Кәсіпорындарда қабылданған еңбек шараларына байланысты еңбекақының бірнеше түрлері мен жүйелерін бөліп көрсетуге болады.
Еңбекақы түрлері
Келісімді жалақы
Мерзімді жалақы
Еңбекақының барлық нысандары тарифтік жүйе мен еңбекті нормалауға негізделеді.
Еңбекақы нормалау – жұмысшы өзіне тапсырылған жұмысты орындайтын заңмен белгілейтін жұмыс күшінің ұзақтығы.
Жұмыс уақыты
Тапсырманы орындаумен байланысты нормаланатын уақыт.
Уақыт шығыны (нормаланбайтын уақыт)
Нормаланатын уақыт – дайындау – аяқтау (Тпз), оперативті (Топ), жұмыс орнын реттеу уақытынан (То), демалыс және жеке қажет/ге (Тотп), ұйымдық – техникалық себептерге (Тпт) байланысты үзілістерден тұратын уақытты айтамыз. Өз кезегінде жұмыс орнын реттеу уақыты ұйымдық және техникалық уақыттардан тұрады.
Уақыт нормасы мына формуламен анықталады:
Нвр=Тпз + Топ + То + Тотп+ Тпт
- Жұмысшының кінәсінен болған жұмыс уақытының шығыны деп – еңбек және күн тәртібін бұзу салдарынан жұмыстағы үзілістерді айтамыз.
- Жүріс пен іздеуге кеткен уақыт шығынын өндірістік емес жұмыс шығындарына жатқызамыз. Барлық күтуге кеткен уақытты ұйымдық – техникалық себептерге байланысты шығындар дейміз.
Тарифтік жүйе – орындалатын жұмыстың күрделілігі мен еңбек шартындағы ерекшелік еңбек интенсивтілігі сипатына қарай еңбекақы саралауды қамтамасыз ететін нормалар мен нормативтер жиынтығын айтамыз.
- Тарифтік жүйе элементтері
- Тарифтік қойылымға қосымша төлем және халықты еңбек жағдайынан ауытқуларға үстемелер.
- Тарифтік біліктілік анықтамасы
- Тарифтік нормалар
- Бірінші разрядтық тарифтік қойылымы
- Жалақының аудандық коэффиценттері
1.Тарифтік бөліктілік анықтамасы – 1-ші разрядтық тарифтік қойылымы мен тарифтік торларды қолдануды қарастырамыз.
2.Еңбекақы бойынша тарифтік торлар – әртүрлі топтағы жұмысшылардың еңбегінің күрделілігіне байланысты еңбекақыны саралау құралы. Ол разрядтар саны және оларға сәйкес тарифтік коэффиценттерден тұрады. Тарифтік тор – тарифтік коэффиценттерінің разряды бойынша абсолютті және салыстырмалы түрде өсуінқамтамасыз ететіндей құралады.
3.Тарифтік қойылым – жұмыс уақыты бірлігіндегі еңбекақының ақшалай түрде есептелген абсолютті мөлшері. Ол еңбекақы деңгейін анықтайды, себебі жұмысшының ең алдымен белгіленген аз еңбекақы мөлшері және жұмыс уақытының ұзақтығына байланысты есептелетін 1-ші разрядтық тарифтік қойылымына байланысты сәйкес біліктіліктері жұмысшының тарифтік қойылымы мына формуламен анықталады:
- 1-ші разрядтың тарифтік қойылымы: сағаттық, күндік, айлық бола алады.
- 1-ші разрядтың сағаттық тарифтік қойылымы – еңбекақы мөлшерін бір жұмысшының айлық мөлшері ең аз жалақыға тең деп қабылданады.
- 1-ші разрядтың сағаттық тарифтік қойылымы келесі формуламен анықталады:
- ЧТС1 – 1-ші разрядты келісімді жұмысшылардың сағаттық тарифтік қойылымы.
- Келісімді еңбекақыда жалақы мөлшері өндірілген өнім мен орындалған жұмыс көлемінің саны мен сапасына тікелей байланысты және кесімді белгілеу бойынша есептеледі.
- Тікелей кесімді еңбекақы жұмысының жалақысы мына формуламен есептеледі:
- – жеке кесімді баға белгілеу, теңге/дана.
- m – орындалған жұмыстың атауы немесе түрі.
- Nф – есепті кезеңдегі нақты орындалған жұмыстың саны, дана.
- Жұмыс бірлігіне жеке кесімді баға белгілеу келесі формулалардың бірі арқылы есептеледі:
- Вп – уақыт бірлігіндегі өндірім нормасы, дана/сағат.
- ЧТС – сағаттық тарифтік қойылым
- t – жұмыс бірлігіне кететін уақыт нормасы, норма/сағат.
- Жеке келісім – сый еңбекақы кезінде жұмысшы тікелей келісімді жалақыға қоса белгіленген көрсеткіштерге қол жеткізгені үшін сыйақы алады. Бұл жүйе бойынша жалақы келесі формуламен есептеледі:
- Жанама кесімді еңбекақы өндірістік телімдерге қызмет көрсететін қосымша және көмекші жұмысшылары қолданады және жалпы жанама кесімді бағаны қызмет көрсететін жұмысшының нақты өлшеміне көбейту арқылы есептеледі:
- Вні – қызмет көрсететін жұмысшыларының сағаттық өндірілім нормасы
- Но – қызмет көрсету нормасы