Татулығы жарасқан, тағдыры бір халықпыз!

1 мамыр бірліктің, достықтың, татулықтың мерекесі.

«Бірлік түбі – тірлік» – деп атам қазақ айтқандай, халқымыз осы даналықты ту қылып ұстап жүр десек болар.

Айрандай ұйып, бір шаңырақ астында әркім өз салт – дәстүрін ұстанып, тілін, дінін ұстанып отырған елдер некен – саяқ емес пе?

«Бірлік, татулық жанұядан басталады» – деп үйдегі атам бізге үнемі айтып отырады.

Мен осындай бірлігі жарасқан елімді мақтан тұтамын. Тағдыр тәлкегімен елімізге келген басқа ұлт өкілдерін құшақ жая қарсы алған дархан халқымды мақтан етемін.

Елбасы саясатының арқасында бейбіт өмірде, тату елде өмір сүру мен үшін бақыт. Мереке құтты болсын!

Өз ойымды өлең жолдарымен аяқтағым келеді.

Бал жүрек қуана шаттанады

Бірлігіне елімнің мақтанады.

Татулығы жарасып халқымыздың,

Мәңгілік ел, бейбітшілік – сақталады.

You May Also Like

Менің жазғы демалысым, эссе

Менің жазғы демалысым Әр оқушы жазғы демалыс айларын асыға күтеді.  Мен жаз…

Сүйінбай Аронұлының қазақ, қырғыз еліне өткір тілмен, озық оймен танылғандығын мысалдар келтіре отырып, дәлелдеп жазыңыз. эссе

Сүйінбай Аронұлы заманында асқан айтыскер болып танылған дара тұлға. «Ақындардың ақыны, Айдын…

30 years of independence, эссе

30 years of independence This year is the 30th anniversary of  Kazakhstan’s…

Сал-серілердің (әнші-ақындар) өлеңдеріндегі қыз сипатын талдап жазыңыз, эссе

Сал-серілер өлеңдерінде ару қызды, көрікті келіншекті аялау, жақсыларды дәріптеу негізінде жырға қосқан.…