Біз еліміздің тәуелсіздігінің арқасында бақытты балалық шағымызды өткізіп жатырмыз. Ата – бабаларымыз қазақ жері үшін төрт жыл бойы тер төгіп, осы жерді бізге аманат етіп кеткен. Мен осындай бейбітшілік орнаған елде туып өскеніме ризамын. Ал біздің ата-әжелеріміз бала болған кезде еш нәрсе дамымаған еді. Ал бізде бәрі де бар. Тыныш, тату-тәті тұратын халқымыз бар, бақытты отбасымыз бар, білім мен тәрбие беріп жатқан мектебіміз бар. Абай Құнанбайұлы атамыз айтқандай «Адамның жақсы болуы тегінде емес, тәрбиесінде, ақылында, өнер білімінде.» Алдымызда не керек болса соның бәрі бар. Білімге керек нәрсені ізденіп орындамай жатып компьютерге , телефон, интернеттен таба аламыз. Бәрінен де керемет кез ол біздің бақытты балалық шағымыз. Біз 11 жасқа келгенімізбен әлі балалығымызды қимаймыз, есейген кезде сол балдәурен балалық шағымызды сағынатынымыз белгілі. Сондықтан да менің достарыма айтарым, балалық шақтың бал дәмін сезінген кезің ең бақытты шақ екенін ұмытпайық. Кімнен болсын «Ең бақытты кезің қайкез еді?»деп сұрасаңыз, ол адам ойланбастан жымиып «әрине балалық шағым»- деп жауап береді. Бүгінгі алған тәрбиеміз , біліміміз, өнеріміз бен ақылымыз ертеңгі қуатты Қазақстанды құруға көмектеседі. Қазақстанның дәл қазіргі уақытта қуатты елбасы, қуатты өңірлері, қуатты әскері, қуатты құрылымы, қуатты идеялары бар халқы бар. Осыны ары қарай өркендету , өсіру бақытты балалық шақты басынан өткерген ұрпақтың, яғни мына біздің міндетіміз. Біздің ел басы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев әлемнің қазіргі тарихындағы кемеңгер тұлға. Қазақстанды жоғары халықаралық деңгейге шығарды. Бүгінде Қазақстан білім мен бірліктің , келісім мен татулықтың алтын бесігіне айналды. Нұрсұлтан атамыз айтқандай «Қазір бой жарыстыратын заман емес, ой жарыстыратын заман.» Сондықтан да ақыл ойлы, саналы, тәрбиелі , білімді ұрпақ болып қалыптасуымыз керек. Осы тақырыптағы шығарманы жазып отырып, ауқымы кең, бір кітап жазатындай екеніне көзім жетті. Бүгінгі тәрбиелі ,білімді, ұрпақ ертеңгі дамыған, қуатты Қазақстанның жемісі.

You May Also Like

Құстар – табиғаттың көркі, эссе

Құстар – табиғаттың көркі! Құстар өзгеше болып жаратылған құбылыс иесі. Бейне біздің…

М. Мақатаевтың «Ақ кимешек көрінсе» өлеңіндегі әже туралы ойларын әдеби туындылардағы әжелер бейнесімен байланыстыра отырып, талдап жазыңыз. эссе

            Әже. Әже ата – ананың анасы, үйдің үлкені, мейірімі мол, құшағы…

Табиғат жанашыры эссе

«Табиғат жанашыры» Әлемде 8,5 миллиард тонна пластик өндірілген. 1 миллион тоннаға жуық…

Тәуелсіздік – ел тұғыры! эссе

Тәуелсіздік – ел тұғыры! Тәуелсіздік – халқымыздың бостандығы мен дербес даму жолындағы…