«Alphabet холдингі» 

 «Біз басында ақылға қонымсыз болып көрінетін жұмыстар істедік. 

Қазір біздің компания жақсы жұмыс істеп жатыр,

 дегенмен біз оны одан ары дамытқымыз келеді»

Ларри Пейдж

Alphabet Inc. — Калифорнияда орналасқан холдинг. Құрылғандығы туралы 2015 жылы 10 тамызда жария етілді. Басшылығында —Ларри Пейдж және Сергей Брин. Айта кетейік, Google компаниясы 1988 жылы 2 қыркүйекте құрылды. Google іздеу жүйесін Стэнфордский университетінің аспиранттары Ларри Пейдж және Сергей Брин жасап шығарды.Google  акциялары толығымен Alphabet  есебіне өтеді. Ал Alphabet корпорациясын Google-дің қазіргі басшылары басқарады. Атап айтқанда,  Ларри Пейдж бас директор қызметіне өтсе, Сергей Брин холдингтің президенті қызметіне ауысады. Одан бөлек, жаңадан құрылған холдингтің қаржы директоры қызметіне Google қаржы айналымына жауапты болған Рут Порэт тағайындалады. Ал Эрик Шмидт атқарушы директор қызметінде қала береді. Ал Google бөлімшесінің бас директоры қызметіне Сундар Пичаи (Sundar Pichai) ұсынылып отыр. Ол бұған дейін Google өнімдеріне жауапты вице-президент қызметін атқарған. Айта кетсек, Google бөлімшесінің құрамында Chrome іздеу браузері, Youtube видеохостингі мен Android опреративті жүйесі қала береді. Ал ғылыми зерттеу институттары мен жүргізушісіз көлік құрастыруды дамыту зертханасы дербес бөлім ретінде қайта құрылады. Ларридің мәлімдемесіне орай, Alphabet корпорациясының құрамына кірген әрбір бөлімнің жеке-жеке басшысы (бас директоры) болады.

Alphabet холдингтің құрамына кіретін дербес бөлімдер:

  • Google X (өзін-өзі басқаратын көліктер, жүкі тасымалдаушы дрондар мен интернетпен қамтамасыз етуші спутниктер).
  • Google (Chrome, Youtube, Android және өзге де интернет қызметтер).

Nest (смарт термостаттар).

  • Google Fiber (кабельді телеканалдар мен тұрақты интернет желісі).
  • Calico – California Life Company (Биотехнологиялық даму зертханасы).
  • Life Sciences (контанктілік линзалар мен смарт-көзілдірік).
  • Google Ventures (стартаптарды қолдау басқармасы).

Корпорацияның іздеу бөлімі, YouTube видеохостингі мен басқа да веб-компаниялар өздерінің ғылыми-зерттеу және инновациялық бөлімшелерін бөлу үшін құрылымын өзгертеді.                                                                                                                              Alphabet 2016 жылдың 1 ақпанынан, Apple компаниясын асып түсіп, нарықтық капиталдандыру бойынша әлемдегі ең ірі компания болып отыр . Алайда, екі күн өткен соң, компанияның құны тағы да Купертино компаниясына жол берді. 15 мамырда Alphabet қайтадан нарықтық капиталдандыру бойынша әлемдегі ең ірі компания болды.

Қазіргі кезде  түсімнің күшті өсуі мобильді іздеу, YouTube, сондай — ақ көптеген жылдар бойы инвестициялаған барлық салалар — жарнама сатып алуды автоматтандыру (programmatic advertising) есебінен дамып  жатыр, сондай-ақ Gmail ай сайын миллиардтаған белсенді пайдаланушылар белгісіне жеткен. Бұған дейін осындай көрсеткішке «іздеу», Chrome, Google Play, YouTube, Android және «карталар»қол жеткізді.

You May Also Like

Наурыз мерекесі эссе

Наурыз мерекесі Наурыз — шығыс елдерінің бүкіл халықтық мейрамы, Ұлыстың ұлы күні.…

Мұрат Мөңкеұлының «Қыз» өлеңіндегі қыз сипаты мен сал-серілер өлеңдеріндегі қыз бейнесін салыстыра талдап жазыңыз, эссе

Мұрат Мөңкеұлының «Қыз» өлеңіндегі қыз сипаты мен сал-серілер өлеңдеріндегі қыз бейнесін салыстыра…

Әрбір адам ұзақ және бақытты өмір сүруге армандайды, эссе

Әрбір адам ұзақ және бақытты өмір сүруге армандайды. Сонымен бірге,  біз осы…

Табиғат жанашыры эссе

«Табиғат жанашыры» Әлемде 8,5 миллиард тонна пластик өндірілген. 1 миллион тоннаға жуық…