«Мен таңдаған мамандық»

Мамандығы: 07150100 – «Машина жасау технологиясы (түрлері бойынша)»

2 курс ТМ-20-1 оқу тобының студенті  Бертай Артықбай Ерболатұлы

Жетекшісі: Жастар ісі жөніндегі инспекторы Бекбулатова А.Б.

Менің болашақ мамандығым техник-механик. Осы мамандық өзіме қатты ұнайды.

2020 жылы Кентау қаласы, Хантағы елді мекеніндегі №5 орта мектептің 9 сыныбын бітіріп, Кентау қаласындағы Кентау көпсалалы колледжінде 07150100 – «Машина жасау жасау технологиясы»  мамандығына оқуға түстім.

Осы мамандық менің өзімнің сүйген мамандығым. Бұл оқу орнына менің машинаға бала кезімнен жақындығым алып келді десем болады. Мен бала кезімнен әкемнің қасында жүріп көліктерге, көліктерді жөндеуге өте құмар болдым. Әкеммен бірге әрдайым әкемнің көліктерін бірге жөндеп, тіпті әкем менің машинаны айдауды үйреткен болатын.

Менің өмірдегі ең бірінші арманым  – Үздік маман иесі атану, машина жасау саласында елімнің өсіп өркендеуіне өз үлесімді қосу.

Алдағы уақытта мамандығымды жоғарғы оқу орнына оқуға түсіп жалғастырып, жоғарғы білім алып, өз білімімді тереңдету.

Мамандығымды жақсы игеріп, өз кәсібімді ашып, еліме адал қызмет етуді мақсат етіп отырмын.

Осы мақсаттарыма жету үшін бар күш-жігерімді салып, білікті маман атануым қажет.

«Білекті бірді жығар, білімді мыңды жағар» дегендей білімді, білікті азамат болып қалыптасу жолында, отбасыман алған тәрбием, білім алып отырған колледжегі ұстаздарымның берген білімі, тәрбиесі менің алға қарай ұмтылып, жібек арқандай ширауыма септігін тигізуде.

4 comments
Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

You May Also Like

Бойжеткендердің репродуктивті денсаулығын қорғау

Репродуктивті  денсаулық  –бұл  тек  аурулардың  жоқтығы  ғана  емес,  сондай-ақ, ұрпақ  жаңғырту  мен  отбасы  үндестігін қоса  алғанда,  репродуктивті  жүйеге қатысты  физикалық,  психикалық  және  әлеуметтік  толық саулықтың  да  болуы   жайындағы барлық мәселелер жиынтығы.…

Өсімдіктер және жануарлар әлемі

Өсімдіктер әлемі — барлық жаратылыстың ең басты топтың біріне жатады. Себебі өсімдіктерді…

Салық салудың заманауи жүйесі жағдайларында табысты бөлу және пайдалану

Жоспар  Кіріспе  ………………………………………………………………………………………………………  Салық салудың заманауи жүйесінің жағдайында табысты бөлу және пайдалану…

Туған жерім- мақтанышым

Туған жерім- мақтанышым «Туған жер-алтын бесігім» дегендей, туған жерсіз адамның күні жоқ.…