикалық тәуелсіздікке қол жеткізілуі тиіс болған.М.Дулатов «Оян,қазақ! Деп жар салса,Алаштың тағы бір қайраткері Х.Досмұхамедов «Өз тілін өзі білмеген ел – ел бола алмайды.Тілінен айрылған жұрт-жойылған жұрт» депті.Қазақтың елдігі мен тұтастығын аңсаған Алаш қайраткерлерінің идеясының бір дәлелі – бүгінгі таңда мемлекетіміз тәуелсіз ел болып,20 жыл ішіндеәлем таныған, мойындаған ел бодық. Н.Ә.Назарбаевтың «Тарих толқынында» кітабының «Алаш мұрасы және осы заман» атты тарауында алаш ардақтыларының идеясының жалғасқандығын айтады. Менің пайымдауымша, Елбасы Алаш зиялылары арманын іске асырды. ХХ ғ. 90ж.басында тәуелсіз мемлекетіміздің іргетасының қалануы. Көк байрағымыз желбіреуі, бүкіл әлемді мойындатуы. Өз тіліміз, дініміз бар. Алаш арманы – бүгінгі Тәуелсіз Қазақстан! Ендеше, біз – әрбір азамат осы жүз жыл бұрыңғы ұлттық ұлы идеялардың бүгінгі Тәуелсіз Қазақстанның да негізі ретінде берік орнығуына үлес қосуға тиіспіз. Қорыта айтқанда, Алаш ардақтылары көтерген ұлттық идеялардың бүгінгі күні жүзеге асқандығының дәлелі – Мәңгілік Ел. Яғни, айтқымыз келгені «Керегеміз – ағаш, ұранымыз – Алаш» дейтін біз үшін ол әрқашан қазақ идеологиясының темірқазығы болып келді, бола береді де.

Алаш – ұлттың аспан асты, жер үстінде өз орны бар ел ретінде өз еншісі мен үлесін анықтау харакеті. Зия­лы­лар­дың Алаш атауын таңдауы да жай­дан-жай емес еді. Алаш жаңа елдігіміздің, байырғы айма­ғы­мыз­дың рәмізі еді. ХХ ғасырда қазақтың азаматтық тарихында ең ұлы идея қайсы десек, ол – Алаш идеясы деп жауап беруге болады. Бүгінгі тәуелсіздігіміздің негізі де осы идеяда жатыр. Алаш идеясы үшін күрескен кезең – 1907 жылдан 1930 жылға дейінгі 30 жылдай уақытты ғана қамтыған. Аз болса да ғасырға тең уақыт.Алаштың сер­келері – Әлихан Бө­кей­ханов, Мұстафа Шоқай, Ахмет Бай­тұрсынұлы, Халел Дос­мұ­хамедұлы, Міржақып Дулатұлы, Халел Ғаб­бас­ұлы, Мұхамеджан Тыныш­бай­ұлы. Алаш зиялыларының алдыңғы толқыны болып есептелетін осынау тұлғалардың әрбірі мемлекет басқаруға қабілетті еді. Қазақ тарихында Алаш арыс­тарының орны ерекше. Олар Қазақ елінің сан ғасырлық даму тәжірибе­сін, салт-дәстүрін төңкерістік әдіспен күрт өзгертуді емес, қайта оларды өр­кениетті елдердің өмір тәжірибесін ескере отырып, одан әрі дамытуды, білім алып, көппен терезе теңестіруін көздеді. Ең алдымен, қазақтың өз атамекеніне ие болуын мақ­сат етті. Сол жолда күресті. Сонымен қатар елге демократия, білім-білік алып келу үде­рісі­нің бастауында тұрғандар да – солар болды. Алаш зиялылары – елшілдік пен Отанға адал қызмет етудің рәмізі. Олар – барды көбейтуші, үзілгенді жалғастырушы, жоқты жасаушы.

Алаш қозғалысының тарихи негізі Ресей отаршылдығының қазақ жеріндегі аса асқынған кезеңінен басталды десек те, Алаш идеясы одан әлдеқайда бұрын өмірге келіп, күні бүгінге дейін елім, жерім деп ұлт болашағын ойлаған әрбір қазақ жүрегінің терең түкпірінен орын тепкен. Өйткені Алаш қозғалысы қазақ қауымындағы отаршылдыққа қарсы бағытталған, прогреске ұмтылған жал­пыхалықтық демократиялық қозғалыс еді.
Қазақ халқының үздік білім алған, кең ойлы патриот саңлақтарының пай­да болуымен тұңғыш ұлт­тық Алаш үкіметі құрылып, қазақтың саяси идеясының негізі қаланды. Алаш қозғалысының лидерлері халықтың өзіндік санасын жоғары көтеріп, ұлттық бостандық идеясын ұсынды, қазақ халқының ұлттық мүддесін қор­ғау бойынша бірізді бағыт ұстанды.
Алаш жетекшілерінің ұлт-азаттық ұрандары сол дәуірдің оқыған талапты, талантты жастарын баурап алды. Туған халқының халін сезіп, біліп өскен өрелі жас буын өкілдері ұлт-азаттық қозғалысы қайраткерлерінің идеяларын қолдап, солармен бірге қимыл жасады. Қозғалысқа қатысты құжаттардан Алаш қайраткерлерінің оларды іске жұмылдырып, қажет жерінде тиісті тапсырмалар беріп отырғандығын байқауға болады. Алаш қозғалысына қатысқан 17-25 жас аралығындағы жастардың ішінен кейін көптеген мемлекет, қоғам қайраткерлері, ақын-жазушылар, ғалымдар шыққаны белгілі.

