Жоба тақырыбы:
Қазақ халқының салт-дәстүрлері
Бағыты: этномәдениеттану
Аннотация
Зерттеу мақсаты: Қазақ халықының ұлттық салт-дәстүрін ұрпақтан-ұрпаққа жалғастыра білетін, ұлттық рухпен қаруланған тұлғаны қалыптастыруға
мүмкіншілік беру. Халқымыздың тәрбие негізі, асыл қазынасы – салт-дәстүрлерді дұрыс жеткізе білсек, осы жолды насихаттайтын игі іс шаралардың жалғасын табады деген үміттемін.
Зерттеу кезеңдері: Қазақ халқының дәстүрлері жөнінде үлкендердің
аузынан жазып алынған, өздері күнделікті өмірде жиі қолданатын, жалпы адамдар арасында кең тараған дәстүрлерді, ғылыми әдебиеттерді, дәстүрлер жөнінде кітапшаларды жинақтап, оларға жалпы шолу жасау.
Әдістемесі: Көне салт дәстүрлер жөнінде жазылған әдебиеттермен танысу, күнделікті қолданатын тыйымдарға шолу жасау.
Жоспар
- Кіріспе
- Негізгібөлім.
1.Салт және дәстүрдің айырмашылығы.
- Салт-дәстүрдің озығы мен тозығы.
- Зерттеубөлімі.
1.Халқын сүйген – салтын сүйер .
2.Қазақ халқының қолданыстан шығып қалған салт-дәстүрлері.
- Ежелгіқазақтың салт дәстүрі деп саналып, қазіргі заманға қарай бейімдеп, бастапқы мағынасын жоғалтып, бұрмалануға тап болған дәстүрлер.
4.Басқа шет жерлерден, Батыстан келіп, біздің салт санамызды жаулап, ұлттық болмысымызға жат, бірақ біртіндеп еніп келе жатқан салт-дәстүрлер.
5.Қазақ әдебиет шығармаларындағы салт-дәстүрдің сипаты.
- Қорытынды
Қазақ халқының салт-дәстүрі.
Әр халықтың ұлттық танымын, көзқарасын, өзіне тән жеке ұлттық ерекшелігін білдіретін наным-сенімі, әдет-ғұрып, салт-дәстүрі бар. Ата-бабадан келе жатқан салт-дәстүрдің қаймағын бұзбай, ұмытылып кетуіне жол бермей, қазіргі қоғамда өте жарасымды етіп қолданып жүрген халықтың бірі – қазақ халқы. Ал салт-дәстүрге бай болу елдің мәдениетті әрі тәрбиелі екенін айғақтайды. Ерте кезеңнен ақ ата-бабаларымыз бала, ұрпақ тәрбиесіне көп көңіл бөліп, оларды үлкенге тағзым, кішіге ілтипат етіп бауырмалдыққа, мейірімділікке, ізеттілікке баулыған.
Салт-дәстүр дегеніміз не?
Салт-дәстүр — әр ұлттың, халықтың діні мен сеніміне, тұрмыс-тіршілігіне сәйкес ғасырлар бойы жинақталып, өмірдің өзі туғызған ғұрыптардың жиынтығы.
Салт— кәсіпке, сенімге, тіршілікке байланысты әдет- ғұрып, дәстүр.
Ол ұрпақтан- ұрпаққа ауысып отырады. Уақыт өткен сайын салтқа өзгеріс еніп,
өзгеріп, қоғамға байланысты бейімделіп келеді. Жаңа қоғамдық қатынасқа сай
келмейтін дәстүрлер ығысып,өмірге
қажетті жаңалары дамып отырады.
Дәстүр– ұрпақтан- ұрпаққа ауысатын, тарихи қалыптасқан нормалар мен үрдістер.Ол- қоғамдық ұйымдар мен халықтың мінез- құлқының, іс- әрекетінің рухани негізі. Дәстүр мәдениетпен тығыз байланысты, сондықтан мәдениеті дамыған ел дәстүрге де бай. Ата- ананы құрметтеу, үлкенді сыйлау, адалдық, әдептілік, мейірімділік сезімдері озық дәстүрлерге жатады.
Салт-дәстүрдің озығы мен тозығы.
Әр нәрсенің екі жағы болатыны сияқты, салт – дәстүрлеріміздің де озығы мен тозығы жетерлік. Озығы бар деген ұғымға қоғам дамуына кедергі келтірмейтін кейбір әдет-ғұрыптар жататын.
Мәселен, үлкен кісіге ізет көрсетіп, сәлем беру, сөзін бөлмеу, өтірік,
мақтаншақтықты қолдамау, отбасына берекелі болу, араласып
жүргендермен дұрыс қарым-қатынас жасау, т.б. Қазіргі заманға дейін жетіп, әлі күнге қолданыста жүрген, әдет-ғұрыптармен бірге, уақыт ағынымен қалып қойған, көне, қазірде көп қолданысқа енбеген
дәстүрлер де бар.
Халқын сүйген– салтын сүйер.
Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мұрат-міндеттердің ең бастысы –өзінің ісін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу.Ал жастарды жан-жақты қабілетті адамзат етіп өсіруде халықтық салт-дәстүрдің, тәлім-тәрбиелік, білім-танымдық ролі орасан зор.Саналы сөзді сары алтыннан артық бағалаған халқымыз салт-дәстүрімізді, әдеп-ғұрпымызды ұлттық құндылықтарымыздың асыл қоймасы деп сақтады.
Қазақ халқының қолданыстан шығып қалған салт-дәстүрлері.
