Қазақ әдебиетінде өзіндің ақындық шеберлігімен әрі дарынды тұлғасымен із өалдырған ақындардың бірі деп Сәкен Сейфуллинді айтуға болады. жастайынан қолына қалам алып, талай туындыны жарыққа шығарған талантты ақынның жан дүниесі сұлулық пен әсемдікке ұмтылып тұратынын көруге болады. оның дәлелі «Ақсақ киік» өлеңі десекте болады.      «Ақсақ киік» ертеден ауыздан ауызға таралып келе жатқан байғыр киіктің аянышты жолмен қаза болғаны жайындағы аңыз. Сәкеннің ерекше талғаммен көрнекті, көркем бейнелеген өлеңі. Сонда бұл өлеңі бойынша ақынның сұлулыққа деген көзқарасы қандай?

Оны қалай аңғара аламыз?

Ақынның әсем жеткізе білген өлең жолдары осы шумақтан басталады: Бөкеннен сұлу аңды мен көрмедім Өзге аңға жандарды тең көрмедім. Көздері мөлдіреген ақ бөкенді Адамның баласынан кем көрмедім

деп Сәкен Сейфуллинді бөкенді әлемдегі теңдессіз аса сұлу сөздермен суреттейді. Ақын киіктің сұлулығын өзге жануарлардан артық санайтынын байқаймыз. Киіктің мөлдір көздерін адам баласының көздеріне теңеу арқылы оның теңдессіз сұлу екеніне көзімізді жеткізгендей.

Менің ойымша, ақын осындай бейнелеу арқылы киіктің әдемілігі мен көркемдігін арқау етіп, өзінің де көзқарасын білдіріп кеткен. Негізінен Сәкен сұлулыққа тамсанғанын жасырмай, киіктің мөлдір көзін «ботакөз» деп атайды.

«Ақбөкен сахараның ботагөзі» деп теңеп, оның қылықтарын адам баласына теңейді.  Осыдан барып Сәкендей ақынның сырын түсінуге болатындай. Себебі, жануар мен адамның сұлулығын теңеп, барлық жан дүниесімен оған қарсы емес екендігін дәлелдей түскендей.     Қорыта келе, есімі әрбір қазақтың көкейінде жүретін ақынның бұл өлеңі арқылы оның сұлулық атаулысына оң көзқараспен қарайтынын танып, сонымен қатар жануарларға ерекше мейірім мен ықылас төгіп, қамқорлық жасау керек деген ой түйдім.

You May Also Like

Менің мамандығым – тәрбиеші, эссе

«Менің мамандығым – тәрбиеші» (эссе) «Мен – тәрбиешімін»!!! Осы сөздің өзі бұл…

Т.Ахтановтың романға «Шырағың сөнбесін» атауын беру себебін оқиға желісіндегі дәйектер арқылы дәлелдеп жазу, эссе

Т.Ахтановтың романға «Шырағың сөнбесін» атауын беру себебін оқиға желісіндегі дәйектер арқылы дәлелдеп…

«Спорт – денсаулық кепілі» деп неге айтады? эссе

 «Спорт – денсаулық кепілі» деп неге айтады?  Спорттың пайдасы көп. Спортпен шыныққан…

М.Мақатаевтың «Ару-ана» поэмасындағы Құрман ұмтылған бақыттың – бостандық екендігін дәлелдеп жазыңыз. эссе

Қазақ поэзиясында жарқын із қалдырған дарында ақындардың бірі Мұқағали Мақатаев еді. Ол…