Сәбіз қосылган езбе сорпа
Қажетті өнімдер: 400 г сәбіз, 2 ас қасық ұн, 70 г пияз, талғамыңызға қарай тұз, 800 мл етті сорпа, 2 ас қасық сарымай, 2 тал ақжелкен
Дайындалуы: сәбіз бен пиязды аршып, пияз-ды ұсақ төртбұрыштарға, сәбізді бөліктерге тураңыз. Табаны қыздырып, сарымайдың жар-тысын салып, пияз бен сәбізді салыңыз. Аздап тұздаңыз. Орташа отта 5 минут қуырыңыз. Сорпаны қайнағанға дейін жеткізіп, пияз бен сәбізге қосыңыз. Қайнатылған пияз бен сәбізді блендерге салып, езбе жасаңыз. ¥нды құрғақ табада кептіріп, ыдысқа салып, суытыңыз. 100 мл сорпа құйыңыз. Бірыңғай массаға айналғанша шайқаңыз. Сорпаны қайнатып, ұнды қоспа мен езбені құйыңыз. Араластырып, 10 минут бәсең отта қайнатыңыз. Дайын сорпаны тәрелкелерге құйып, қалған сары-майды қосып (1 шай қасықтан), ақжелкенмен сәндеңіз.

213 comments
Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

You May Also Like

Бассүйек-мидың жабық жарақаты (мидың шайқалуы, мидың соғылуы, бассүйекішілік гематомалар)

 ЦРЗ (Республиканский центр развития здравоохранения МЗ РК) Версия: Архив – Аурулардың диагностикасы…

Қайта минералдану терапияның әдістері және заттары

Қайта минералдану терапияның әдістері және заттары Жоспары КІРІСПЕ НЕГІЗГІ БӨЛІМ РЕМИНЕРАЛДАНУ  ТЕРАПИЯНЫҢ…

Педагогтың педагогикалық құзыреттілігі және оның құрылымы

  1.11.Педагогтың педагогикалық құзыреттілігі және оның құрылымы   Ұстаздың педагогикалық шеберлігі мен кәсібилігінің айырылмас…

Шынықсаң шымыр боласың

Денсаулық – бізге берілген ең үлкен байлық. Деніміздің сау болуы біздің барлық өмірімізге…