Қазақ салт-дәстүрге сүйене отырып, өзара қарым-қатынасын реттеп отырған, бір-бірін үнсіз түсініп, сыйласқан. Қазір сол дәстүрдің біразы ұмыт болды.
Қазақты салт-дәстүрі ағайын,туған-туыс, көршілер арасында қарым-қатынастың қалыптасуына және ынтымақтастықта өмір сүруіне жол ашқан.
Бүгіндері атаулары өзгерсе де, кейбір салт-дәстүрлерді қаймағын бұзбай сақтап отырған өңірлер бар. Әсірес Қазақстанның батыс пен оңтүстік облыстарында қазақтың салт-дәстүрлерін тастамай, күнделікті тұрмыста ұстанып жүр. Мысалы, ат тұлдау, аяққа жығылып кешірім сұрау, ақсарбас атау, аунату, байғазы беру, босаға байлау, енші беру, ерулік беру, жылу жинау, қалау айту, қазан шегелеу сияқты дәстүрлер сақталған. Десек те қолданыстан мүлдем шығып, ұмыт болғандары да жетерлік екен.
- Ерулік беру.
Ауылға басқа жақтан бір үй көшіп келсе, бауырларының бірі туған-туыстарына жапсарлас келіп қонса, көрші-көлемі немесе жақындары жаңа үйге «ерулік» деп ас пісіреді, табақ тартып, қонақасы береді. Бұл салтты ерулік деп атайды. Осылайша қазақтар танысын, танымасын бір-бірін бөтенсімей, өз ортасына тарта білген.
Ежелгі қазақтың салт-дәстүрі деп саналып, қазіргі заманға қарай бейімдеп, бастапқы мағынасынжоғалтып,бұрмалануға тап болған дәстүрлер.
Ежелгі ұмыт бола бастаған, қаіргі кезде қайта жаңғыртуды талап ететін, қажет деп саналатын салт-дәстүрлер. Соның ішінде үйлену тойына байланысты салт-дәстүрлерге тоқталайын. Мысалға алар болсақ, құдаласуға байланысты, «бесік құда», «бел құда» болу.
Басқа шет жерлерден, Батыстан келіп, біздің салт-санамызды жаулап, ұлттық болмысымызға жат, бірақ біртіндеп еніп келе жатқан салт-дәстүрлер.
Енді қазіргі салт-дәстүрлер арасында керегі жоқ, артық, пайдасынан зияны көп дәстүрлер жайында айта кетсек. Әдет-ғұрыптар ішінде күні өткен, кертартпалық рөл атқаратындары да бар. Бүгінде басқа жақтан, басқа елден бізге енген «әдет-ғұрыптар» бар. Сонымен қатар, бұрындары басқа мақсатпен, басқа мағынада, бөлексебеппен қолданылған, қазіргі таңда бұрмаланып, өзгеріп, өзінің бастапқы мән-мағысын, қадірін жоғалтқан дәстүрлеріміз де жетерлік. Алдымен өзге елден енген бөтен салт-дәстүрлерді айта кетсек. Мысалға алар болсақ, үйлену тойындағы өзгерістер. Бұрынғы замандарда әр бас қосу, әр жиын-той қазақ еліне тән, салт-дәстүрлерге сай өткен. Ал қазір ше? Қазір тойлардың өз салт-дәстүрлері қалыптасқандай . Соның ішіндегі сорақы дәстүрлерді ерекше айтып кетер едім.
Қыздың аяқ киімін жасыру
Бұл дәстүр де Еуропадан келген. Рим империся үш жаугершілік заманда ер адам аз, айелдер көп болғандықтан, жаулап алған сарбаздарға қыздарды алып қашуға рұқсат берілген. Кейіннен қыз емес аяқ киімін алып қашу сияқты көңілді мерекеге айналған деседі. Мұның өзінде де туфлиді күйеу бала қайтарып алу үшін өз өнерін көрсету шарт болған. Қазірде бұл салт мүлдем басқа арнаға бұрылып кеткендей. Тойда қайтсек те күйеу жақтан ақша табу мақсатымен жас бала-шағаға дейін мен ұрлаймын деп талас-тартысқа түсетініне куә болдым. Сонан соң үлкен қаражат сұрап, үлкендердің үйретуімен қыз сауда жүргізе бастауы тіптен өте дөрекі көрінетіні анық.
Келіннің өнер көрсетуі
Бұл дәстүр тіптен керек емес деп ойлаймын. Келіннің құрбылары деген
атақпен бірдей киініп, ортаға шығып
келінмен бірге билеуі бұл тіптен
болмысымызға жат дүние екенін
мойындауымыз керек. Қазақ халқының болашақ келінін жеңгесі ертіп келіп,
ибалықпен, инабаттылықпен сәлем
салып, көзін жоғары көтерместен,
ұяңдықпен отыруының өзі ерекше
тәрбиелілігін, мәдениеттілігін білдірсе
керек.
Тойда гүл лақтыру
Бұл дәстүр Еуропадан келген екен. Ертеректе тіптен күйеуге шығуға асық болған қыздар жұғысты болсын деп, қалыңдықтың көйлегін жыртып, әркім өзіне бір қиқымын алып қалуға тырысып, жұлысқан екен. Кейіннен бұл дәстүр тым сорақы көрініп, гүл лақтыруға көшкен деседі. Ал бұл дәстүрдің біздің санамызға еніп бара жатқандығы сондай, гүл шоқтары үшін қыздар бір-бірінің шашын жұлысып, етектерін түріп, жығылып – сүрініп жатқанда жағаңды ұстаудан басқа амалың қалмайды.
Жауап-ешқандай.