Тәуелсіздіктің қарсаңында Алаш идеясының қайтадан жаңа күшпен жаңғыруы.
Тарихтан білетініміздей, 1917 жылғы 21-26 шілдеде Орынбор қаласында Бірінші жалпы­қа­зақ съезі өтті. Осы съезде Алаш партиясының бағдарламасы жарияланды.
Ал оның негізгі ұстанымдары:
Біріншіден – Ресей демократиялық феде­ра­тивтік республика болуы керек. Оның құрамындағы әрбір мемлекет тәуелсіз түрде әрекет етеді.
Екіншіден – Ресей республикасында тең құқықтық, тұлға, сөз, баспа, ұжымдар ерікті болады.
Үшіншіден – дін мемлекеттен бөлінеді. Барлық діндер тең құқылы.
Төртіншіден – билік пен сот әр халықтың ерекшеліктеріне сәйкес құрылуы қажет, би мен сот жергілікті халықтың тілін білуі шарт, т.б.

Қозғалыс көшбасшысы Ахмет Байтұрсынов: «басқалардан кем болмас үшін біз білімді, бай һәм күшті болуымыз керек. Білімді болуға – оқу керек! Бай болуға – кәсіп керек! Күшті болуға – бірлік керек! Осы керектердің жолында жұмыс істеу керек!» де­ген еді. Әлихан Бөкейхановтың жобасы бойынша, қазақтың жерінде өндірілген бір уыс жүн сол мемлекеттің азаматтарының үстіне тоқыма болып тоқылып, киілуі керек. Яғни мемлекет толықтай экономикалық тәуелсіздікке қол жеткізілуі тиіс болған.
Алаш алыптарының бірі Міржақып Дулатов «Оян, қазақ» деп жар салса,  Алаштың тағы бір қайраткері Халел Досмұхамедов «Өз тілін өзі білмеген ел – ел бола алмайды. Тілінен айрылған жұрт – жойылған жұрт» депті. Уақытынан оза туған Алаш қайраткерлерінің идеялық мұрасын терең зерттеп, бүгінгі күннің қажетіне жаратып, олардың ісін жалғастырған абзал.
Алаш қайраткерлерінің облыстық, уездік съездер мен комитеттерді, жалпықазақ съездерін ұйымдастыруы, сол тұстағы Уақытша үкіметпен келіссөздері, бағдарлама дайындауы, қаулы-қарарлар қабылдауы – олардың қаншалықты дәрежеде саяси өте сауатты қайраткерлер болғандықтарын көрсетеді.

Алаштықтар Қазақстанның сол тұстағы шаруашылық жайын саралай отырып, соған орай экономикалық дамудың бірқатар жолдарын да мегзеді. Бір қызығы, сол кезеңде олар Қазақ­станның астанасы жөнінде де орынды мәселе көтерді. Айталық, 1905 жылғы Мұхаметжан Тынышбаев пен Халел Досмұхамедовтер «Ақмо­ланы астана жасаймыз» деген идея көтерді. Сонымен қатар олар 1917 жылы Семейді «Алаш ас­танасы» деп жариялап, оған «Алаш» деген атау берді.
«Алаш» партиясының бағдарламасында көрсетілген ел басқару жүйесі, жастардың білім алуы, ұрпақ тәрбиесі, ұлттар теңдігі, азаматтар­дың құқы мен бостандығы жөніндегі ұстанымдар тәуелсіз қазақ мемлекетінің саясатымен сабақтас жатыр. Сол себепті Алаш көсемдерінің өмірінен өнеге, тірлігінен тағылым алып, Алаш мұратын ұлт мұраты ретінде тануымыз керек. Алаш идеясы – ұрпақтың бойына отаншылдық пен мемлекетшілдік идеясын сіңірудің басты құралы болуы керек.
Алаш зиялыларының мемлекет басқару ісінде қаншама озық ойлы, тұрпатты, құқықтық мемлекет құрудың алғы­шарттарын жасағандықтарына көзіміз жетеді.
Осыдан ғасырға жуық уақыт бұрын Алаш қайраткерлерінің Қазақ автономиясын құрып, тәуелсіз мемлекет идеясын туғызған өршіл рухын еліміздің көк туын желбіретуші Тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаев одан әрі жүзеге асырып отыр деуімізге толық негіз бар.
Алаш арыстарының Лениннің өзіне қол қойдырып, бекіттірген құжаты болғанын білесіздер. Ол: «Алаш арыстары «биыл Қазақстанның мемлекеттік шекарасы бекітілді. Автономиялы мемлекет болып жарияланады. Одақтас республикалардың кез келгені қалаған уақытында мемлекет ретінде бөлініп кетуге құқылы» деп Ленинге қол қойғызған. Осы идеяны орыс, украин, беларусь секілді мемлекеттер қолдаған. Сол статьяны пайдалана отырып, біз 1991 жылы тәуелсіздік алдық.
Бұл аталғандар қазақ елінің азаттығын аңсаған Алаш ардақтыларының қызметінен бірер мысалдары ғана.

