Қажетті өнімдер:
Қамыры үшін:
– 2 сарыуыз;
– 70 г сарымай;
– 1 қапшық кілегейлі печенье (250 г);
– 0,5 стақан «Нестленің» қурғақ таңғы асы.
Сүзбелі қабат:
– 500 г майсыз сүзбе;
– 1 қапшық ванильді ңант;
– 1 шай қасық лимон шырыны;
– 1/3 стақан ңант;
– 2 ақуыз.
Жидекті қабат:
– 500 г мұздатылған жидек;
– 0,5 стақан апельсин шырыны;
– 1 ас қасық бал;
– 1 қапшық желатин.

Сарымайды ерітіп алыңыз. Бөлме температурасында суытыңыз. Сарыуызды ақуыздан ажыратып алыңыз. Ақуызды сақтап қойыңыз. Печеньені қапшыққа салып, оқтаумен ұсақтап үгітіңіз. Сарыуызға ерітілген сарымай қосып, қаймақ сияқты масса болғанша езіңіз. Үгітілген печеньені қосып, араластырыңыз. Ақуызға кәдімгі қант пен ванильді қант ңосып, көпіршітіп езіңіз. Сүзбені қосып, жақсылап араластырыңыз. Духовканы 180 градуста қыздырыңыз. Шеті биік қалыпқа қамырды нығыздап салыңыз. Үстіне үлпекті шеттерін шығара отырып себіңіз. Шетіне 0,5 см тигізбей сүзбені салыңыз. Духовкаға қойып, 25-30 минут қызартып пісіріңіз. Жидектерді ерітіңіз. Бір қасық бал қосыңыз. Шырынын сақтап қойыңыз. Жидектерді суымен бірге апельсин шырынына қосыңыз. Желатинді жидекті массаға қосыңыз. Егер жай желатин қосатын болсаңыз, нұсқау бойынша араластырып, қыздыратын болыңыз. Піскен сүзбе тортының үстіне жидекті массаны салыңыз. Тоңазытқышқа 2 сағатқа салып қойыңыз (Желатинді де көрсетілген нұсқауға қарап қоятын болыңыз). Сүзбе торты дайын!

1 comment
Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

You May Also Like

Балалардағы тіс жарып шыққанға дейінгі тістің қатты тіндерінің тіс жегі емес ақауларының пайда болуы себептері.Алдын алу жолдары

Балалардағы тіс жарып шыққанға дейінгі тістің қатты тіндерінің тіс жегі емес ақауларының…

Нарықтық экономикадағы қаржылық жоспарлаудың ерекшеліктері, курстық жұмыс

Тақырыбы:    Нарықтық экономикадағы қаржылық жоспарлаудың ерекшеліктері Жоспар Кіріспе………………………………………………………………………………………………….. Қаржылық жоспарлаудың теориялық аспектілері…

Қарбыз туралы мағлұмат

Қарбыз Тәтті, хош иісті, шырынды қарбыз кімнің де болсын жаз мезгілінде ең…

Жүктіліктен соң құрсақ терісі созылса

Сіз бұл бетке енді келіп тұрған болсаңыз, осыны басыңыз! 1 стакан суға…