Қажетті өнімдер:
Өнімдер 12 порцияға арналған.
Бисквит:
– 3 жұмыртқа;
– 1 стақан қант;
– 1 стақан ұн;
– шай қасық қамыр қопсытқыш;
– 1 қапшық ванильді қант;
– бисквитке құю үшін – 1 стақан шырын.
Сүзбелі крем:
– 500 г ванильді сүзбе (жылтырақсыз);
– 200 г кілегей (20%);
– қалауыңызша қант;
– 1 қапшық ванильді қант;
– 1 стақан суық суға езілген 30-40 г желатин;
– 100 г құлпынай.
Желе:
– 150 г құлпынай;
– қант;
– 2 стақан құлпынай шырыны;
– 40 гжелатин;
– шоколад тамшылары.

Дайындалуы:
Бисквитті дайындаңыз. Жұмыртқаға кәдімгі қант пен ванильді қант қосып, езіңіз. Қамыр қопсытқыш қосылған ұн қосыңыз. Әбден араластырып, қалыпқа салып пісіріңіз. 20 минут бетін фольгамен жауып, фольганы алып тастап 10 минут пісіріңіз. Духовкадан алып, суытып қойыңыз. 2-3 қабатқа бөліңіз. Соңғы қабатын қалыпқа салып, құлпынай шырынын құйыңыз.
Сүзбелі суфлені дайындаңыз. Желатинді суға езіңіз. Ірімшікке кілегей, ванильді қант қосып, құрамы біркелкі болғанша езіңіз. Желатинді ерігенше ңыздырыңыз. От-тан алып, суытып ңойыңыз. Содан кейін желатинді сүзбелі массаға салыңыз. Жақсылап езіп, бірден бірінші қабаттың үстіне құйыңыз. Осы қабатқа құлпынайдың жартысын салыңыз. Бетіне екінші қабатты салыңыз. Қалған массаны құйыңыз. Соңғы қабаттың бетін жұқалап құйыңыз (5 мм). Тоңазытқышқа салып, 30 минут суытыңыз. Осы уақытта құлпынайды дайындап алыңыз. Әдемілеп тураңыз. Желатинді 2 стақан шырынға салыңыз. Қант қосыңыз. Отқа қойып, қайнатыңыз. Оттан алып, суытып қойыңыз. Тортты алып, бетіне құлпынайды тізіңіз. Үстіне желе құйыңыз. 1 сағат суытып қойыңыз. Шоколад тамшыларымен безендіріңіз.

222 comments
Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

You May Also Like

Проект «Умная теплица»

Проект «Умная теплица» Умная теплица – это полностью автоматизированная конструкция теплицы, призванная…

Қазақстандағы халықаралық туризмнің даму тарихы

Белгілі қазақстандық туризм зерттеушісі В.Н.Вуколов айтқандай, Қазақстандағы туризм дамуы өлкетану негізінде дамыған.…

Дене қуаты қасиеттерін дамыту, Баскетбол допты торға түсіру техникасын үйреті

ДЕНЕ ҚУАТЫ ҚАСИЕТТЕРІН ДАМЫТУ. БАСКЕТБОЛ ДОПТЫ ТОРҒА ТҮСІРУ ТЕХНИКАСЫН ҮЙРЕТУ І. Дене…

Біз – бейбіт елдің ұланымыз, шығарма

Біз – бейбіт елдің ұланымыз! Қазақ деген – батыр халық. Ол еңкейгенде…