Алаш зиялыларының қазақ даласында ұлт­тық идеяны негіздегені жөнінде Елбасы Н.Назарбаев өзінің «Тарих толқынында» кітабының «Алаш мұрасы және осы заман» атты тарауында: «XX ғасырдың басында ұлттық бірлікті нығайту идея­сын алға тартқан рухани-зерделі игі жақсы­лар қазақтың ұлттық идеясын жасау міндетін өз мойнына алды.
Қазақтың елдігі мен тұтас­ты­ғын аңсаған Алаш қайрат­кер­лерінің идеясы бүгінде іске асты. ХХ ғасырдың 90-ыншы жылдарының басында тәуелсіз мемлекетіміздің іргетасы қаланды. Олардың еліміздің тәуелсіздігін ту етіп, ХХ ғасырда Қазақ елін өз алдына дербес те егемен мемлекет ретінде көргісі келген ізгі де жасампаз ниет­тері тек ХХ ғасырдың соңында ғана жүзеге асты.

Бұлардың барлығы оянып, жаңғырып бүгінгі қазақтың рухын көтеруге жұмыс істеуі керек. Олар әсіресе, тілдік саясатта, мәдениетте, жалпы руханиятта, қоғамдық өмірде көрінуі тиіс. Сонда ғана бөтенге ұқсамайтын, өзіндік жүру жолы бар қайсар рухты қазаққа айналамыз.

ҚОРЫТЫНДЫ:

1917 жылғы ақпанда Ресейде буржуазиялық- демократиялық революция болып монархия құлатылды.1917 жылғы наурыз,сәуір айларында әр жерде жұмысшы және солдат, шаруа депутаттарының Кеңестері құрылды. Алайда реформа жолымен капитализмді дамыту бағытын  ұстанған Уақытша үкімет Ресейді қайта өрлетудің нысаналы бағдарламасын ұсына алмады.

Ұлттық демократияшыл зиялылардың ұлт азаттығы үшін  күресін Әлихан Бөкейханов басқарды.Ақпан ревалюциясынан кейін Алаш қозғалысы қайта жанданды. Қазақтардың 1917 жылы көктемдегі Семей облыстық съезі Бүкілқазақ съезіне Қазақстанның болашақ автономиясын құруды  ұсынды.

1917 жылғы шілдеде  Орынборда өткен  Бүкіл қазақ съезі мемлекеттік басқару формасын, жер мәселесін,халықтық милиция ұйымдастыру, земство, халыққа білім беру, сот, рухани- діни мәселелерін қарады.Ақпан революциясынан Қазан төңкерісіне дейінгі кезеңде қоғамдық демократияландыру идеясы етек алып,Қазақстанда да көп партиялы жүйе қалыптасты.

1917 жылдың қарашасы мен 1918 жылдың қаңтары аралығында өткен сайлау қазақ еңбекшілерінің басым көпшілігі ”Алаш” партиясының бағдарламалық талаптарын қолдайтынын көрсетті.”Алаш” партиясы өкімет билігі жолындағы күресте большевиктерге елеулі оппозиция болды.

You May Also Like

Мектеп мақтаныштары, ғылыми жоба

Жобаның мақсаты: “Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру”  бағдарламасы аясында Еліміздің түрлі саласында қызмет…

Қазақ әдебиетіндегі аққу бейнесі, ғылыми жоба

Қазақ әдебиетіндегі аққу бейнесі Секциясы: қазақ әдебиеті Бағыты: әдебиеттану Мазмұны  Кіріспе …………………………………………………………………………………………………….…

Робо күшік, ғылыми жоба слайд

Жалбыз өсімдігінің емдік қасиеті, ғылыми жоба

«Жалбыз өсімдігінің емдік қасиеті» Аннотация Автордың ғылыми жұмысының тақырыбы «Жалбыз өсімдігінің емдік…